Халықаралық бизнес академиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Университет Халықаралық бизнес академиясы (ХБА)Алматыда орналасқан жоғары оқу орны. Бакалавриат, MBA (іскер әкімшілдік магистрі) және DBA (іскер әкімшілдік докторы) бағдарламалары бойынша экономика мамандарын дайындайды.

ХБА Қазақстанның алғашқы бизнес ЖОО-лардың бірі болып саналады. Бұл оқу орны 1988 жылы Алматы менеджерлер мектебі ретінде құрылып, 1996 жылы Халықаралық бизнес академияға айналды.

Тарихы

Алматы менеджерлер мектебі

1988 жылдың күзінде Алматы қалалық атқару комитетінің қалауымен Союз республикалық кооперативтік бірлестігі құрылады. Бірлестіктің басшысы Леонид Соломин Баянғали Қойшыбаевпен бірге Қазақстанда алғашқы бизнес-мектебін құруға талаптанады<ref name=10let>10 лет на рынке бизнес-образования — это много или мало? // АльПари. — 1998. — № 4. — С. 69—70.</ref>. 1988 жылдың 12 желтоқсанында Союз кооперативтік бірлестігі негізінде Алматы менеджерлер мектебі (АММ) ұйымдастырылады. Оның алғашқы тыңдаушылары партия райкомының мәжіліс залында бір ай оқуға мәжбүр болды. Бірінші кезеңде оқыту қысқа мерзімді курстар түрінде жүргізілді, оларға әдетте жоғары білімі бар адамдар қатысты<ref name=neizbezhno>Эльмира Пашина. Асылбек Кожахметов: «Учиться и учить бизнесу трудно. Но неизбежно» // Вечерняя Алма-Ата. — 11 желтоқсан 1992.</ref><ref name=opening>Rotmistrovsky A. Opening of the World of Entrepreneurship // Kazakhstan. — 10 ақпан 1993. — № 6. — P. 5.</ref>.

1989 жылдың қазанында АММ директоры орнына Асылбек Қожахметов келді, ол осыған дейін бұл мектепте информатика пәнінің оқытушысы болды<ref name=10let/>. 1990 жылы АММ коллективі Халықаралық-бизнес мектептер ассоциациясын ұйымдастыруына қатысты. АММ директоры Асылбек Қожахметов бұл ассоциация кеңесінің мүшесі, сондай-ақ ТМД кәсіпкерлерін дайындайтын мектептер ассамблеясының мүшесі болып саналды<ref name=neizbezhno/><ref name=opening/>.

1992 жылы мектеп MBA бағдарламасы мен басқарушы кадрларға арналған бағдарламаларды құру бойынша жұмысты жүзеге асыра бастады<ref name=neizbezhno/><ref>Юлия Надеждина. Вдогонку за спросом // Вечерний Алматы. — 28 қараша 1994.</ref><ref>Тулеген Издибаев. Менеджер — это звучит гордо // Атамура. — 1 желтоқсан 1994.</ref>. Сонымен АММ Қазақстанның білім беру нарығына MBA бағдарламасын бірінші болып ұсынған<ref name=stanovlenie>Гульмира Арбабаева, Куат Ибраев. Бизнес-образование Казахстана всё ещё находится на этапе становления // Панорама. — 5 марта 2004. — № 9. — С. 12.</ref>.

1994 жылы Қазақстанның экономика министрлігі Дүниежүзілік банктің қаржыландыруымен жүргізілген кәсіпорындарды консультациялау жобасын тендерге шығарды. Тендерге қатысқан алты батыс мекеменің ішінде бесеуі (Еуропалық менеджментті дамыту қоры, Лионның коммерция мектебі, т.б.) АММ-ды ең қолайлы ептеш ретінде атады<ref>Не создавайте выгодную школу бизнеса, создавайте выдающуюся! // Караван. — 7 қазан 1994. — С. 2.</ref>. 1995 жылдан бастап бұл оқу орны Алматы менеджмент мектебі деп аталатын болды<ref name=stanovlenie/>.

1995 жылдың қазан айында американдық «People to People International» ұйымы табысты экономикалық құтаюы мен жаңа қалыптасатын нарықтық қатынастарда дамуы үшін Алматы менеджмент мектебін «Бирмингем факелі» құрметті сыйлығымен марапаттады<ref>Алматинская школа менеджмента. Не просто красивое словосочетание, но пример успеха // Мир деловой книги. — қыркүйек 1996. — № 4. — С. 2.</ref><ref name=proryv>Алевтина Донских. Философия экономического прорыва: 1+1>2 // Казахстанская правда. — 21 желтоқсан 1996. — С. 1, 3.</ref><ref>Эльмира Пашина. Президент Международной академии бизнеса Асылбек Кожахметов: «Дальновидный предприниматель заботится и о прибыли, и о социальной значимости бизнеса» // Казахстанская правда. — 11 қыркүйек 1998. — С. 7.</ref>.

1996 жылы мектеп тұсында «Адам ресурстарын басқару: стратегия мен практика» атты халықаралық конференция өткізілді. Оған дүниенің 15 мемлекетінен 100-ден астам делегат қатысты, солардың арасында экономика министрі Өмірзақ Шөкеев, Қазақстан Президентінің экономика сұрақтары бойынша кеңесшісі Алтай Тілеубердин, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің бірінші хатшысы Онно Симонс, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Найджел Рингроуз және басқалар<ref>Наталья Вержбицкая. Фраза «кадры решают всё» наполняется новым смыслом // Казахстанская правда. — 4 мамыр 1996. — С. 3.</ref>.

Халықаралық бизнес академияға айналу

1996 жылдың 14 қарашасында Қазақстан Республикасы үкіметінің № 1387 қаулысымен Алматы менеджмент мектебі Халықаралық бизнес академияға айналды<ref>Обучение по МСФО: программа вуза // Евразийский вестник аудитора. — қыркүйек 2003. — № 9 (19). — С. 26—28.</ref>. Дәл сол жылы MBA кешкілік бағдарламасының «Корпоративтік менеджмент» мамандығы бойынша өндірістен қол үзбей оқыту басталды<ref name=proryv/>.

1998 жылы Дүниежүзілік банктің Экономикалық даму институты 1998-2001 жылдарға арналған Орта Азия мемлекеттерінің экономикалық саясатын әзірлеу үшін ғылыми-зерттеу базаны құру бағдарламасын жүзеге асыруға ХБА-ны серіктес ретінде шақырды<ref>Лена Ларичева. АШМ отмечает 10-летие на рынке бизнес-образования // Время ПО. — 21 желтоқсан 1998.</ref>.

1999 жылы ХБА канадалық Макгилл университетімен бірге «Кәсіби қаржылық диплом» атты финансистерді дайындау бағдарламасын іске қосуға келісті<ref>Где готовят профессиональных финансистов международного класса? // Банки Казахстана. — 1999. — № 6. — С. 15.</ref>. Сол жылы франциялық HEC Менеджмент жоғары мектебімен ынтымақтастық келісімін жасасып, «Кәсіби басқару мастері» бағдарламасына қабылдау жүргізеді<ref>Адиль Джалилов. Группа слушателей получила сертификаты об успешном завершении программы одной из лучших бизнес-школ Франции // Панорама. — 30 маусым 2000.</ref>.

2000 жылдың 14 қаңтарында Халықаралық бизнес академиясы жаңа ғимаратының (Абай даңғылы мен Байзақов көшесі қиылысында) ресми ашылуы өтті<ref>International Business Academy Opens in Almaty // The Times of Central Asia. — қаңтар 27, 2000.</ref>, оған Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының президенті, ХБА қамқоршылар кеңесінің төрағасы Дәулет Сембаев, Алматы әкімінің орынбасары Қозы-корпеш Жаңбыршин, дипломаттар мен бизнесмендер қатысты<ref>Олег Хе. Состоялось официальное открытие Международной академии бизнеса // Панорама. — 21 қаңтар 2000. — № 31 (369).</ref>. Бұл кезеңде ХБА құрамына экономика саласындағы 8 оқу орны кірген: Алматы менеджмент мектебі, Алматы банкілік оқыту орталығы, «CISKO» желілік пен телебайланыс технологиялар бойынша оқу орталығы, McGill — АММ менеджерлер институты, Экономика мен қаржы институты, Қазақстан маркетинг және менеджмент институты, бизнес-класс, «Өз бизнесіңді бастап, жетілдіре біл» бағдарламасы<ref>Жаннетта Ким. Презентация Международной академии бизнеса // Интернет и Я. — январь 2000.</ref>.

2000 жылдың шілде айында ХБА «Филип Моррис Қазақстан» ААҚ-тан компьютерлерді сатып алуға мүмкіншілік беретін грантты иеленді<ref>Вчера ОАО «Филип Моррис Казахстан» вручил Международной академии бизнеса грант на 10 тысяч долларов для покупки компьютеров, которые пополнят техническую базу учебного заведения // Казахстанская правда. — 13 шілде 2000. — С. 1.</ref><ref>«Филип Моррис» предоставил грант Международной академии бизнеса // Панорама. — 14 шілде 2000.</ref>.

2000 жылы академияда жоғары кәсіби білім беру бағдарламасы енгізілді<ref>День открытых дверей // Білім әлемі. — 15 марта 2004. — № 5 (43).</ref>.

2002 жылы Еуропалық сапа арттыру жүйесі (EQUIS) критерийлерінің негізінде жүргізілген қоғамдық аккредитацияға Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстаннан 65 жоғары оқу орны қатысып, оның 4-уі ғана өтті. Солардың ішінде ХБА да болды<ref>Татьяна Королёва. Лишь 4 из 65 университетов Центральной Азии смогли пройти экспериментальную общественную аккредитацию фонда CAMAN в сфере бизнес-образования // Панорама. — 19 шілде 2002. — № 28.</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2002 жылдың аяғында Республикалық сапа ассоциациясы өткізген «XXI ғасырға — жалпыға бірдей сапамен!» байқауында үздік басқару жүйесі үшін академия «Білім беру» номинациясының жеңімпазы атанды<ref>Алина Гудебская. Ударники капиталистического труда // Технологии управления. — ақпан 2003. — С. 36—37.</ref><ref>Татьяна Половникова. Международная академия бизнеса. Лучший менеджмент // Обучение. — 26 ақпан 2003. — № 8 (38). — С. 6.</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2003 жылы академия HEC Менеджмент жоғары мектебі (Франция) және Лёвен менеджмент мектебімен (Бельгия) бірге International Executive MBA (IE MBA) бағдарламасын құрастырды. Ол 1999 жылдан бері істейтін «Кәсіби басқару мастері» біржылдық бағдарламасының жалғасы болып саналады<ref>Гульмира Арбабаева. МАБ предлагает новую программу MBA, ориентированную на нефтегазовую и энергетическую отрасли // Панорама. — 13 маусым 2003. — № 23 (539).</ref><ref>Matvei Sobolev. French activity increasing in Kazakhstan // The Kazakhstan Monitor. — маусым 13, 2003. — № 23 (40).</ref><ref>Айгуль Абугалиева. Бизнес образование в Казахстане: от обучения до консалтинга // MARKETинг. — желтоқсан 2003. — № 12 (24). — С. 4—16.</ref>.

2003 жылы ХБА-ның Астанадағы өкілдігі ашылды, онда MBA бағдарламалары бойынша оқыту жүргізіледі, корпоративтік семинарлар мен тренингтер өтеді, консультациялық қызмет беріледі<ref name=history>Үлгі:Cite web</ref>.

2003 жылдың шілдесінде ХБА базасында Қазақстан-Еуропалық университеттерді стратегиялық басқару орталығы құрылды, оның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Еуропалық менеджмент дамыту қоры, Қазақстан жоғары оқу орындарының ассоциациясы, Қазақстан кәсіби білім беру мекемелердің ассоциациясы, Орталық Азия менеджмент дамыту қоры (CAMAN)<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Баян Мирханова. Сделать нам ещё предстоит... // Обучение. — 9 шілде 2003. — № 27 (57). — С. 2.</ref><ref>Куат Ибраев. Создан центр по подготовке менеджеров вузов // Панорама. — 27 маусым 2003. — № 25. — С. 10.</ref><ref>Наталья Тодорова. Университеты объединяются // Казахстанская правда. — 26 маусым 2003. — С. 2.</ref>.

«National Business» жорналы 2003 жылы жасаған рейтингке сәйкес, Қазақстанда MBA бағдарламасымен оқытатын бизнес мектептердің ішінде Халықаралық бизнес академиясы ҚМЭБИ пен UIB-ні озып бірінші орынға ие болды<ref>Ерден Шодыров. Рынок MBA в Казахстане // National Business. — қазан 2003. — № 1. — С. 30—33.</ref><ref>Дарья Мустафина. Образование — это ключ для карьеры. По результатам рейтинга журнала «National Business» программы МАБ заняли первое место среди всех программ MBA в Казахстане // Assandi Times. — 16 қаңтар 2004.</ref>.

Бүгінгі тарихы

2009 жылы ХБА президент-ректоры Асылбек Қожахметов «ЖОО-лар атынан ауыл мектептеріне демеу» атты бағдарламаны ұсынды; бұл бастама бойынша Қазақстандағы 144 жоғары оқу орнының әрқайсысына 200 ауыл ауданның ішіндегі біреуін қамқорлыққа алуы тапсырылды. ХБА Айыртау ауданының (Солтүстік Қазақстан облысы) білім беру мекемелері үшін қамқоршы болуды таңдады. Бағдарлама бойынша Айыртау ауданы орта мектептерінің мұғалімдері біліктілік көтеру үшін көктемгі мен күзгі демалыстар кезінде Алматыға ақы төлеусіз шақырылды<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2009 жылдан бастап ХБА жариялаған «ЗачОТ» республикалық байқауы бойынша жыл сайын Қазақстанның білім беру саласындағы өзекті тақырыптарды ең жақсы айқындайтын 20-дан астам журналистер мен БАҚ-тар сыйлықтармен марапатталады<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2009 жылдың күзінде «Даму» қоры өткізген «Бизнес-кеңесші» атты жеке кәсіпкерлерге тегін оқу-әдістемелік көмек көрсету жобасы бойынша ХБА оқытушылары «Экспресс-курс предпринимательства» оқулығын шығарды<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2010 жылдың маусымынан бастап ХБА Business Education Teachers Academy (BETA) халықаралық жазғы сессиясын өткізеді, бұл Қазақстан мен шетелдік ЖОО-лар педагогтарының тұлғалық өркендеуіне және олардың кәсіби дағдыларының дамуына бағытталған шара<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2010 жылдан бастап академия «Ұлытау» мәдени-лингвистикалық лагерін ұйымдастырмақшы болды, бұл жоба қазақ тілін сәйкес тілдік пен мәдени ортаға енгізу арқылы оқытуды көздейді. 2010 жылдың жазында ауыл-лагердің бірінші қатысушылары 83 адам болды, олар — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына енетін компаниялардың бастықтары мен мамандары<ref>Үлгі:Cite web</ref>. 2011 жылы «Ұлытау» лагеріне тағы 60 адам қатысты.

2010 жылы Халықаралық бизнес академиясы Батыс Қазақстанда (Атырау) өз өкілдігін ашты.

2011 жылдың күзінен бастап академия мүмкіншіліктері шектеулі (тіреу-қозғалыс аппараты және көру қабілеті зақымдалған) студенттер мен тыңдаушыларды қабылдай алатын Қазақстанның алғашқы жеке меншікті ЖОО-сы болды, бұл үшін оқу корпусында арнайы дәретханалар, пандустар және лифт жайғастырылған<ref name=ogran>Үлгі:Cite web</ref>.

Оқыту процессі

Халықаралық бизнес академиясында үздіксіз білім беру процессі жүзеге асырылады, ол келесі бағдарламаларды қамтиды:

2009 жылы құрылған ХБА колледжі 7 техникалық пен кәсіби мамандық бойынша дайындау жүргізеді: маркетинг, менеджмент, есеп пен аудит, қаржы, информациялық жүйелер, экономика және бағалау<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

ХБА-ның жоғары кәсіби білім беру департаменті бакалаврларды келесі бағыттар бойынша дайындайды: экономика, менеджмент, есеп пен аудит, қаржы, маркетинг, мейрамхана ісі мен қонақ үй ісі, бағалау, логистика, информациялық жүйелер<ref name=vpo>Үлгі:Cite web</ref>.

Академияның МВА департаменті келесі білім беру қызметтерін көрсетеді<ref name=mba>Үлгі:Cite web</ref>:

  • «Негізгі Менеджмент» қазақстандық МВА бағдарламасы;
  • «Инновациялық-технологиялық менеджмент» қазақстандық МВА бағдарламасы (Наньян технологиялық университетімен бірге, Сингапур);
  • «Негізгі және стратегиялық менеджмент» (Маастрихт менеджмент мектебімен бірге, Нидерланд), бұл бағдарлама қатысушылардың Маастрихт қаласында 2 апта мерзімдік оқытуды ескертеді;
  • «Экономика мен бизнес магистрі» (EADA бизнес мектебімен бірге, Испания), қатысушылар 2 аптаға Барселона қаласына жіберіледі.

Халықаралық бизнес академиясы Еуропалық Одақ пен АСЕАН мемлекеттерінің жетекші бизнес мектептерімен жаңа бірлескен бағдарламаларын ашуды тағы жоспарлайды.<ref name=mba/>.

Академияның DBA бағдарламасы барынша жеке қатысушының талаптарына келтірілген, тыңдаушылар әралуан негізгі және арнайы курс модульдерінен тұратын оқу бағдарламасының вариантын құрастыра алады. Оқыту дәрісханада топтар арасында, жеке түрде ғылыми жетекшінің тәлімгерлігімен және дербес түрде оқытушының қатысуынсыз таңдалған оқу мен ғылыми-зерттеу бағыты бойынша жүргізіледі. Ресей Федерациясының Президенті қарамағындағы Ресейлік халық шаруашылық пен мемлекеттік қызмет академиясымен және Маастрихт менеджмент мектебімен бірге бірлескен бағдарламалар жүзеге асырылады<ref name=dba>Үлгі:Cite web</ref>.

Студенттік өмір

2001 жылдан бастап академияда «Молодые акулы бизнеса» атты ғылыми-практикалық конференция өткізіледі, 2007 жылдан бері ол халықаралық статусты иеленді. Конференцияның ұйымдастырушылары Халықаралық бизнес академиясы және «Dixi!» студенттік ғылыми қоғамы болып табылады<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2001 жылдан бастап академияда студенттік совет жұмыс істейді<ref>Гульдана Тлеубаева. Выборы в студенческий совет // Білім әлемі. — 15 желтоқсан 2003. — № 24 (38).</ref>, оның басқарма мүшелері студенттердің дауыс беруі арқылы сайланады<ref>Серик Темиргалиев. Демократия в отдельном вузе // Время молодых. — желтоқсан 2004. — № 24.</ref>.

2003 жылдан бастап ХБА студенттерінің алдылары жылда өтетін «Алтын ұлу» байқауының 10 номинациясы бойынша марапатталып, жеңімпаздарына оқу төлемінің 10—60% мөлшеріндегі жеңілдік беріледі<ref>Премия «Золотая улитка» // Білім әлемі. — 30 мамыр 2003. — № 11 (25).</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Магия МАБовской культуры // Страна и мир. — 22 сәуір 2004. — № 16 (49).</ref>.

ХБА студенттері Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президент қоры ұйымдастырған «Жастар ғылымда — 2010» II халықаралық форумының үздік ғылыми жұмыс бойынша республикалық байқауларында жеңімпаздар қатарына енді<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Сондай-ақ академия студенттері халықаралық, республикалық, қалалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Жылма-жыл ХБА-да студенттерге арналған әртүрлі байқаулар өткізіледі: «Бизнес-сафари» мен «Бизнес-инкубатор» бәйгелері бойынша ең таңдаулы бизнес-жобалар ұсынған студенттер белгіленеді<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>, Не? Қайда? Қашан? және брейн-ринг интеллектуалды ойындары өткізіледі<ref>Үлгі:Cite web</ref>. ХБА-ның Мансапты жоспарлау орталығы академия студенттерін жұмысқа орналастыру мақсатымен жүйелі түрде вакансия жәрмеңкелерін өткізіп, серіктес компаниялармен алғашқы таныстыруды ұсынады<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Академияда «Primus inter pares» атты студенттік газеті шығарылады, ал 2010 жылы студенттердің бастауымен және «Сорос-Қазақстан Қоры» қолдауымен ХБА-да I студенттік БАҚ-тар ұлттық форумы өтті<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Академияда жылда «Мистер және мисс ХБА» байқауы өткізіледі<ref>Үлгі:Cite web</ref>, сондай-ақ табиғат аясына шығулар<ref>Үлгі:Cite web</ref>, тақырыптық кештер және басқа да бой жаратын шаралар ұйымдастырылады<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>, КВН топтары өнер көрсетеді<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Материалдық-техникалық база

Халықаралық бизнес академиясы Алматыда аумағы 8732,1 м² ғимаратта орналасқан, бұған қоса аумағы 1024 м² спорттық комплексі, 250 автомобилді сыйдыратын тұрақ, 190 орынға арналған асханасы бар. ХБА ғимараты мүмкіншіліктері шектелген студенттер мен тыңдаушыларға техникалық түрде бейімделген, атап айтқанда тіреу-қозғалыс аппараты зақымдалған адамдар үшін оқу корпусында ыңғайлы дәретханалар, пандустар және арнайы лифт орнатылған<ref name=ogran/>.

Оқу орнының кітапханасы 1996 жылы қалыптастырылған, оның бірінші пайдаланушылары Алматы менеджмент мектебінің тыңдаушылары болған. 1997 жылы кітапхана «Еуразия» қорынан грант ұтып алды, «Кітапхана мен оқу залын дамыту» жобасы бойынша грант сомасы техникамен жабдықтауға, кітапханалық қорды керекті әдебиетпен толықтыруға және Интернетке кіру мүмкіншілігін қамтамасыз етуге бағытталғын болатын. 2001 жылы «Кітап қорын қалыптастыру және кітапхананы дамыту» жобасы бойынша берілген грант кітаптар қорының одан арғы дамуына, сондай-ақ кітапхана процестеріне «ИРБИС» бағдарламасын енгізу арқылы көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға жұмсалды. ХБА кітапханасы Қазақстан кітапханалардың информациялық консорциумының мүшесі болып табылады<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Кітапханалық қор 203 мыңға жуық кітапты қамтиды.

2009 жылдың 4 желтоқсанында Алматы әкімі Ахметжан Есімовтың, әйгілі қазақстандық спортшылардың, әртістердің, БАҚ өкілдерінің, ХБА студенттері мен қызметкерлерінің қатысуымен академияның жаңа спорттық комплексі мен клубының салтанатты ашылуы өтті. Рәсімге Олимпиялық ойындарының грек-рим күpeci бойынша чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, жеңіл атлетиканың олимпиялық чемпионы Ольга Шишигина, грек-рим күресінің жастар арасындағы әлем чемпионы және Олимпиялық ойындарының қола жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев, Қазақстан Футбол Федерациясының вице-президенті Сейілда Байшақов және басқалар қатысты<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Үлгі:Clear

Марапаттары, рейтингтері, аккредитациялары

Сурет:IAB. 3 palms. Eduniversal.jpg
Халықаралық бизнес академиясына Edunivesal рейтинг агенттігінің марапатын сыйға тарту.
  • 2009 жылдың желтоқсанында ҚР Білім беру мен ғылым министрлігі Ұлттық аккредитация орталығының аккредитациялау кеңесі Халықаралық бизнес академиясын 5 жылға аккредиттеу туралы шешім қабылдады. ХБА 2009 жылда мемлекеттік аккредитацияға сұраным тапсырған және оны қуаттаған жоғары оқу орындардың алғашқы ондығына кірді<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref name=contur>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.
  • 2008—2010 жылдарда Eduniversal әлемдік рейтинг агенттігі ХБА-ны Қазақстандағы № 1 жоғары бизнес оқу орны деп таныған<ref name=contur/><ref name=bostandyk>Үлгі:Cite web</ref><ref>Светлана Шестернёва. По оценке рейтингового агентства Eduniversal, МАБ стала лучшей бизнес-школой Казахстанa // Панорама. — 12 маусым 2009. — № 22.</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.
  • 2010 жылдың қаңтарында ХБА Орталық пен Шығыс Еуропаның менеджмент дамыту халықаралық ассоциациясының (CEEMAN) бизнестік білім беру сапалылығы бойынша халықаралық сапа аккредитациясын (IQA) 6 жылға иеленген Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орны болды<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.
  • «Самұрық-Қазына» қоры өткізген «Сенім-2010» байқауында ХБА «Екі астананың үздік жұмыс беруші компаниясы (50-ден 250-ге дейін қызметкер)» номинация бойынша 2-ші дәрежелі диплом иеленді<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
  • 2010 жылдың қыркүйегінде академия Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы атынан «Мінсіз» сапа белгісімен марапатталды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
  • 2010 жылдың қыркүйегінде Халықаралық бизнес академиясы Болонья қаласында (Италия) Университеттердің ұлы хартиясына қол қойды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Академия басшылығы

2008 жылдан бастап Халықаралық бизнес академиясының президентом-ректоры Асылбек Қожахметов болып табылады. Ол 1989 жылдың қаңтарынан бері Алматы менеджерлер мектебінің оқытушылары қатарында болды, сол жылдың қазан айынан бастап «Одақ» республикалық кооперативтік бірлестігінің менеджерлер мектеп директоры болып істеді, 1990 жылдан бері — «Алматы менеджерлер мектебі» ұсақ бірлескен кәсіпорнының директоры, 1992 жылдан бері — «Алматы менеджерлер мектебі» ЖШС-тің бас директоры, 1998 бен 2002 жылдар арасында — Халықаралық бизнес академиясының президенті<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Қаржылық пен информациялық демеу қамтамасыздандыру, материалдық-техникалық база мен қоғамдық инфраструктураны нығайту, стратегиялық даму сұрақтарын әзірлеу мен шешу, оқу орны ұжымының мен студенттерінің тұлғалық өркендеуіне мүмкіндік туғызу мақсаттарымен 2009 жылдың желтоқсанында академияда ХБА қамқоршыларының кеңесі құрылды. Кеңестің төрағасы болып Қазақстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті, «Парасат Холдинг» АҚ-ның директорлар кеңесі басқарушысы Ерлан Қожасбай сайланды. Қамқоршылар кеңесіне сондай-ақ Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басқарушысы Серік Аханов, Алматы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов, Қазақстан президентінің жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі, Қазақстан кәсіпкерлері форумының кеңес төрағасы, «Raimbek Group» компаниясының басқарушысы Райымбек Баталов, Astana group ЖШС-тің президенті Нұрлан Смағұлов, «Қазкоммерцбанк» ААҚ директорлар кеңесінің төрағасының орынбасары, Қазақстан Ұлттық банкінің бұрынғы басқарушысы, Қазақстан Үкіметінің экс-вице-премьері Дәулет Сембаев, Қазақстан экономистерінің ассоциациясы қамқоршылық кеңесінің төрағасы, Қазақстан Ұлттық банкінің бұрынғы басқарушысы, Қазақстан Үкіметінің экс-вице-премьері, қаржының экс-министрі Ораз Жандосов және басқа да әйгілі экономистер мен кәсіпкерлер<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>. Үлгі:Clear

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

Үлгі:Таңдаулы мақала