Михраб

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Ryazan oblast Kasimov Khan mosques mikhrab.jpg
Михраб Ханской мечети в г. Касимов, Рязанская облысы, Ресей
Сурет:Созақ мешітінің мехрабы.jpeg
Созақ мешітінің мехрабы

Михраб, әл-Михраб, Махариб (араб. KAohӘ – жиын өтетін жер, әміршілерді қабылдайтын орын, “күрес алаңы”) – мешіт қабырғасындағы Меккеге бағытталған қуыс белгі.

Мінажат етушілерге арналған бұл белгі құбыланы, намаздағы имамның орнын көрсетеді. Ислам тарихында алғаш Михраб қазіргідей қуыс емес, біртегіс болып, мешіттің солтүстік қабырғасына салынған. Құран Кәрімдегі: “Аспанға қарап, қыбла іздей бергеніңді көрдік. Өзің ұнататын тарапты қыбла етеміз. Енді жүзіңді Мәсжид әл-Харам жаққа бұр. Мүминдер, қай жерде жүрсеңдер де, жүздеріңді сол жаққа бұрыңдар” (Бақара сүресі, 144) деген аят түсірілгеннен кейін михраб бағыты әл-Ақса мешітінен әл-Харамға, яғни оңтүстікке ауыстырылды. 88 жылы (хижра бойынша) әл-Уалид ибн Абд-ул-Мәліктің нұсқауымен Мединедегі Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) мешіті толығымен жаңартылып, михраб қуыс үлгісінде салынды. Осы кезден бастап барлық мешіттерде михрабтар қуыс үлгісінде салынатын болды. Жартылай шеңбер немесе жарты ай түрінде, кейде төртбұрышты келіп, керегелері мен жақтаулары, маңдайшасы мен босағасы бедерлі нақыштармен, түрлі-түсті кірпіштермен көмкерілді. Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи мешітіндегі михрабтың жақтау керегелері араб жазуы аяттарымен, мозаикамен өрнектелген.Ол мешіттің намаздық бөлмесіндегі құбылаға қараған қабырғасынан ойып жасалады. Оның жобасы жарты ай, немесе жебеге ұқсас, кейде төрт бұрышты болып келеді. Михраб босағасы мен мандайшасыбедер-накыштармен(ағашқа, мәрмәрға, т.б. түсірілген) безендіріледі.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Михраб|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}