Марсель Пруст

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Жазушы Марсель Пруст (Үлгі:Lang-fr; 10 шілде 1871-18 қараша 1922) <ref>История французской литературы. Том IV. Издательство Академии наук КСРО. Москва - 1963.</ref>- француздық жазушы, новеллашы, эссеші. Оның шығармашылығы XX ғасырдағы француз романының дамуы кезеңінде өзгерісті, дағдарысты оқиға болды. Шығармалары 1912-1922 жылдары, яғни 1914-1918 жылдарда болған соғыста құты қашқан Францияның идеологиялық жағдайы және оның әлеуметтік зардабы тұсындағы он жылда пайда болған. "В поисках утраченного времени" ("A la Recherche du temps perdu") көп томдық романдар топтамасы қазіргі заманғы әдебиеттегі реалистік әлеуметтік романдардың дәстүріне қарсы келетін модернистік романның негізін қалады.

Өмірбаяны

  • Марсель Пруст 1871 жылы 10 шілде айында Париж қаласында, денсаулық сақтау министрлігінде жоғары лауазымда болған, белгілі дәрігер отбасында дүниеге келеді. Марсель бала кезіне ауыршаң, әлжуаз болып, тоғыз жасынан бастап демікпе ауруына шалдығады.
  • Лицейді бітіргеннен кейін Сорбоннға заң факультетіне түседі. Анри Бергсонның 1889 жылы шыққан "Непосредственные данные сознания" еңбегі Марсельдің болашақ жазушылығына ықпал етеді.

Шығармашылығының бастауы

  • Университетті бітіргеннен кейін Пруст бірнеше жылдар жайбарақат, ақсүйектік өмір кешіп, өнерге көңіл қояды, әдеби салондарды қатынайды. Сондай салондардың бірінде жастар тобы құрған "Банкет" атты журналға Пруст кітаптар туралы жазбаларын жариялайды. Бұл жазбаларынан оның бейнешілікке (символизм), әр түрлі декадентшілдік (XX ғасырдың басында буржуазиялық көркем әдебиетте, көркемөнерде кейінде өте дарашылдықты ұстаған кертартпа реакцияшыл ағым) мектептерге бейтарап екендігі білініп тұрды. Біраз жылдар кейінірек "Фигаро" журналына ұлы ақсүйектік париждік салондар туралы мақалалардың бірнешеуін жариялайды.
  • 1896 жылы Пруст негізінен "Банкет" және "Ревю бланш" журналдарында жарияланған "суреттемелер", "нобайлар", "этюдтарынан" жинақталған "Утехи и дни" ("Les Plaisirs et les jours") атты кітабын шығарады.

"В поисках утраченного времени" романдар жинағының жазылуы

Сурет:Қолжазба.jpg
"Содом и Гоморра" романының қолжазбасы
  • 1906 жылы кейіннен "В поисках утраченного времени" ("A la Recherche du temps perdu") жинағына енгізілген алғашқы романдар қатары құрылады. Табанды жұмыс істеп, 1912 жылдың басына қарай алғашқы үш томдық жинақтың нұсқасын жазып бітіреді. Алғашқы "В сторону Свана" ("Du Cote du chez Swann ") атты романын жариялау қиынға түседі. "Ақсүйектік дилетант" шығармасы деген желеумен басылымдар басудан бас тартқан соң, 1913 жылы Пруст өз қаржысына Грассада бастырады, бірақ кітап көпшілікке ұнамайды.
  • 1914-1918 жылдардағы соғыс романның келесі жинақтарын жариялауды бес жылға тоқтатады. Соғыс біткеннен кейін "Нувель ревю франсез" Прустің екінші "Под сенью девушек в цвету" ("A l‘Ombre des jeunes filles en fleur") романынан үзінділер баса отырып журналдарының жаңа қатарларын шығарады, ал 1919 жылы "Нувель ревю франсез" тобымен байланысты Галлимар баспасы романды толығымен шығарады. Осыдан кейін Пруст белгілі болып, роман "Академия Гонкуров" сыйлығын алады. Көп кешікпей Пруст Почетный Легион орденімен марапатталады.
  • 1920 жылы романның "Стороны Германтов" ("Le Cote des Guermantes") жинағының бірінші бөлімі, 1921 жылы - екінші бөлімі шығады.
  • 1920 жылы сонымен қатар "Содом и Гоморра" ("Sodome et Gommorrhe") жинағының бірінші томы жарық көреді.
  • 1922 жылы "Пленница" ("La Prisonniere") және "Беглянка" ("La Fugitive") атты жаңа томдары қосылған "Содом и Гоморра"жинағының екінші томы шығады.
  • 1922 жылы 18 қарашада Пруст қайтыс болғаннан кейін төрт жылдан кейін, яғни, 1926 жылы "Обретенное время" ("Le Temps retrouve") шығармасы жарық көреді.

Кейін "В поисках утраченного времени" романдар жинағы Прустің жарыққа шықпаған үзінділерімен толықтырылады:

    • 1950 жылы - "Против Сент-Бева" ("Contre Sainte-Beuve") мақаласының үзіндісі;
    • 1952 жылы - "Жан Сантейль"("Jean Santeuil") аяқталмаған повесі;
    • 1953 жылы - Прустің 1887-1905 жылдарда анасымен өзара жазысқан хаттары енгізіледі.

Марапаттары

  • "Академия Гонкуров" сыйлығы
  • Почетный Легион ордені

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>