Корейлер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Халық Корейлер (өзд. атауы – чосон сарам) — Кореяның байырғы халқы. КХДР-нда 24 млн., Корея Республикасында 50 млн. корейлер тұрады. Сондай-ақ, Ресей Федерациясында 108 мың, Өзбекстанда 184 мың, Қазақстанда 104 мың (1992) корейлер бар. Жалпы саны 81 млн. адам. Антропологиялық жағынан корейлер моңғол тектес нәсілдің шығыс азиялық тармағына жатады. Корей тілінде сөйлейді.

Мәдениеті

Корейлердің ұлттық киімі, көбінесе, ақ матадан тігіледі. Ерлер кең балақты шалбар, күртеше, халат, әйелдер ұзын белдемше, қысқа кофта, дамбал киеді. Дәстүрлі бейнелеу өнері, архитектуралық ескерткіштері, қыштан, балшықтан әшекейлі заттар жасау өнері әлемге әйгілі. Корейлердің дәстүрлі фольклорлық шығармалары, халық әндері, ертегі-аңыздары сақталған. Музыкасы мен би өнері дамыған. Кең тараған музыкалық аспабына комунго, каягым, флейта, барабан жатады. Қазақстанда корейлердің ұлттық-мәдени орталығы, Республикалық корей музыкалық комедия театры жұмыс істейді, корей тілінде газеттер мен кітаптар шығады.

Діні

Корейлер будда дінін ұстанады. Аз ғана бөлігі – христиандар. Ежелгі дәуірде корейлер шамандық сенім ұстанып, табиғат құдыретіне табынған. 3 – 4 ғасырларда Кореяға будда діні таралып, орта ғасырларда конфуцийшілдік күшті ықпал етті. 19 ғасырлардада Кореяға христиан діні де енді, бірақ ол кең тарай алмады.

Шаруашылығы

Корейлердің ұлттық тағамдары – қышқыл дәмді, ащы тұздық қосқан балық пен көкөніс. Корейлер ежелден егін шаруашылығымен айналысып келген. Көбінесе, күріш, арпа, тары, бұршақ дақылын, бау-бақша мен көкөніс егеді. Жібек құртын өсіреді. Теңіз жағалауында балық аулайды. Мал шаруашылығымен қосалқы рөл атқарады. Қыш-құмыра жасау, балташылық, тоқымашылық, тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау қолөнері кең тараған. Қазір жеңіл және тамақ өнеркәсібі, қара металлургия, машина жасау, т.б. ауыр өнеркәсіп түрлері дамыған.

Дереккөздер

<references/>Народы Восточной Азии, М. – Л., 1965. <references/>Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Корейлер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}