Қазақ көлік және коммуникация академиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Университет М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясыҚазақстан Республикасының Жоғарғы оқу орны. ҚазККА қазіргі таңда көлік, коммуникация және экономика саласында бәсекеге қабілетті мамандар дайындайды.ҚазККАда оқу мен ғылым үрдісін 65%-тан астамы ғылым докторлары мен кандидаттары дәрежелі жоғары білікті профессорлар, доценттер мен оқытушылар іске асырады. Академияның Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе және Шымкент қалаларында орналасқан колледждері бар.<ref name="test">Қазақ көлік және коммуникация академиясының ресми сайты, Басты бет.</ref>

Тарихы

Академияның тарихы Ташкентте орналасқан Орта Азия теміржол көлігі инженерлері институтының Алматыдағы оқу-консультациялық пункті ашылған сонау 1931 жылдан бастау алады. Бұл оқу-консультациялык пункт 1967 жылғы 1 қазаннан бастап Ташкент көлік инженерлері институтының Алматы филиалы болып қайта құрылды. 1976 жылғы 20 мамырда осы филиалдың негізінде Алматы теміржол көлігі инженерлері институты (АлИИТ) ұйымдастырылды. 1991 жылдың 1 каңтарында Өскемен кұрылыс-жол институтының Алматы филиалының негізінде Алматы автомобиль-жол институты (ААДИ) құрылды. 1996 жылғы 7 мамырда Алматыдағы екі жоғары көлік оқу орнының - Алматы теміржол көлігі инженерлері институты мен Алматы автомобиль-жол институтының - негізінде көлік саласы үшін ірілендірілген жоғары оқу орны - Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы ұйымдастырылды (ҚазККА).

2000 жылғы 23 мамырда Қазақ көлік және коммуникациялар академиясына қазақтан шыққан тұңғыш жол қатынастары инженері, ipi коғам және саясат қайраткері. Tүpкicтaн-Ciбip (Түрксіб) магистралінің жобасын жасаушылардың және құрылысшыларының бipi - Мұхамеджан Тынышбаевтың (1879-1938) eciмi берілді.<ref name="test">Ресми сайт, Басты бет.</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Бастама Үлгі:Уики