Қорғау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қорғау (Защита; protection, security, lock out) — есептеу жүйелерін тұтастай не жекелеген бөліктерін қолдануды немесе оларға қатынас құруды шектеу құралы; программаларға немесе мәліметтерге рұқсатсыз қатынас құрудың заңдылық, ұйымдастыру және техникалық, сондай-ақ программалық сақтық шаралары.

Вирустан қорғау

Вирустан қорғау (Защита от вирусов; virus protection) — машиналық файлдарда компьютерлік вирустардың пайда болуына қарсы қолданылатын программалық құралдар мен шаралар жиынтығы.

Жадты қорғау

Жадты қорғау (Защита памяти; memory protection) — жадтың қандай да бір аймағын оны қолданудан сақтайтын программа ішіндегі код.

Жазудан қорғау

Жазудан қорғау (Защита от записи; write protection) — мәліметтерді жазу амалын орындау үшін файлға қатынас құруға тыйым салу. Бұл жағдайда мәліметтерді тек оқуға болады.

Жүйені қорғау

Жүйені қорғау (Защита системы; file security) — қ. Мәліметтерді қорғау.

Көшіруден қорғау

Көшіруден қорғау (Защита от копирования; copy protection) — дискіге немесе таспаға көшіргізбейтін жүйе. Қорғалған программалы дискіде стандартты құралдармен көшіру кезінде жойылатын кодталған ақпарат (кілт) болады. Кілт болған жағдайда ғана қорғалған программа іске қосыла алды.

Криптографикалық қорғау

Криптографикалық қорғау (Криптографическая защита; cryptographical security) — шифрлау (кодтау) тәсілімен мәліметтерді қорғау.

Қатеден қорғау

Қатеден қорғау (Защита от ошибок; error protection) — қателіктерді анықтау және жөндеу кодтарын пайдалану; алдыңғы амалдардың орындалу дұрыстығын тексеру әрекеті; аргументтердің мүмкін мәндерін тексеру.

Мәліметтерді қорғау

Мәліметтерді қорғау (Защита данных; data protection (security) — мәліметтерді өңдеу жүйелерінде мәліметтердің даналарына немесе типтеріне қойылған шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, программалық, техникалық тәсілдер және құралдар.

Оқудан қорғау

Оқудан қорғау (Защита от чтения; write protection) — мәліметтерді оку үшін файлға қатынас құруға тыйым салу. Бұл жағдайда мәліметтерді тек жазуға болады.

Пайдаланушылардың құқын қорғау

Пайдаланушылардың құқын қорғау (Защита прав пользователей) — программалар мен мәліметтерге қажетті уақытта кедергісіз қатынас құруға және олардың мәліметтерін басқа адамдардың пайдалануынан сақтандыруға бағытталған ережелер, әдістер мен құралдар жиынтығы.

Парольмен қорғау

Парольмен қорғау (Защита паролем(с помощью пароля); password protection) — мәліметтерге қатынас кұру үшін пароль енгізуді талап ететін мәліметтерді қорғау тәсілі.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған, түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Ішкі сілтемелер

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қорғау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}