Ботаникалық қорықша

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ботаникалық қорықша <ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref> — Қазақстанда өсетін өсімдіктердің сирек кездесетін және бағалы түрлерін қорғау, байырғы қорын қалпына келтіру және экологиялық деңгейін сақтау үшін ұйымдастырылған шағын аумақтар; олар шаруашылыққа пайдаланылмайды, мемлекеттің қорғауында болады.

Қорықшалар

Қазақстанда жалпы аумағы 217 мың га болатын 16 ботаникалық қорықша бар (1991 жылы).

Реті Ботаникалық қорықша Ұйымдастырылған жылы аумағы Орналасқан жері Қорғауға алынған өсімдіктер
1 Орлиногор ботаникалық қорықшасы 1971 3,5 мың га Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы Қызыл қау, сәбізшөп сияқты дала өсімдіктері мен қайыңды-қарағайлы селдір орман өседі.
2 Төменгі Тұрғысын қорықшасы 1978 2,2 мың га Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы Өсімдік жамылғысы Оңтүстік Алтай мен Күршім тауына тән. Шыршалы-қарағайлы ормандар, бұталы өсімдіктер (Алтай доланасы, қызыл долана, итмұрын мен қалампыр, т.б.) өседі.
3 Қаратал құмы қорықшасы 1978 1,3 мың га Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы Бұқтырма бөгені жағалауының флорасы (шырғанақ, тікенжиде, т.б.) қорғауға алынған.
4 Қапшағай қорықшасы Қапшағай аңшылық-қорық шаруашылығы құрамында ұйымдастырылған.
5 Ақдала қорықшасы 1977 3 мың га Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы Дермене және жусанды-сораңды эфемер өсімдіктер тобы қорғауға алынған.
6 Бөріжар қорықшасы 1977 1,4 мың га Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы Дермене және жусанды-сораңды эфемер өсімдіктер тобы қорғауға алынған.
7 Жамбыл қорықшасы 1977 8,3 мың га Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы Дермене және жусанды-сораңды эфемер өсімдіктер тобы қорғауға алынған.
8 Шалдар қорықшасы 1977 2,6 мың га Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы Дермене және жусанды-сораңды эфемер өсімдіктер тобы қорғауға алынған.
9 Темір қорықшасы 1977 4 мың га Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы Дермене және жусанды-сораңды эфемер өсімдіктер тобы қорғауға алынған.
10 Үржар қорықшасы 1971 120 га Шығыс Қазақстан облысы,Үржар ауданы Тарбағатай тауының өсімдік дүниесі өседі.
11 Атлет қорықшасы 1971 112 га Шығыс Қазақстан облысы,Үржар ауданы Тарбағатай тауының өсімдік дүниесі өседі.
12 Солдат жырасы қорықшасы 1971 156 га Шығыс Қазақстан облысы,Үржар ауданы Тарбағатай тауының өсімдік дүниесі өседі.
13 Тораңғылы қорықшасы 1971 48 га Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы Балқаш көлінің солтүстік жағалауы мен Тоқырауын өзені бойындағы реликтілік тораңғы тоғайлары, Шренк тобылғысы, қайың, көк терек ормандары мен жатаған арша бірлестіктері сақталған.
14 Бектауата қорықшасы 1971 0,5 мың га Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы Балқаш көлінің солтүстік жағалауы мен Тоқырауын өзені бойындағы реликтілік тораңғы тоғайлары, Шренк тобылғысы, қайың, көктерек ормандары мен жатаған арша бірлестіктері сақталған.
15 Қоғашық қорықшасы 1971 15 мың га Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы Балқаш көлінің солтүстік жағалауы мен Тоқырауын өзені бойындағы реликтілік тораңғы тоғайлары, Шренк тобылғысы, қайың, көктерек ормандары мен жатаған арша бірлестіктері сақталған.
16 Берікқара қорықшасы 1971 3,1 мың га Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Берікқара терегі, грейк қызғалдағы және т.б. өсімдіктер қорғауға алынған.
17 Қарақоңыз қорықшасы 1971 3,1 мың га Жамбыл облысы, Қордай ауданы Сиверс алмасы, алша, жабайы жүзім, Семенов үйеңкісі және т.б. өсімдіктер өседі.

Дереккөздер</span>

<references/>