Дәстүр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дәстүр<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref> - (Үлгі:Lang-la - сабақтастық) - әлеуметтік-мәдени мұраның ұзақ уақыт бойына адамдар атадан балаға қалдыратын, әдетке айналған, сол қоғамның немесе әлеуметтік топтың құндылықтар жүйесі мен ережелеріне ұласқан бөлігі. Дәстүр тек мұраның нысандарын ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік мұрагерлік процесі мен оның әдіс-тәсілдерін де қосып алады.<ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref> Олар қоғамның барлық салаларынан көрініс табуы мүмкін, олардың діндегі, ғылымдағы, өнердегі, әдебиеттегі және басқа да салалардағы алар орны ерекше. Қоғамдағы даму салдарынан Дәстүр рөлі біршама төмендейді. Олардың қоғамдық қызметтері индустриалды қоғамға қарағанда, индустрияландыруға дейінгі қоғамда едәуір кең болды. Дәстүр - әдет-ғұрыпқа қарағанда ауқымды құбылыс. Дәстүр рөлін әлеуметтік тұрғыда бағалау нақты түрде жүргізілуі керек. Дәстүрді елемеуге болмайды, ойткені ол қоғамның тарихи дамуының сабақтастығының бұзылуына әкеп соқтырады. Сондай-ақ дәстүрді мүлде шексіздендіруге де болмайды, өйткені ол қоғамның ескірген тұстарын сол қалпында сақтап, оны тұралатып, тоқырауға ұшыратады. Саясаттың ғылымы мен өнері дәстүр мен жаңалықты үйлестіріп, оңтайлы жолын табуда жатыр.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Тағы қараныз

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Салт-дәстүр