Алматы халықаралық журналистика институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алматы Халықаралық Журналистика Институты — жоғары білім беретін мемлекеттік емес оқу орны. АХЖИ 1992 жылдың тамыз айында ашылған. Оқу сырттай және күндізгі бөлімдерде жүргізіледі. Халықаралық журналистика, дипломат. қызмет және аудармашы мамандықтары бойынша жоғары білімді кадрлар даярланады. Оқу мерзімі — 4 жыл.

Араб, түрік, парсы, корей, қытай, жапон, ағылшын тілдері тереңдетіле оқытылады. Студенттер республиканың белгілі бұқаралық ақпарат мекемелерінде, баспаларда, шетел елшіліктерінде, өкілдіктері мен мәдени орталықтарында өндірістік тәжірибеден өтеді.

Институттың Қазақстан бойынша Талдықорған, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент және Орал қалаларында бөлімшелері бар. Түркия, Иран және Оңтүстік Корея білім орталықтарымен жасалған арнайы келісім шарттар бойынша өзара студенттер алмасу тәжірибеге енгізілген. Институтта компьютерлік оқу орталығы жұмыс істейді. Онда оқулықтар мен әдістемелік құралдар басылып шығарылады. Институттың ғылыми-хабаршысы журналы, “Қазақ үні” газеті шығарылады. Институт бойынша 25 оқытушы дәріс береді. Оның 11-і профессор, ғылым докторы болса, 17-сі ғылым кандидаттары, доцент және аға оқытушылар. Инстутта жалпы саны 500-ден астам студенттер оқиды.

Дереккөздер

Қазақ ұлттық энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алматы халықаралық журналистика институты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}