Азаматтық авиация академиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Университет

Азаматтық авиация академиясы Акционерлік қоғамы – Қазақстандағы авиацияның барлық саласы бойынша мамандар даярлайтын жоғары оқу орны. Академия акцияларының 51%-ы мемлекетке тиесілі.

Ол 1995 ж. Киев азаматтық авиация инженерлері Халықаралық институтының оқу-жаттығу орталығының негізінде Алматыда құрылған.

Азаматтық авиация академиясы инженер-механик, инженер-электрик, радиоинженер, авиация көлігіндегі экономика мен менеджмент, инженер-ұшқыш, борт-инженері, әуе қозғалысын басқару мамандықтары бойынша кадрлар даярлайды.

ТМД елдерінің Халықаралық авиация комитетінің арнайы сертификатын алып (1996), Халықаралық деңгейдегі оқу орны ретінде танылды.

Академияда Қырғызстан, Тәжікстан, Палестина, т.б. елдердің азаматтары да оқиды. Күндізгі және сырттай оқу бөлімдері бар.

70 кәсіби білімі жоғары оқытушылар дәріс береді. Олардың 5-еуі профессор, 20-сы ғылыми кандидаттары, 10-ы 1 сыныпты нұсқаушы (1998). Азаматтық авиация академиясы ҚР Қорғаныс минститрлігінің жүйесі үшін де маман кадрлар (әуе күштері әскерлерінің борт-инженерлерін) даярлайды.

2013 жылы 3 қыркүйекте академия жанынан «Қазақстан және Орта Азия аймақтық авиациялық қауіпсіздік оқу орталығы ашылды». <ref name="Авиақауіпсіздік орталығы">Үлгі:Cite web</ref>


Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер “Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 - том

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Азаматтық авиация академиясы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}