Берікқара қорықшасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Берікқара шатқалы – республикалық маңызы бар кешенді мемлекеттік табиғи қорықша. 1986 ж. Жамбыл облысының Жуалы ауданында құрылған. Аумағы 17,5 мың га. Берікқара шатқалы Қаратаудың Билікөл маңындағы өсімдіктер мен жануарлардың реликт және эндемик түрлері көп кездесетін өңірде орналасқан. Қорықшада сирек кездесетін Семенов үйеңкісі, Сиверс алмасы, согдиана шағаны, т.б. өседі. Мұнда әсіресе берікқара терегіне ерекше мән берілген. Өйткені қазір бұл терек тек Қазақстанда ғана сақталып қалған. Реликт түр болғандықтан берікқара терегіне Канада ботаниктері үлкен көңіл бөлуде. Олар 4 жыл сайын келіп, теректің өсу ерекшелігін зерттеп отырады. Өсімдіктің 51 түрі қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Қорықшада торғайдың сирек кездесетін, қауырсындары құлпырып тұратын түрі – жұмақ шыбыншы қорғалады. <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Берікқара қорықшасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}