Университет
Университет (лат. unіversіtas – жиынтық, жинақ) – жаратылыстану, қоғамдық, техникалық, әлеуметтік ғылымдар саласынан кең көлемде жоғары білімді мамандар даярлайтын, көп салалы жоғары оқу орны. Университетте студенттер жан-жақты терең теориялық даярлықтан өтеді. Университетке тән ерекшелік – оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының үйлестіріле жүргізілуі. Алғашқы Университет XII ғ-да Батыс Еуропада пайда болды. Ресейдегі тұңғыш Университет – Мәскеу университеті (1755), байырғы Университеттерге Львов (1661, алғашқыда академия ретінде құрылған), Тарту (1802), Вильнюс (1803), Қазан (1804), Харьков (1805), Санкт-Петербург (1819), Киев (1834) университеттері жатады. Орталық Азияда 1920 ж. Түркістан мемлекеттік университеті (кейін Орта Азия университеті), ҚазМУ (1934, қазіргі ҚазҰУ), Қарағанды мемлекеттік университеті (1972) ашылды. Қазір Қазақстанда 7 ұлттық, 35 мемлекеттік және жекеменшік Университеттер бар.
Мазмұны
Қазақстанның университеттері
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
- Азаматтық авиация академиясы
- Алматы жоғарғы әскери академиясы
- Алматы заң институты
- Алматы техникалық институты
- Алматы технология және бизнес институты
- Алматы технологиялық университеті
- Алматы халық университеті
- Алматы халықаралық журналистика институты
- Алматы энергетика және байланыс институты
- Басқару академиясы
- Нұр-Мүбарак Мысыр ислам мәдениеті университеті
- Сүлейман Демирел атындағы университет
- Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
- Халықаралық бизнес академиясы
- Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы
- Қазақ көлік және коммуникация академиясы
- Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
- Қазақ экономикалық университеті
- Қазақ ұлттық аграрлық университеті
- Қазақ ұлттық консерваториясы
- Қазақ ұлттық медицина университеті
- Қазақ ұлттық университеті
- Қазақ ұлттық өнер академиясы
- Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты
- Қайнар Университеті
- Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті
- ҚМЭБИ
- І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті
АҚШ-ң үздік университеттері
1636 жылы бой көтерген Гарвард университеті
Еуропаның үздік университеттері
Азияның үздік университеттері
<ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>