Кезең

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Геохронологиялық шәкілі Кезең — тау жотасы қырқаларының биік бөліктері мен кейбір төбелердің аралығында орналасқая ояң бөліктер. Олардың едәуір белігі тау жоталарының бір жағынан екінші жағына өтуге мүмкіндік туғызады.<ref>Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.</ref>

Кезең —

  1. тектоникалық немесе эрозиялық-денудациялық генезисті тау жотасы төбелерінің аралығындағы қырқалар;
  2. бар өрісіндегі жоғары қысымды екі атырап пен төмен кысымды екі атыраптың арасындағы кеңістік.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref>

Геологияда

Жер планетасы дамуының және ондағы тіршілік эволюциясының біршама ұзақ нақтылы мерзіміне сәйкес келетін бірегей жержылнамалық (геотарихи) шкала бірлігі; геологиялық эраның құрамбөлігі болып табылады, жекелеген геологиялық жүйенің түзіліп үлгеру уақытына сәйкес келеді. Геологиялық кезең, ұзақтығы, әдетте, ондаған миллион жылдармен өлшенеді төрттік кезеңнен өзгесі), әрбір кезең екі немесе үш геологиялық дәуірге жіктеледі.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Тарихи геологияда

Жер дамуының және ондағы тіршілік эволюциясының біршама ірі де нақтылы мерзіміне сәйкес келетін салыстырмалы жержылнамалық шкала бірлігі. Геологиялық эраның бір бөлігі болып табылады, жеке геологиялық жүйенің қалыптасу мерзіміне сәйкес келеді. Геологиялық кезең ұзақтығы әдетте ондаған миллион жылмен өлшенеді (шамамен 1-2 млн. жыл дан аспайтын төрттік кезең ғана).

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub