Қазіргі бессайыс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазіргі бессайыс, кедергілерден өте салт атпен жүруді, семсер сайысын (бірінші шаншуға дейінгі жекпе-жекті), пистолетпен атуды (4 тізбекпен 20 рет ату), жүзуді (еркін тәсілдермен 300 м-ге) және жеңіл атлетикалық дала жарысы (4 км. қашықтыққа) біріктіретін көпсайысты құрайды. Осындай реттіліктегі жаттығуларды кешенді жарыс ерте заманнан белгілі (мысалы: Ертедегі Грекиядағы ойындардағы Пенттатлон). XIX ғасырдың 1- ші жартысында Швецияда, Кейіннен езге де елдерде офицердің жауынгерлік дайындығының (салт атпен жүру, семсерлесу, ату, жүзу, жүгіру) мәнін бейнелейтін офицерлік бессайыстан жарыстар еткізілді. 1912 ж. Кубертеннің бастамасымен дайындаған офицерлік бессайыс кешені Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енгізілді (бастапқыда жеке ал 1952 жылдан командалық есеп). 1948 ж. дейін жарысқа тек спортшы-офицерлер ғана қатысты. Кешен қазіргі атауын 1948 жылы Қазіргі бессайыстың және биатлонның халықаралық одағы құрылған Лондонда алды, ол 54 ұлттық федерацияны (1979) біріктіреді. 1949 ж. бастап Әлем чемпионаты, 1974 жылдан Еуропа кубогы өткізілді.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазіргі бессайыс|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}