Дәуіт Пайғамбар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына

Үлгі:Ислам пайғамбарларыҮлгі:Ислам Дәуіт - Пайғамбар. Исраил қауымы Мұсадан (а.у.)-нан соң 300 жылдан аса Пайғамбарсыз қалып, ғамалиқалардың, арамейлердің және палестиндердің шабуылына тап болып тұрды. Соңғы кездері бәни Исраилдің әміршісі Талут (Шәул) болды. Ол палестиндерге соғыс жариялан, «Таурат» салынған Табутты (сандықты) тартып алды. Осы тұста Исраил қауымынан Дәуіт атты жас баһадүр шықты. Бала жігіт бір соғыста Жалутпен жекпе-жекке шығып, жеңді. Бұған риза болған Талут оған өз қызын қосты. Сан шайқаста жауларды жайратқан Дәуіттің аты шығып, беделі асты. Көп адам енді оны қолбасшы ғана емес, елбасы етуді талап етті. Бірақ ол патша тағына Талут қайтыс болған соң, 30 жасында отырды, 40 жасында Пайғамбарлық қонды. Қауымына Таурат тағлымдарын бұлжытпай орындатты. Аллаһ Тағала оған самауи (көктен түскен) төрт кітаптың бірі Забурды түсірді. Забур - Аллаһның бірлігін, ұлылығын дәріптейтін, өлең үйқасты мадақ (қасида) кітабы. Дәуіт (а.у.) Оны өзінің әсем дауысымен оқығанда тыңдаушылар тебіреніп, төңірек түгел үн қосып кететін еді, деп дәріптеледі. Тәңірі оған темір қорыту өнерін дарытты. Пайғамбар қолында темір қамырдай иленуші еді дейтін риуаяттар бар. Дәуіт (а.у.) темірден қару-жарақ сауыт-сайман соғады екен. Сүлеймен пайғамбар осы Дәуіттің ұлы. Дау-шар, айтыс-тартыста Дәуіт оны жиынға қатыстырып, әділ үкім айтқызып, баулып өсірген. Ибну Жадридің айтуынша Дәуіт жүз жасаған. Құранда бұл есім 16 жерде ауызға алынады.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub