Қазақстанның этникалық демографиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстандағы ұлт мәселесі

Ұлтаралық қатынас көп ұлтты Қазақстан Республикасында ерекше көңіл аударуды қажет ететін мәселелер қатарына жатады. Қазақстан жерін мекендейтін халықтардың достық, туысқандық қарым-қатынасы, оларды біртұтас мақсатқа жетелейтін жетекші ұлттық мүдде болуы қазіргі саясаттың маңызды бөлігіне айналды. Мұнда Түркия тәжірибесін мысал ретінде алуға болады. Кемал Ататүрік халқын біртұтас ұлттық қозғалысқа біріктіре отырып, ұлттық идеологияны қалыптастырды. Түркияның бүгінгі басшылары Ататүріктің жолын қуып, қазіргі заманға лайықты ізгілікті мақсаттарды көздейтін ұлттық мемлекетке айналған. Қазақстан да жаңа дәуірге бейімделген өзіндік жолын таңдап алды.

Кеңес Одағы ыдырар алдында елде бұрын байқалмаған толқулар күшейді. Н.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» кітабында: «Ең қауіптісі — олар таза ұлттық cипат ала бастады. Ұлт мәселесінің соншалық асқындауы әуелі теориялық дәрменсіздіктен етек алды», — деп жазды. Ал XX ғасырдың соңында тек Кеңестер елінде ғана емес, бүкіл әлемде ауқымды ұлттық оянудың үдере бас көтеруі басталған болатын.

Тоталитарлы жүйе тұсындағы жалпы мемлекеттік саясатқа эклектизм, яғни қарама-карсы әр түрлі философиялық көзқарастарды, теориялық алғышарттарды, саяси тұжырымдарды қалай болса солай дәйексіз біріктіре салу тән болды. Соның нәтижесінде ұлттарды аға мен ініге теңеу саясаты, келеңсіз көріністер орын алды. Кеңес халқы тоталитарлық-саяси әдістермен біріккен қауым, оның мәдени негізі идеологияландырылған кеңес мәдениеті болды. Сол себепті саяси қатаң тәртіп сол әлсіреген кезде «адамдардың жаңа тарихи қауымдастығы» ыдырап кетті. Кеңес өкіметі құлағаннан кейін бұрынғы ұлт саясатындағы бір ұлтты жоғары қою арқылы, екіншілерін төмендету, екінші қатарға ысырып тастауға, империялық көңіл күйге, экстремистік әрекеттерге тосқауыл қойылды. Ұлт мәселесі «атылмаған жанартау» болудан қалып, ұлт мәселесінің ақылды, парасатты шешімдерді қажет ететіндігі мойындалды.

Бұл парасаттылықтың астарында әрбір қазақстандықтың өзін, ең алдымен, қазақстандық екендігін, сонан кейін өз ұлтының перзенті екендігін сезінгенде ғана ұлтаралық қарым-қатынастың жоғары мәдениеті қалыптасады. Сонда ғана шынайы ұлттық келісім мен шынайы саяси және қоғамдық тұрақтылыққа қол жеткізуге болады. Ол қазақстандық патриотизмге негізделуі қажет. Ұлтаралық, этностық топтар арасындағы келісім — барша азаматтың нәсіліне, ұлтына, діни сеніміне қарамастан қашанда бір-біріне көмекке келуге әзірлігі, психологиялық тұрғыдан дайындығы, достық қарым-қатынасын бейнелейді.

Қазақстанның даму, өсу, өркендеу жолындағы басым бағыттарының бірі — ұлттық келісім, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің жоғары деңгейі екені даусыз.

Әрине, ұлттық келісімге келгенде, әрбір адамның азаматтық құқы сақталуы шарт екендігі түсінікті. Сонымен қатар елдегі саяси тұрақтылықтың кепілі ретінде ұлтаралық келісіммен бірге халықтың әл-ауқатының жақсаруы да өз әсерін тигізеді.

Қазақстан Республикасындағы ұлт саясатының бағдарламасы саяси тұрақтылықтың кепілі болып қала бермек. Күллі қазақстандықтардың теңдігін қамтамасыз ету үшін әділеттік принципі мен ұлтаралық татулық санасын қалыптастыру маңызды. Осыған орай еліміздегі қазақ ұлты мен басқа этикалық топтардың мәдениетін, жан-жақты дамуын қамтамасыз етудің маңызы зор.

Қазақтар Кеңес Одағы ыдырап, көптеген ұлттық топтардың өз отанынан жырақта қалған жағдайын жақсы түсінеді. Тоталитаризм жылдарында қазақтардың өзі оның зардаптарын басынан өткерді, миллиондаған қазақтар шетелге кетуге мәжбүр болып, демографиялық апатқа ұшырады. Ендеше кеңестік тоталитаризм қазақ халкының басына да орны толмас бақытсыздықтар әкелді. Әрі халқымыздың басым көпшілігі өздерін Қазақстанның азаматы ретінде танитыны айдан айқын. Сондықтан азаматтық қоғам идеяларын жалпы ұлттық идеялармен үйлестіре отырып, республикадағы азаматтық қауымдастықты қалыптастыруға әбден болады.

1999 жылғы Бүкілхалықтық санақ Қазақстан тұрғындарының ұлт құрамында саны жағынан бірінші орында қазақтар, екінші орында — орыстар, үшінші орында — украиндар, төртінші орында — өзбектер, бесінші орында — немістер және т.с.с. болғандығын көрсетті.

Қазақтар Оңтүстік Қазақстан облысында — 13 мың, Алматы облысында — 925 мың, Шығыс Қазақстан облысында — 740 мың, Жамбыл облысында — 640 мың адам. Ал орыстар Шығыс Қазақстан облысында — 700 мың, Қарағанды облысында — 610 мындай, Қостанай облысында — 430 мыңдай, Солтүстік Қазақстан облысында — 360 мыңдай, Павлодар облысында — 330 мың, Ақмола облысында — 330 мың адам орналаскан.

Украиндардың ең көбі Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында шоғырланған. Беларустар Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарына көптеп түрақтаған. Өзбектердің көпшілігі Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады. Немістер Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында топтаскан. Татарлар Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында көптеп мекендейді. Ұйғырлардың көп бөлігі Алматы облысында, дүнгендер — Жамбылда, түріктер Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұрады. КорейлерАлматы облысында, Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, күрділер — Алматы мен Жамбылда, ал тәжіктер, негізінен, Оңтүстік Қазақстан облысында көп шоғырланған.

Тек 1989, 1999 жылғы санақ нәтижелері республикадағы этникалық топтардың қатарында орыстардың үлес салмағы төмендегенін көрсетті. Оған көші-қондық ағымдар, табиғи өсімнің азаюы, әлеуметтік жағдайдың нашарлауы кері әсер етті. Қазақстанға алыс және шетелдердегі қазақтардың көшіп келуі де жергілікті халықтың абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштеріне өзгерістер әкелді.

19891995 жылдардағы орыстардың көші-қондық кері ағымдары қарқынды жүрді, нәтижесінде барлық облыстарда олардың абсолюттік санының азаюы байқалды. Қоныс аударушылардың көпшілігі 19791989 жылдары Оңтүстік Қазақстан, Жезқазған, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарынан шыкса, 19891993 жылдары Маңғыстау, Қызылорда, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Талдықорған, Ақтөбе облыстарынан кете бастаған.

Ал Қазақстандағы жалпы демографиялық жағдайға байланысты туудың кеми түсуі мен оның табиғи өсімге әсер етуі де орын алуда. Оған төмендегідей жағдайлар: қазақтарда көп балалы отбасынан орташа отбасыларға, орыстарда орташа отбасылардан аз отбасыларға ауысу жүріп жатыр. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрмысының шапшаң өзгеруі, көші- конның барлық түрлері және т.б. факторлар ықпал етті. Табиғи өсімнің азайып, өлімнің көбеюін және жастық құрылымның қартаюын 19911995 жылдарда туған балалардың саны кестесінен көруге болады.

Әсіресе демографиялық өсу қарқынының баяулай түсуі, негізінен, қала жұртының, кейіннен ауылдық жерлерде бала санының шектеле бастағанын білдіреді. Ал ұлттар аралас тұратын ірі қалалар мен өндіріс орталықтарындағы халық саны ауылдан келушілер есебінен толығуда, яғни кенттену барысы жылдам жүруде. 1989 жылғы санақ қорытындысы бойынша Қазақстанның 50 қаласының 6-уында ғана қазақтар 50%-дан артады. Қалған қалаларда орыстар мен басқа ұлттар басым. Бірақ алдағы кезеңде кала тұрғындарының ішінде қазақтардың үлесі арта түспек деп күтілуде.<ref>Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык- гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / М.Қойгелдиев, Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 304 бет,суретті. ISBN 9965-36-106-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Kz-hist-stub