Ауыр атлетика

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ауыр атлетика<ref>Жолымбетов Ө.Ш., Құлназаров А.К., Спорт терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақша-орысша, ISBN 9965-822-48-4</ref> — әр түрлі салмақ дәрежелерінде ауыр зат (штанга, гір) көтеріп, күш сынасатын спорт түрі. Ауыр атлетикадан ең алғашқы жарыс 1860 жылы АҚШ-та өтті. Олимпиада ойындарының бағдарламасына 1896 жылы енгізілді. Ауыр атлетикадан әлем (1898 жылдан), Еуропа (1896 жылдан) чемпионаттары өткізіледі. Ауыр атлетика бойынша халықаралық жарыстар штанга көтерудің екі тәсілі (жұлқа және сілке көтеру) бойынша, 52 кг-нан басталатын 10 салмақ дәрежесіндегі спортшылар арасында өтеді. Жұлқа көтеру кезінде штанга кідіріссіз бірден жоғары көтеріледі. Сілке көтеруде штанга алдымен кеудеге алынып, содан кейін жоғары көтеріледі.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (1920) Қазақстан 1993 жылдан мүше. Қазақстанда ауыр атлетика бойынша алғашқы чемпионат 1937 жылы өткізілді. Қазақстан спортшылары ірі жарыстарға 1954 жылдан қатысады. Теміртаулық Юрий Зайцев (1976, Монреаль), шахтинскілік Виктор Мазин (1980, Мәскеу), ақмолалық Анатолий Храпатый (1988, Сеул), қызылордалық Илья Ильин (2008, Бейжің) ауыр атлетикадан Олимпиада чемпиондары атанған. <ref>Балалар Энциклопедиясы, II- том</ref>

Салмақ категориялары

Ереже бойынша салмақ өлшеу рәсімі жарыс бір немесе екі сағат алдында өткізіледі. 2008 жылдың желтоқсан айына қара ауыр атлетикадан келесі салмақ категорияларда жарыстар өткізіледі:

Еркектер 56 кг дейін 62 кг дейін 69 кг дейін 77 кг дейін 85 кг дейін 94 кг дейін 105 кг дейін 105 кг жоғары
Әйелдер 48 кг дейін 53 кг дейін 58 кг дейін 63 кг дейін 69 кг дейін 75 кг дейін 75 кг жоғары
Еркектер
Категория 1905–1913 1913–1946 1947–1950 1951–1968 1969–1976 1977–1992 1993–1997 с 1998
Аса жеңіл салмақ 52 кг дейін 52 кг дейін 54 кг дейін
Жеңілірек салмақ 56 кг дейін 56 кг дейін 56 кг дейін 56 кг дейін 59 кг дейін 56 кг дейін
Жартылай жеңіл салмақ 60 кг дейін 60 кг дейін 60 кг дейін 60 кг дейін 60 кг дейін 64 кг дейін 62 кг дейін
Жеңіл салмақ 70 кг дейін 67,5 кг дейін 67,5 кг дейін 67,5 кг дейін 67,5 кг дейін 67,5 кг дейін 70 кг дейін 69 кг дейін
Жартылай орта салмақ 80 кг дейін 75 кг дейін 75 кг дейін 75 кг дейін 75 кг дейін 75 кг дейін 76 кг дейін 77 кг дейін
Орта салмақ 82,5 кг дейін 82,5 кг дейін 82,5 кг дейін 82,5 кг дейін 82,5 кг дейін 83 кг дейін 85 кг дейін
Жартылай ауыр салмақ 90 кг дейін 90 кг дейін 90 кг дейін 91 кг дейін 94 кг дейін
Ауыр салмақ 80 кг жоғары 82,5 кг жоғары 82,5 кг жоғары 90 кг жоғары 110 кг дейін 100 кг дейін 99 кг дейін 105 кг дейін
Бірінші ауыр салмақ 110 кг дейін 108 кг дейін
Аса ауыр салмақ 110 кг жоғары 110 кг жоғары 108 кг жоғары 105 кг жоғары

Ішкі сілтемелер

Дереккөздер

<references/>Үлгі:Sport-stub

ang:Ȝearƿung (indryhtu)#Strengþuȝearƿung