Баспа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:P. Oxy. I 29.jpg
Алғашқы баспа материалдары

Баспакітап, газет, журнал, плакат және т.б. баспа өнімдерін шығаратын кәсіпорын. Ол шығаратын өнім түрлеріне қарай:

  • кітап баспасы
  • газет-журнал баспасы

Тарихы

Көпшілікке арналған алғашқы Баспа өнімдері (діни уағыздар, қолжазба кітаптар) ағаш қабығына, теріге, кейіннен қағазға қолмен көшіріліп жазылған. Ірі қалаларда қолжазба кітапты мәнерлеу өнерімен шұғылданатын арнайы мамандар — көшірмешілер, түптеушілер, миниатюрші суретшілерді топтастырған орталықтар жұмыс істеген (қысқаша Қолжазба кітаптар). Біртекті мәтінді көп данамен тарататын Баспа тарихы Қытайда кітап көбейтудің жаңа әдісі — ксилографияның (ағаштан ойылған қалыппен басу) пайда болуынан басталады (8 — 9 ғасырлар). Осы әдіспен ең алғаш будда дінінің “Жақұт сутра” (868) деген қасиетті кітабы басылды. 10401048 жылдары Би Шен жылжымалы қаріптерді, құйма әріптермен теру процесін ойлап тапты (Еуропаға бұл жаңалық 4 ғасырдан кейін келді). 14 ғасырда Қытайда түрлі-түсті баспа пайда болды.

1340 жылы “Сутраның түсініктемелері” деген кітап 2 түрлі бояумен басылып шықты. Еуропада 1445 жылы неміс өнертапқышы Иоганн Гутенберг кітап басуға алғаш рет жылжымалы құйма әріптерді пайдаланды. Ал, Ресейде 1564 жылы Иван Федоров пен Петр Мстиславец орыс тіліндегі тұңғыш кітап “Апостолды” басып шығарды. 16—17 ғасырларда баспаханаларды ірілендіру, шығаратын өнім көлемін ұлғайту және оны сатуды жүйелі жолға қоюдың қажеттілігіне қарай жекелеген баспагерлер көптеп шықты. Бұлардың қатарында Мануция Альда (Венеция), К.Плантена (Антверпен), Элзевировтар отбасы (Нидерландия), Этьенков және Дидо (Франция) секілді баспагерлерді ерекше атауға болады. 18—19 ғасырларда Баспа саны әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде шапшаң өсті. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Баспалар акционерлік қоғам түрінде құрылып, өз ішінен кітап, газет-журнал Баспаларына жіктеле бастады. Бұл кезеңде Баспа мен баспахана екеуі біртұтас болды. Кітаптар баспахананың өзінде дайындалып, басылып шықты. Қазақ тілінде кітап шығару ісінің тарихы 1800 жылы Қазан қаласында ашылған бірінші Азиялық баспаханадан басталады.

1809 жылы Қазан университетінде баспа ашылады. 19 ғасырда Қазан қаласы Орта Азия және Қазақстан халықтарының мәдени-ғылыми мұраларын жинап, зерттейтін, жарыққа шығаратын орталыққа айналды. Сонымен қатар 19 ғасырдың 2-жартысында Орынбор, Уфа, Ташкент, Санкт-Петербург, Троицк, Астрахан қалаларында да қазақша кітаптар шығаратын баспалар құрылды. Бұлардың ішінде “Ағайынды Каримовтар”, “Шарқ”, “Тұрмыш”, “Умид”, “Урнәк”, т.б. Баспалардың рөлі ерекше болды. Қазақ тіліндегі тұңғыш кітап — Қазан гимназиясы баспаханасы шығарған “Сейфүл-мәлік” қиссасы (1807). 1851 ж. Қадырғали Қадырғали Жалайыридің “Джами-ат-тауарих”, Ы. Алтынсариннің “Қырғыз хрестоматиясы” (1879), “Қамбар туралы поэма” (1882), “Мұхаммед Ханафия” (1882), “Қыз Жібек” (1894), “Қозы Көрпеш хиссасы” (1890), 20 ғ-дың басында “Хисса Біржан сал мен Сара қыздың айтысқаны” (1900), “Хисса Алпамыш” (1901), 1909 жылы А. Құнанбаевтың өлеңдер жинағы, “Қазақтың айнасы” (1910), “Қазақша әліппе” (1910), С. Көбеевтің “Қалың малы” (1913), т.б. кітаптар осы баспалардан шыққан. 1917 жылға дейін қазақ тілінде 700-ге жуық кітап басылды.

Қазан төңкерісінен кейін кітап басу ісі бірден мемлекет иелігіне алынды. “Мемлекеттік баспа туралы” қабылданған декрет (29.12. 1917) бойынша Баспа ісін қайта құруға қажет материалдық-техникалық база мен кітап қорлары мемлекет пен халық меншігіне берілді. 1917 жылдың аяғында БОАК-тың (Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің), Санкт-Петербург, Мәскеу кеңестерінің жанынан Баспа бөлімдері ашылды. Ұлт істері жөніндегі Халық комиссариаты (Ұлт халкомы) құрылды. Оны И.В. Сталин басқарды. Қазақ халқының аса көрнекті саяси қайраткері Т. Рысқұлов орынбасары болды.

19181919 жылдары Баспа жұмысын Оқу халкомы мен Ұлт халкомы құрған Мұсылман істері жөніндегі комиссариат басқарды. Ұлт халкомында 11 бөлім мен комиссариаттар жұмыс істеді. 1918 жылы 12 мамырда бұларға Қырғыз (Қазақ) бөлімі қосылды. 1918 жылы қараша айында өткен мұсылман коммунистердің Бүкілресейлік І сьезінде мұсылмандық ұйымдардың Орталық бюросы сайланды. Бюро құрамына Қазақстаннан Сейтқали Меңдешев енгізілді. Бюро Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тілдерінде әдебиеттер шығаруды қолға алды. Ол 1919 жылы күншығыс халықтары тілдерінде жеті млн жаңа газет, кітапша және бетшелер басып таратты. 1924 жылға дейін Ұлт халкомы жанында екі баспа — Батыс және Шығыс Баспалары жұмыс істеп келген-ді. Шығыс Баспасын Н. Төреқұлов басқарды, ал осы Баспадағы қазақ тіліндегі әдебиеттер бөлімінің меңгерушісі Ә. Байділдин болды. 1924 жылы мамырда жоғарыдағы екі Баспаның негізінде КСРО халықтарының Орталық баспасы (Ортбас) ұйымдастырылды. 1924 жылы 13 маусымда “КСРО халықтарының Орталық баспасы туралы Ереже” бекітілді. Орталық баспамен қатар Түркістан мемлекеттік баспасы (Түркмембас) да қазақ тілінде кітаптар шығарып отырды. Ол 1920 жылы наурыз айында Ташкентте құрылған болатын. “Түркмембас” Орта Азиядағы тұңғыш кітап Баспасы еді. 1921 жылы осы баспадан қазақ тілінде 680570 дана, өзбек тілінде 2147850 дана, түрікмен, тәжік тілдерінде 233800 дана кітап басылып шықты. Қазақстанда алғашқы кітап 1918 жылы басылып шықты. 1918 жылы қараша айында Ордада баспа және аударма бөлімдері ашылды. Бұл бөлімдер “В.И. Лениннің Америка жұмысшыларына хатын”, “РКФСР Конституциясын (Негізгі заңын)”, сол жылы Верныйда (Алматыда) РСДРП(б) Жарғысы мен партия бағдарламасын шығарды. 1920 жылы 3 қарашада Қырғыз (Қазақ) АКСР ОАК-і “Қазақ мемлекеттік баспасы туралы декрет” қабылдады. Сол жылғы 24 қарашада оның ережесі бекітілді. 1921 жылы тамызға дейін бұл баспа ОАК қарамағында болды. 1921 жылы 9 тамызда Оқу халкомы құрамында Мемлекеттік баспаны басқаратын Бас басқарма құрылды. Бұған қоса осы халкомда арнаулы ғылыми бөлім — Академиялық орталық ұйымдастырылды. Орталықтың құрамында ғылыми-әдеби кеңес болды, ол оқулықтар жасаумен, саяси әдебиеттерді тәржімалаумен айналысты.

1921 — 1922 жылдарда Қазақстанда 29 баспахана, бір литография жұмыс істеді. Бір жылдың ішінде Мемлекеттік баспа (Госиздат) тиражы 27 мың дана 20 кітап шығарды. “Қазақстанда баспа ісін қайта құру туралы” Қазақ өлкелік партия комитетінің қаулысынан кейін (22 қазан, 1931) аталған баспа “Қазақстан баспасы” (Казиздат) болып қайта құрылды. Осы жылдары өз алдына Қазақ техникалық баспасы ұйымдастырылды. 1930 жылдан Ресей Біріккен мемлекеттік баспасының (ОГИЗ-дің) Өлкелік бөлімшесі жұмыс істей бастады. Қазақстан Баспаларының саны 4-ке жетті: “Қазақстан баспасынан” Қазақ партиялық Баспасы, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет Баспасы, Комсомол-жастар Баспасы бөлініп шықты. Қазақ техникалық Баспасы “Қазақстан” Баспаның құрамына кірді. Мамандандырылған Қазақфото Баспасы жұмыс істеді. Сол жылдары Полиграфия және баспа Бас басқармасы ұйымдастырылды. 1941 жылдың басында республикадағы барлық Баспалар қосылып, Қазақ біріккен мемлекеттік баспасы аталды (Каз ОГИЗ). Соғыстан кейін Баспалар қайтадан даралана бастады, кейбірі жаңадан ашылды. Соның бірі Қазақстан ғылым академиясының “Ғылым” (1945) Баспасы. 1947 жылы КазОГИЗ-ден Қазақ оқу-педагогика баспасы (кейінгі “Рауан”), 1950 жылы Қазақ мемлеттік көркем әдебиет Баспасы (кейінгі “Жазушы”) бөлініп шықты. Сол жылы Қазақ біріккен мемлеттік Баспасы өзінің алғашқы атын қайта алып, Қазақ мемлекеттік Баспасы болды. Ол 1962 жылы “Қазақстан” аталды. 1962 жылы 1 наурызда Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы әдебиеті Баспасы (кейінгі “Қайнар”) жұмысқа кірісті. 1968 жылы “Қазақ энциклопедиясы” бас редакциясы аталатын аса ірі Баспа дүниеге келді. Өндірістік қуаты өте зор “Дәуір” газет-журнал Баспасының да жұмыс қарқыны арта түсті.

Қазақстан тәуелсіздік алып, нарықтық экономикаға көшуімен байланысты республикадағы Баспалар қызметі мен Баспа ісінің жай-күйі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұрынғы мемлекеттік Баспалардың орнына жеке меншік Баспалар пайда болды. Баспа, полиграфия және кітап саудасы сияқты бұрын бір орталықтан жоспарлы түрде басқарылып, мемлекеттік жоспармен бірыңғай, бір бағытта жұмыс істейтін күрделі сала заман талабына сай өзгерді. Бұрынғы “Қазақстан”, “Жазушы”, “Жалын”, “Рауан”, “Өнер”, “Қайнар”, “Ғылым”, “Білім”, “Санат”, “Балауса”, “Ана тілі”, “Қазақ энциклопедиясы”, “Дәуір”, “Сарыарқа” Баспаларымен бірге “Жеті жарғы”, “Жібек жолы”, “Атамұра”, “Өлке”, “Ел”, “ЕР-Дәулет”, т.б. ондаған жекеменшік Баспалар пайда болды. Қазақстан Президентінің “Мемлекеттік билік органдарының бұқаралық ақпарат құралдарын, мемлекеттік кітап шығару ісін нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде қорғаудың шұғыл шаралары туралы” Жарлығы елдегі Баспа ісінің дамуына бағыт-бағдар берді.<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

сипаты мен бағытына қарай түрленуі

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Баспа|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}