Модерн
Модерн<ref>ОрыАҚШ-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref> , модерн стилі (Үлгі:Lang-fr – ең жаңа, қазіргі) – XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Еуропа және Америка елдері өнерінде орын алған стильдік ағым.
Модерн Бельгия, Ұлыбритания мен АҚШ-та – “жаңа өнер”, Германияда – “югенд-стиль”, Австрияда – “сецессион стилі”, Италияда “либерти стилі”, Испанияда – “модернизм” деген атпен белгілі.
Ол символизм мен эстетизм идеяларын, Ф.Ницшенің “өмір философиясын” дамытты.
Модерн өкілдерінің (У. Морристің социалдық утопиясына сүйенген бельгиялық археологиялық әрі дизайнер Х.К. ван де Велде) пікірлеріне қарағанда ол қоғам құруға ықпал жасарлық жаңа өмір стилі, адам баласына эстетикалық ләззат алар орта мен тұрмыс жағдайын туғызу, байырғы дәстүрден бөлек, қазіргі конструкцияларды пайдалану арқылы өнерге жаңа жол салу болып табылады.
Мазмұны
Модерн стильдегі архитектура
Модерннің негізгі принциптері – қоғамға сай ғимараттар тұрғызу, өнер арқылы дүниені өзгертуге талпыныс жасау. Модерн XX ғасырда архитектураның дамуына елеулі ықпал жасады. Ол сәулет өнеріне конструкциялықты, көркемдік бірлікке, функциялыққа негізделген еркін жобалауды, жаңа құрылыс материалдарын (темір, бетон, шыны, табиғи тас, жылтыр кірпіш, жұқа тақтай, кенеп) жан-жақты пайдалануды әкелді.
Қала салу ісіндегі бір жүйелілік пен Сурет:Симметриялыққа модерн сәулетшілері алдыңғы жағы әр түрлі ғимараттарды кеңістікке еркін орналастыруды қарсы қойды. Жаңа техника әкелген түр тудырудың мол мүмкіндігі ғимарат бейнесін көркейте түсудің басты құралына айналды.
XX ғасырдың бас кезіндегі кейбір сәулетшілер функционализмді ерекше құптап, ғимарат қаңқасын әсерлей (Германияда П.Беренс, Австрияда О.Вагнер, Францияда Г.Перре, Россияда Ф.О. Шехтель салған ғимараттар) түсуге ден қойды.
Модерн стилінде өрнек салу затты әсемдеумен қатар оның композициялық құрылымын қалыптастыру құралы болып табылады. Бельгия сәулетшілері салған ғимараттар интерьеріндегі толқынды сызық пен өрнек тынысты кеңейтіп, еңсені көтере түседі.
Қондырғылы, сән және қолданбалы өнердің бір-бірімен астаса дамуы – модерн стиліне тән қасиеттің бірі. Ол графикадан да орын алды. Бұл саладағы белгілі суретшілер:
- О.Бердсли - Ұлыбритания,
- Т. Хайне мен Г.Фогелер - Германия,
- Ф.Валлотон - Швецария,
- Э.Мунк - Норвегия ,
- А.Н. Бенуа, К.А. Сомов - Ресей.
Шойын құю
- Гимар, Эктор (Hector Guimard) — Франция
Модерн стильдегi интерьер
Жиhаздың дизайны және интерьердiң заттары
- Луи Мажорель (Louis Majorelle), Эмиль Галле (Emile Galle), Эмиль Андре (Emile André), Эжен Валлен (Eugène Vallin), Камил Готье (Camille Gauthier), Жак Грубер (Jacques Gruber) — Франция;
- Рихард Римершмид (Richard Riemerschmid) — Германия;
- Гюстав Бови (Gustave Serrurier-Bovy), Хенри Ван де Вельде (Henry Van de Velde) — Бельгия;
- Тонет (Thonet), Коломан Мозер (Koloman Moser) — Австрия;
- Франтишек Билек (Frantisec Bilek) — Чехия;
- И. А. Фомин — Ресей.
Қолданбалы және станокты көркемөнер
thumb|right|80px|Ваза мастерской братьев Дом, Школа Нанси, ок. 1900 года
Көркем шыны
- Галле, Эмиль (Emile Galle), Daum Freres — Франция;
- Тиффани, Луис Комфорт (Louis Comfort Tiffany) — АҚШ;
- Loetz — Чехия;
- Вильгельм Вагенфельд — Германия.
Ыдыс, керамика
- Тед Сикорский (Tade Sikorski & Zsolnay Vilmos (ZSOLNAY ART POTTERY) — Венгрия;
- Огюст Делаэрш (Auguste Delaherche), Клеман Массье (Clement Massier), Александр Биго (Alexandre Bigot) — Франция;
- Königliche Porzellan-Manufaktur Berlin (Хандық фарфор мануфактурасы, Берлин, Германия)
- VILLEROY & BOCH — Германия.
Витраж конструкциялары
- Жак Грюбэ (Jacques Gruber), Эктор Гимар (Hector Guimard) — Франция;
- Виктор Орта (Victor Horta) — Бельгия;
- Луис Комфорт Тиффани (Louis Comfort Tiffany) — АҚШ;
- Альфонс Мариа Муха — Чехия.
Iсмерлiк, металл, оймалау
- Gorham — АҚШ;
- WMF, Оривит, Orion Kunstgewerbliche Metallwarenfabrik (Orion) — Германия;
- Арчибальд Нокс (Archibald Knox), Чарльз Хорнер — Великобритания;
- Феликс Бракмонд (Felix Bracquemond), Рене Лалик (Rene Lalique), Жорж Фуке (Georges Fouquet), Эмиль Галле — Франция.
Кітап ісі
Афиша, литография, плакат шеберлері
- А.Тулуз-Лотрек, Э.Грассе - Франция,
- А.Муха - Чехия.
Кiтап иллюстрациясы және графика
- Обри Винсент Бердслей (Aubrey Beardsley) — Ұлыбритания;
- Анри Ван де Вельде (Van de Velde) — Бельгия;
- Теофиль Александр Стейнлен (Theophile Alexandre Steinlen) — Швейцария;
- Йохан Торн Приккер (Johan Thorn Prikker) — Нидерланд.
Кескіндеме мен мүсін өнері
Кескіндеме мен мүсін өнерінде модерн стилі символизммен тығыз байланыста бола отырып, өз алдына көркемдік жүйе жасауға ұмтылды. Дегенмен ол XIX ғасырдағы дәстүрлі үлгіден алшақтап, шарттылыққа негізделген жаңа еуропалық ағымға бой ұрды. Бұл салада понтавен мектебі (П.Гоген бастаған) елеулі рөл атқарды. Модерннің кескіндеме мен мүсін өнері саласындағы белгілі өкілдері:
- Г.Климт - Австрия,
- Ж.Минне, Ф.Конпф - Бельгия,
- М.А. Врубель, Л.С. Бакст - Ресей,
- Э.Мунк - Норвегия,
- Франтишек Билек - Чехия,
- Г.Обрист - Германия.
Суретшілер
- Герда Вегенер — Дания;
- Станислав Выспяньский — Польша;
- Морис Дени, Эдмон-Франсуа Аман-Жан — Франция;
- Густав Климт — Австрия;
- Жорж Леммен, Фернан Кнопф — Бельгия;
- Альфонс Муха — Чехия;
- Наби, Люсьен Леви-Дюрмэ (Lucien Levy-Dhurmer) — Франция;
- Джованни Сегантини — Италия;
- Ян Тороп — Голландия;
- Жорж де Фёр (Йозеф ван Слейтерс) — Нидерланд;
- Фердинанд Ходлер — Швейцария;
- М. А. Врубель;
- А. Н. Бенуа;
- В. М. Васнецов;
- Р. К. Калмаков;
- С. В. Малютин;
- М. В. Нестеров;
- В. Д. Поленов;
- Л. С. Бакст, К. А. Сомов, Мир искусства — Ресей.
- Gustav Klimt 016.jpg
Густав Климт. Поцелуй. 1907—1908 жылдары.
- Fernand Khnopff 002.jpg
Фернан Кнопф. Искусство, или нежность сфинкса. 1896.
- Bakst Uzhin.jpg
Лев Бакст. Ужин. 1902.
- Europe serov.jpg
В. Серов. Похищение Европы. 1910
- Vrubel pan.jpg
М. Врубель. Пан.
- Kuzmin.jpg
К. Сомов. Портрет М. Кузмина.
Модерн қол өнері бұйымдары мен үй жиһаздарын жасауда елеулі жетістіктерге жетті. Қазіргі кезеңде Қазақстан сәулетшілері модерн мен дәстүрлі архитектуралық жетістіктерді ұштастыра отырып, модернді дамытуда үлкен жетістіктерге жетті (қонақ үй, жоғарғы оқу орны ғимараттары, т.б.).<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
ISBN 9965-32-491-3</ref>
Дереккөздер
- Сарабьянов Д.В.
- Стиль модерн. Истоки. История. Проблемы, М., 1989
- Борисова Е.А., Стернин Г.Ю., Русский модерн. Альбом, М., 1989;
- Мидан Ж.-П., Модерн. Франция, пер. с фр., М., 1999.
<references/>