Азия ойындары
Үлгі:Спорттық іс-шара Азия ойындары, Азияда – төрт жыл сайын 1951 жылдан бері Азия елдерінің барлығында өткізілетін спорт жарысы. Ойындардың жалпы ұзақтығы – ашылу және жабылу салтанатын қоса алғанда, кем дегенде 7 және 16 күннен артық емес. Ойын Халықаралық Олимпиада комитетінің қадағалауымен Азиялық Олимпиада кеңесімен реттеледі. Азия ойындарының эмблемасы, туы, ұраны мен әнұраны осы кеңес меншігі болып табылады.
Мазмұны
Тарихы
Азия ойындарының пайда болуы
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Азияның бірнеше елі тәуелсіздік алды. Көптеген жаңа ел өзара түсіністікті нығайтуға көмектесетіндей жарыстардың жаңа түрлерін жасағысы келді. 1948 жылғы тамыз айында Лондонда ХІV Олимпиада ойындарының барысында Үндістан Олимпиада комитеті өзінің басшысы Гуру Дутт Сонди тұрғысында Азия спорт командаларының басшыларына «Азия Атлеттік Федерациясын» құруға келіскен Азия ойындарын өткізу идеясын талқылауды ұсынды. 1949 жылы ақпанда «Азия ойындарының федерациясы» құрылды. Бірінші Азия ойындарын Нью-Делиде өткізуге шешім қабылданды.
Федерацияның құрылуы
1962 жылы федерацияда Тайвань және Израильді қабылдау мәселесі бойынша дау туындады. Ойынды қабылдаушы Индонезия аталған елдерді федерацияға қабылдауға қарсы болды. 1970 жылы Оңтүстік Корея Солтүстік Корея тарапынан болатын қауіпке байланысты ойындарды жүргізе алмады, ойындар Корея қаражатын пайдаланып Таиланд астанасы – Бангкокта өткізілді. 1977 жылы Пәкістан Бангладеш пен Үндістан арасындағы қақтығыс салдарынан ойындарды өткізе алмады. Ойындар тағы Бангкокқа ауыстырылды. Осы оқиғалардан кейін Азияның Ұлттық Олимпиада комитеттері Азия ойындары федерациясының жарғысын өзгерту туралы шешім қабылдады. «Азиялық Олимпиада кеңесі» деп аталған жаңа бірлестік құрылды. Осы кеңес 1986 жылдан бері ойындарды қадағалайды. Тайвань федерацияға қабылданды, бірақ АОК ХОК стандарттарына сәйкес оны «Қытай» (Тайпэй) деп атайды. Израиль шығарылып тасталып, еуропалық жарыстарға қосылды.
Кеңейтілуі
1994 жылы бірнеше елдің қарсы болуына қарамастан АОК бұрынғы кеңес республикаларын ойындарға шақырды. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Тәжікстан.
Ең бірінші және екінші қысқы Азия ойындарын жапон мемлекеті қатарынан екі рет 1986-1990 жылдары өткізді. Алғашқыда спорттың 7 түрінен жарыстар болса, төрт жылдан кейін спорттың 6 түрінен өткізді. Бұдан кейін Қытай мемлекетінің Харбин қаласында 1996 жылы спорттың 7 түрінен 10 мемлекет қатысқан ойындар ұйымдастырылды. Төртінші Азиада алауы 1999 жылы Корей елінің Кангвон қаласында тұтанды. Бесінші Азиада ойынының жалауын желбірету 2003 жылы Жапон мемлекетінің еншісіне тиді. Азиада ойындарын өткізу мәртебесі Қытай еліне 2007 жылы қайта оралды. Енді міне, жетінші алау 2011 жылы Қазақ елінде маздады.
2007 жылы Аустралия АОК-ға кіруден бас тартты, өткені ол Океания ұлттық олимпиадалық комитеттеріне мүше (ал 2015 жылдан Тынықмұхиты ойындарына қатысады).
2010 жылғы Азия ойындарында бірінші рет крикет таныстырылды.
Азия ойындарының тізімі
Жыл | Нөмір | Орын | Күні | Мемлекеттер |
1951 | I | Үлгі:Flagicon Нью-Дели, Үндістан | 4—11 марта | 11 |
1954 | II | Үлгі:Flagicon Манила, Филиппиндер | 1—9 мамыр | 19 |
1958 | III | Үлгі:Flagicon Токио, Жапония | 24 мамыр — 1 маусым | 16 |
1962 | IV | Үлгі:Flagicon Джакарта, Индонезия | 24 тамыз — 4 қыркүйек | 12 |
1966 | V | Үлгі:Flagicon Бангкок, Тайланд | 9—20 желтоқсан | 16 |
1970 | VI<ref>Алғашында Кореяда өтуі тиіс еді</ref> | Үлгі:Flagicon Бангкок, Тайланд (2) | 9—20 желтоқсан | 16 |
1974 | VII | Үлгі:Flagicon Тегеран, Иран | 1—16 қыркүйек | 19 |
1978 | VIII<ref>Алғашында Пәкістанда өтуі тиіс еді</ref> | Үлгі:Flagicon Бангкок, Тайланд (3) | 9—20 желтоқсан | 19 |
1982 | IX | Үлгі:Flagicon Нью-Дели, Үндістан (2) | 19 қараша — 4 желтоқсан | 23 |
1986 | X | Үлгі:Flagicon Сеул, Корея Республикасы | 20 қыркүйек — 5 қазан | 23 |
1990 | XI | Үлгі:Flagicon Пекин, Қытай | 22 қыркүйек — 7 қазан | 36 |
1994 | XII | Үлгі:Flagicon Хиросима, Жапония | 2—16 қазан | 42 |
1998 | XIII | Үлгі:Flagicon Бангкок, Тайланд (4) | 6—20 желтоқсан | 41 |
2002 | XIV | Үлгі:Flagicon Пусан, Корея Республикасы | 29 қыркүйек — 14 қазан | 44 |
2006 | XV | Үлгі:Flagicon Доха, Катар | 1—15 желтоқсан | 45 |
2010 | XVI | Үлгі:Flagicon Гуанчжоу, Қытай | 12—27 қараша | 45 |
2014 | XVII | Үлгі:Flagicon Инчхон, Корея Республикасы | 19 қыркүйек — 4 қазан | |
2018 | XVIII | Үлгі:Flagicon Джакарта және Палембанг, Индонезия | қараша | |
2023 | XIX |
Жалпы медальдар санағы
Ойындар тарихында бүкіл қатысушы 46 ұлттық олимпиада комитеттерінің 43-і кем дегенде жарыста бір медаль жеңіп алған, бір де бір медаль ала алмаған үш мемлекет қалды:Бутан, Мальдивтер және Шығыс Тимор әлі бір медаль ұтып ала алмаған. 37 ұлт кем дегенде бір алтын медаль жеңіп алған (тек Жапония мен Үндістан ғана әрбір Азия ойындарында кем дегенде бір алтыннан ұтып алған), ал ойындар тарихында Жапония мен Қытай ғана жалпы чемпиондар атанған.
1 | Үлгі:CHN | 1,342 | 900 | 653 | 2,895 |
2 | Үлгі:JPN | 957 | 980 | 913 | 2,850 |
3 | Үлгі:KOR | 696 | 606 | 761 | 2,063 |
4 | Үлгі:IRI | 159 | 161 | 175 | 495 |
5 | Үлгі:KAZ | 140 | 141 | 200 | 481 |
6 | Үлгі:IND | 139 | 178 | 285 | 602 |
7 | Үлгі:THA | 121 | 159 | 233 | 513 |
8 | Үлгі:PRK | 98 | 132 | 166 | 396 |
9 | Үлгі:TPE | 82 | 125 | 255 | 452 |
10 | Үлгі:PHI | 63 | 112 | 215 | 390 |
11 | Үлгі:UZB | 63 | 96 | 114 | 273 |
12 | Үлгі:INA | 60 | 95 | 203 | 358 |
13 | Үлгі:MAS | 56 | 88 | 132 | 276 |
14 | Үлгі:PAK | 44 | 63 | 93 | 200 |
15 | Үлгі:SIN | 37 | 55 | 101 | 193 |
Барлығы | 4,313 | 4,295 | 5,136 | 13,744 |
---|
Спорт түрлерінің тізімі
- Академиялық есу — 1982 жылдан
- Бадминтон — 1962 жылдан
- Баскетбол — әрқашан
- Бейсбол — 1994 жылдан
- Бильярд — 1998 жылдан
- Бодибилдинг — 2002—2006 жылдар
- Бокс — 1954 жылдан
- Күрес — 1954 жылдан
- Боулинг — 1978 жыл, 1986 жылдан
- Су полосы
- Велоспорт — 1951 жыл, 1958 жылдан
- Волейбол — 1958 жылдан
- Гандбол — 1982 жылдан
- Гимнастика — 1974 жылдан
- Гольф — 1982 жылдан
- Байдаркада және каноэде есу — 1990 жылдан
- Дзюдо — 1986 жылдан
- Кабадди — 1990 жылдан
- Карате — 1994 жылдан
- Ат спорты — 1982—1986 жылдар, 1994 жылдан
- Крикет — 2010 жылдан
- Жеңіл атлетика — әрқашан
- Үстел теннисі — 1958—1966 жылдар, 1974 жылдан
- Желкенді спорт — 1970 жыл, 1978 жылдан
- Жүзу — әрқашан
- Регби-7 — 1998 жылдан
- Самбо — 2014 жылдан
- Сепактакрау — 1990 жылдан
- Сквош — 1998 жылдан
- Қазіргі бессайыс — 1994 жыл, 2002 жыл
- Софтбол — 1990 жылдан
- Софт-теннис — 1994 жылдан
- Спорт биі — 2010 жылдан
- Садақ ату — 1978 жылдан
- Ату — 1954 жылдан
- Теннис — 1958—1966 жылдар, 1974 жылдан
- Триатлон — 2006 жылдан
- Тэквондо — 1986 жылдан
- Ауыр атлетика — 1951—1958 жылдар, 1966 жылдан
- Ушу — 1990 жылдан
- Фехтование — 1974—1978 жылдар, 1986 жылдан
- Футбол — әрқашан
- Көгалдағы хоккей — 1958 жылдан
- Шахмат — 2006 жылдан
Қайнары
<references/>
Сілтемелер
Үлгі:- Үлгі:Азия ойындары Үлгі:Азия ойындары спорт түрлері Үлгі:Аймақтық ойындар