Тән

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тән – адам жанының мекені, дүниедегі тіршілігін атқаруға мүмкіндік беретін физикалық денесі. Тән саулығы, тазалығы, сұлулығы адамның сыртқы келбетінен көрініс беретін жағымды қасиеттер ғана емес, сонымен қатар адамның ішкі жан дүниесін сипаттайтын белгі, адам жанының саулығы мен тазалығына негіз болатын алғышарт ретінде танылады. Тән жанмен өзара тығыз байланыстағы, өзара ықпалдастықтағы үйлесімді құбылыстар ретінде көрініс береді. Жанды көзбен көріп, қолмен ұстауға келмейтіндіктен де Тән жанның шұғылаланған сәулесі яки көлеңкесі ретінде немесе жанның барлығын айқындайтын қарама-қарсы құбылыс ретінде де үнемі қатар айтылады. Тән құмары, Тән қызығы, Тән рақаты, т.б. тіркестерде Тән сөзі – нәпсі ұғымының баламасы ретінде қолданылады. “Тән – жанның терезесі” деген түсінік ежелден келе жатқан Тәннің жанмен ықпалдастығын, үйлесімін айқындайтын ұғым. Демек, Тән жанның тек тіршілігі үшін ғана қажет емес, оның көркейіп өсуіне, тәрбиеленіп қалыптасуына, дүниетаным көкжиегінің кеңеюіне ықпал ететін таным көзі. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Сілтемелер

<references /> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}hi:ताजिक ko:타지크족