Халықаралық Олимпиада комитеті
Халықаралық Олимпиада комитеті (қыс. ХОК) — халықаралық ұйым, Олимпиада ойындарын қайта дамыту және олимпиадалық қозғалысын насихаттауға құрылған ұйым. Комитеттің штаб-пәтері Швейцарияның Лозанна қаласында орналасқан. ХОК 1894 жылдың 23 маусымында барон Пьер де Кубертенмен және Деметриус Викеласпен Париж қаласында құрылған. Жыл сайын 23 маусымда Халықаралық Олимпиада күні тойланады. Қазіргі кезде оған 205 ұлттық олимпиада комитеті мүшелік етеді (бірақ, Кувейт 2010 жылы мүшелік етуді уақытша тоқтатты).
ХОК әр төрт жылда бір рет жазғы және қысқы қазіргі Олимпиада ойындары мен жасөспірімдер үшін Олимпиада ойындарын ұйымдастырады. Халықаралық олимпиада комитетімен ұйымдастырылған алғашқы жазғы Олимпиада ойындары 1896 жылы Грекиялық Афинада өткізілді, ал алғашқы қысқы ойындар Франциядағы Шамони қаласында 1924 жылы өтті. 1992 жылға дейін жазғы және қысқы Олимпиада ойындары бір жылда өткізілетін еді. Бірақ, 1992 жылдан бастап жазғы және қысқы ойындар араға екі жыл салып өтіп тұрады. Алғашқы жазғы жасөпірімдер Олимпиада ойындары 2010 жылы Сингапур қаласында өтті, ал қысқы 2012 жылы австриялық Инсбрукте.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>
Жыл сайын 23 маусымда Халықаралық Олимпиада күні тойланады.
ХОК президенттері
Президенттер | Мемлекет | Қызмет еткен жылдары |
---|---|---|
Деметриус Викелас | Үлгі:Flagcountry Грекия | 1894—1896 |
Барон Пьер де Кубертен | Үлгі:FRA | 1896—1916 және 1919—1925 |
Барон Годфруа де Блоне | Үлгі:SUI | 1916—1919 (м. а.) |
Граф Анри де Байе-Латур | Үлгі:BEL | 1925—1942 |
Зигфрид Эдстрём | Үлгі:SWE | 1946—1952 (м. а. 1942—1946) |
Эвери Брендедж | Үлгі:USA | 1952—1972 |
Лорд Майкл Килланин | Үлгі:IRL | 1972—1980 |
Маркиз Хуан Антонио Самаранч | Үлгі:ESP | 1980—2001 |
Граф Жак Рогге | Үлгі:BEL | 2001—б.к. |
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify Үлгі:Stub