Оңтүстік Қазақстан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Қазақстан өңірі Оңтүстік Қазақстан - батыстағы Арал теңізінен шығыстағы Жетісу Алатауына дейінгі және солтүстіктегі Балқаш көлі мен Бетпақдала шөлінен Қазақстанның оңтүстіктегі шекарасына дейінгі үлкен алқапты алып жатқан өңір. Құрамына Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары жатады. Ірі қалалары - Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Талдықорған.

Жер бедері

Аумағының 80%-ы дерлігін шөлді жазықтар және біраз бөлігін Тянь-Шань мен Жетісу Алатауының батыс және солтүстік сілемдері мен тауалды қырқалары алып жатыр. Бұл таулардан Шу, Іле, Қаратал және т.б.кішігірім өзендер басталады. Мол ылғалды, биік таулы аймақ мал үшін шүйгін жайылымдар болып табылатын субальпілік және альпілік шалғандарға бай. Тауалды қырқаларында құнарлы, қалың қабатты лесс шөгінділері тараған. Дәл осы тауалды қырқалары Оңтүстік Қазақстанның экономикалық маңызды ауданы болып табылады:ол жерлерде халықтың көп бөлігі шоғырланған. Бетпақдаланың, Арал маңы Қарақұмының және Қызылқұмының шөлді жерлері сирек қоныстандырылған. Ауданның едәуір бөлігін суармалы егістік, бау-бақша, құнарлы мал жайылымдары алып атыр.

Көлдері

Мұнда ірі көлдердің қатарына Арал, Балқаш жатады. Арал теңізінің деңгейі 1961 жылдан бастап төмендеуде. Теңіздің солтүстік-шығысы (Кіші Арал) бөлектенді. Негізі авкаториясының ауданы бірншама кеміген. Теңіз жағалары 100-120 км-ге қайтқан, құрғап қалған теңіз табаны сортаңға айналып, жағаларын құмдар басқан. Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар жасалды. Халықаралық қор құрылды. Тұрғындарды су басу қаупінен сақтау мақсатында Сырдария өзені бассейнінің сағасындағы өзен суын реттеу үшін Көксарай құрылысын салу көзделініп, 2010 жылы 18 наурызда іске қосылды.

2010-2011 жылдары су тасқыны кезіндегі су қоймасындағы шоғырландаралған ағынның көлемі 2,2 млрд текше метрді құрады. Вегетациялық кезеңнің басталуымен су реттегішті эксплуатациялау ережесіне сәйкес Көксарай су қоймасынан Сырдария өзенінің арнасына құю үшін және Кіші Аралды толтыру үшін су жіберу басталды.

Қатынас жолдары

Теміржол және автомобиль жолдары Оңтүстік Қазақстанды Орта Азия республикаларымен, Батыс Сібірмен және Ресейдің еуропалық бөлігі аудандарымен байланыстырады. <ref>Бейсенова Ә.С., Қирабаев Ә.С. Қазақстанның географиялық атласы.- Алматы: "Атамұра", 2013.- 104 бет. ISBN 978-601-282-832-0</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтары