Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бабата"
ш (1 түзету) |
ш (1 түзету) |
||
| (басқа бір қатысуышының арадағы бір түзетуі көрсетілмеген) | |||
| Жол нөмірі 1: | Жол нөмірі 1: | ||
| − | + | {{Көне қалашық | |
| − | + | |Атауы = Бабата қалашығы | |
| + | |сурет = Баба ата қалашығы. VIII–IX ғғ. жататын қала-бекіністің графикалық жаңғыртпасы.jpg | ||
| + | |өлшемі = | ||
| + | |Сурет атауы = | ||
| + | |Мәртебесі = | ||
| + | |Мемлекет = | ||
| + | |Қазіргі жері = {{KAZ}}, [[Түркістан облысы]] | ||
| + | |Қалануы = VII–XV ғғ. | ||
| + | |Қалаушы = | ||
| + | |Деректерде аталана бастады = | ||
| + | |Басқаша атаулары = | ||
| + | |Халық саны = | ||
| + | |Қиралды = | ||
| + | |Қиралу себебі = | ||
| + | |Орналасуы = | ||
| + | |lat_dir = N |lat_deg = 43|lat_min = 35|lat_sec = 27 | ||
| + | |lon_dir = E |lon_deg = 69|lon_min = 20|lon_sec = 20 | ||
| + | |region = | ||
| + | |CoordScale = | ||
| + | |Позициялық карта 1 = Қазақстан | ||
| + | |ПозКарта 1 ені = | ||
| + | |crosses180 = | ||
| + | |Облыс картасы = Түркістан облысы | ||
| + | |Ортаққордағы санаты = | ||
| + | }} | ||
| + | '''Бабата қалашығы''' – [[Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі]]не енген орта ғасырлардан сақталған көне қала жұрты. | ||
| − | == | + | == Орналасқан жері == |
| − | < | + | [[Түркістан облысы]] [[Созақ ауданы]], [[Бабата (ауыл)|Бабата]] ауылының солтүстік бөлігі. |
| − | + | ||
| − | {{ | + | == Зерттелуі == |
| − | {{ | + | Қалашыққа алғаш назар аударған орыс ғалымы – [[Григорий Иванович Спасский|Г.И. Спасский]]. Кеңес дәуірінде Бабата толық зерттеліп, оның кенттік құрылысы, мәдениеті, архитектурасы жайлы деректер жарыққа шыққан. [[1946 жыл|1946]] жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі [[Әлкей Хақанұлы Марғұлан|Ә. Марғұлан]]), [[1948 жыл|1948]] жылы (жетекшісі [[Александр Натанович Бернштам|А.Н. Бернштам]]) зерттеген. [[1953 жыл|1953]]-[[1954 жыл|1954]] және [[1957 жыл|1957]]-[[1958 жыл|1958]] жылдары экспедиция тұрақты қазба жұмыстарын жүргізді. |
| + | |||
| + | == Тарихи деректер == | ||
| + | Бабата – [[Түркістан (қала)|Түркістан]] мен [[Сайрам]]нан кейінгі орында әулие бабтардың [[Қыпшақ даласы]]на ислам дінін таратуында үлкен орталық болған кенттердің бірі. Кентті діни орталыққа айналдырған адам – [[Ысқақ Баб]]. Ол кісіні халық [[Баб-Ата]] деп, кентті де соның есімімен атап кеткен.<br> | ||
| + | Бабата кенті ғылымда әдебиетте көптен белгілі, орта ғасырлардағы жазбаларда жиі кездесіп отырады. | ||
| + | |||
| + | === Қалашық сипаты === | ||
| + | Шахристанның оңтүстік-шығыс шетіндегі цитадельдің орны болып есептелетін жартылай сопақ төбенің биіктігі 10 м, төмен жағының аумағы 42х60 м, төбесінің аумағы 12х17 м. Цитадельде жүргізілген қазба жұмыстары кезінде V-VIII ғасырларға жататын құрылыстың төменгі қабатынан сегіз бұрышты үйдің орны табылған. Ортасында құдығы бар. Төбесі күмбезделіп жабылған. Бөлменің аумағы 5,8 м<sup>2</sup>, қабырғаларының биіктігі 5,38 м. Бөлме ішкі аулалармен дәліздер және баспалдақты қуыс жолдар арқылы жалғасқан. Дәліздердің төбесі арка пішінінде жабылған. Цитадельдегі ең алғашқы бұл құрылыс отқа табыну ғибадатханасы болып, кейіннен қорғанды қаланың негізгі бөлігіне айналған деген пікір бар. Бұл құрылыс қабырғаларының көпшілігі бұзылып, топырақ басып қалған бұрынғы құрылыс қабырғаларының пішінін қайталайды.<br> | ||
| + | Қабырғалары саз (шым) кірпіштерден қаланған жоғарғы қабаттағы үй 8 бөлмеден тұрады. Бұл қабаттың да орта тұсында төбесі күмбезделіп жабылған, қабырғаларында ойық сөрелері бар сегіз қырлы үлкен бөлме орналасқан. Оны қоршай, әрқайсысының ауданы шамамен 10-16 м<sup>2</sup> келетін төртбұрышты бөлмелер орналасқан.<br> | ||
| + | Жоғарғы құрылыс қабатынан табылған қыштан жасалған құмыра, майшам, тостаған, ұршықбастар мен олардың әр түрлі бөлшектері IX-XII ғасырларға жатады. Цитадель XIII-XIV ғасырларға дейін жеткен. Сыртқы жобасы тік бұрышты келген шахристан дүниенің төрт нүктесімен бағыттас, орташа биіктігі 7-8 м. Қабырғаларының ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 182 м, батыстан шығысқа қарай 145 м. Үш жағынан биіктігі 1,5 м дуалмен қоршалған. Дуалдың ұзына бойынан 15 мұнараның орны анық байқалады. Шахристанның орта тұсынан жалпақ тастардан қалап жасаған су қоймасы табылды. Оның қыш құбырлардан құрастырып жасалған ұзындығы 30 м суағары бар. Рабад цитадель мен шахристанды қоршай орналасқан. | ||
| + | |||
| + | === Қалашық тіршілігінің кезеңдері === | ||
| + | Жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде қала тіршілігі төрт кезеңнен тұратындығы анықталды: | ||
| + | # VI-VII ғасырлар – бекіністі мекенжай кезеңі; | ||
| + | # VIII-X ғасырлар – қорғаныс қабырғалары, мұнаралары, сыртқы дуалы мен орлары бар бекініс-қала кезеңі; | ||
| + | # X-XII ғасырлар – қала құрылысының кеңейген, рабад салынған, қорғаныс қабырғалары нығайып, тұрғындар саны көбейіп, шаруашылық, қолөнер түрлерінің дамыған кезеңі; | ||
| + | # XIII-XIV ғасырлар – кенттің біртіндеп күйреу кезеңі. | ||
| + | Ғылыми әдебиеттерде Бабата X ғасырдағы жазба деректерде кездесетін Баладж қаласының орны деген пікір де бар. Қазан төңкерісіне дейін осы маңдағы қыстақта [[Баба ата медресесі]] жұмыс істеген. Медресе ғимараты күні бүгінге дейін сақталған. <ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энцикопедиясы</ref><ref>Байпаков К.М., Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья (6 — начало 13 в.), А.-А., 1986; Байпаков К.М., Шарденова З.Ж., Об архитектурном памятнике Баба-Ата в Южном Казахстане, Шымкент, 1995. </ref><ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref><ref> Отырар. Энциклопедия. – Алматы.«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2 </ref> | ||
| + | |||
| + | Тұтастай алғанда Баба ата қалашығы сәулетті фортификациялық құрылыс – қорған болды. Онда қорғаныс үшін барлығы жасалған: мықты дуалдар мен биіктігі жеті метрден асатын мұнаралар, бұрыштарында тұтас мұнаралары бар қамал мен су толтырылатын ор. Археологтар қамал маңынан тапқан наубайхана, су жинайтын жүйе, құдықтар да ұзақ уақыттық қорғанысқа дайындалған. Баба ата қалашығы деректерде аталатын Ысқақ баб резиденциясы – Қарғалық қала-қамалының қалдығы болуы әбден мүмкін.<br> | ||
| + | Көне қала өмірінің соңғы кезеңі XIII–XV ғасырларға жатады. Бұл кезеңде шахристанға қосымша ғимараттар салу, қамалдағы ғимаратты жөндеу және қайта өзгерту жұмыстарынан басқа ешқандай жаңа құрылыс салынған жоқ. Қалашық аумағында XVII–XIX ғасырларда үш архитектуралық ескерткіші орналасқан. <br> | ||
| + | [[1893 жыл|1893]] жылы қиратылған ортағасырлық құрылыс орнына Түркістандағы [[Қожа Ахмет Ясауи кесенесі|Қожа Ахмет Яссауи кесенесі]]не (XIV ғ. соңы) ұқсатылған [[Баба ата мешіт-кесенесі]] тұрғызылды. Жаңа Баба ата мешіт-кесенесін салу ісін XIX ғасыр аяғындағы аймаққа танымал діни қайраткер Аппақ ишан ұйымдастырды. Ғимаратты Түркістан шеберлері тұрғызды.<ref>АЛТАЙДАН КАСПИЙГЕ ДЕЙІН. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ,ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ МЕН КӨРНЕКТІ ОРЫНДАРЫНЫҢ АТЛАСЫ. 3 томдық. Алматы. 2011. 3 т.– 476 б., карталар, суреттер ISBN 978-601-280-215-3, ISBN 978-601-280-218-4</ref> | ||
| + | |||
| + | == Көріністері == | ||
| + | <gallery> | ||
| + | Баба ата қалашығы. VIII–IX ғғ. жататын қала-бекіністің графикалық жаңғыртпасы.jpg|Баба ата қалашығының екінші құрылыс белдеуінен табылған VIII–IX ғасырларға жататын қала-бекіністің графикалық жаңғыртпасы. | ||
| + | Баба ата қалашығы. Ғибадатхананың жоғарғы бөлігі. 1950-ші жылғы фотосурет.jpg|Баба ата қалашығының төменгі құрылыс белдеуіндегі біздің заманымыздың VII–VIII ғасырларға жататын ислам дәуіріне дейінгі ғибадаттық ғимараттың жоғарғы бөлігі. 1950-ші жылдардың соңындағы фотосурет. | ||
| + | Баба ата қалашығы. Орталық бөлігі. 1893 жылғы фотосурет.jpg|Кешеннің орталық бөлігі. Солдан оңға қарай: Баба ата мешіт-кесенесі (1893 жыл), медресе (ХІХ ғасырдың соңы) және қалашық (VII–XV ғасырлар). Оңтүстік көрінісі. | ||
| + | Баба ата қалашығы. Бұрыш мұнараның қалдықтары.jpg|Қалашықтағы бұрыш мұнараның қалдықтары. | ||
| + | </gallery> | ||
| + | |||
| + | == Дереккөздер == | ||
| + | {{дереккөздер}} | ||
| + | |||
| + | {{Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері}} | ||
| + | |||
| + | [[Санат:Түркістан облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері]] | ||
| + | [[Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері]] | ||
[[Санат:Қазақстан көне қалалары]] | [[Санат:Қазақстан көне қалалары]] | ||
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Көне қалашық Бабата қалашығы – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген орта ғасырлардан сақталған көне қала жұрты.
Мазмұны
Орналасқан жері
Түркістан облысы Созақ ауданы, Бабата ауылының солтүстік бөлігі.
Зерттелуі
Қалашыққа алғаш назар аударған орыс ғалымы – Г.И. Спасский. Кеңес дәуірінде Бабата толық зерттеліп, оның кенттік құрылысы, мәдениеті, архитектурасы жайлы деректер жарыққа шыққан. 1946 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә. Марғұлан), 1948 жылы (жетекшісі А.Н. Бернштам) зерттеген. 1953-1954 және 1957-1958 жылдары экспедиция тұрақты қазба жұмыстарын жүргізді.
Тарихи деректер
Бабата – Түркістан мен Сайрамнан кейінгі орында әулие бабтардың Қыпшақ даласына ислам дінін таратуында үлкен орталық болған кенттердің бірі. Кентті діни орталыққа айналдырған адам – Ысқақ Баб. Ол кісіні халық Баб-Ата деп, кентті де соның есімімен атап кеткен.
Бабата кенті ғылымда әдебиетте көптен белгілі, орта ғасырлардағы жазбаларда жиі кездесіп отырады.
Қалашық сипаты
Шахристанның оңтүстік-шығыс шетіндегі цитадельдің орны болып есептелетін жартылай сопақ төбенің биіктігі 10 м, төмен жағының аумағы 42х60 м, төбесінің аумағы 12х17 м. Цитадельде жүргізілген қазба жұмыстары кезінде V-VIII ғасырларға жататын құрылыстың төменгі қабатынан сегіз бұрышты үйдің орны табылған. Ортасында құдығы бар. Төбесі күмбезделіп жабылған. Бөлменің аумағы 5,8 м2, қабырғаларының биіктігі 5,38 м. Бөлме ішкі аулалармен дәліздер және баспалдақты қуыс жолдар арқылы жалғасқан. Дәліздердің төбесі арка пішінінде жабылған. Цитадельдегі ең алғашқы бұл құрылыс отқа табыну ғибадатханасы болып, кейіннен қорғанды қаланың негізгі бөлігіне айналған деген пікір бар. Бұл құрылыс қабырғаларының көпшілігі бұзылып, топырақ басып қалған бұрынғы құрылыс қабырғаларының пішінін қайталайды.
Қабырғалары саз (шым) кірпіштерден қаланған жоғарғы қабаттағы үй 8 бөлмеден тұрады. Бұл қабаттың да орта тұсында төбесі күмбезделіп жабылған, қабырғаларында ойық сөрелері бар сегіз қырлы үлкен бөлме орналасқан. Оны қоршай, әрқайсысының ауданы шамамен 10-16 м2 келетін төртбұрышты бөлмелер орналасқан.
Жоғарғы құрылыс қабатынан табылған қыштан жасалған құмыра, майшам, тостаған, ұршықбастар мен олардың әр түрлі бөлшектері IX-XII ғасырларға жатады. Цитадель XIII-XIV ғасырларға дейін жеткен. Сыртқы жобасы тік бұрышты келген шахристан дүниенің төрт нүктесімен бағыттас, орташа биіктігі 7-8 м. Қабырғаларының ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 182 м, батыстан шығысқа қарай 145 м. Үш жағынан биіктігі 1,5 м дуалмен қоршалған. Дуалдың ұзына бойынан 15 мұнараның орны анық байқалады. Шахристанның орта тұсынан жалпақ тастардан қалап жасаған су қоймасы табылды. Оның қыш құбырлардан құрастырып жасалған ұзындығы 30 м суағары бар. Рабад цитадель мен шахристанды қоршай орналасқан.
Қалашық тіршілігінің кезеңдері
Жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде қала тіршілігі төрт кезеңнен тұратындығы анықталды:
- VI-VII ғасырлар – бекіністі мекенжай кезеңі;
- VIII-X ғасырлар – қорғаныс қабырғалары, мұнаралары, сыртқы дуалы мен орлары бар бекініс-қала кезеңі;
- X-XII ғасырлар – қала құрылысының кеңейген, рабад салынған, қорғаныс қабырғалары нығайып, тұрғындар саны көбейіп, шаруашылық, қолөнер түрлерінің дамыған кезеңі;
- XIII-XIV ғасырлар – кенттің біртіндеп күйреу кезеңі.
Ғылыми әдебиеттерде Бабата X ғасырдағы жазба деректерде кездесетін Баладж қаласының орны деген пікір де бар. Қазан төңкерісіне дейін осы маңдағы қыстақта Баба ата медресесі жұмыс істеген. Медресе ғимараты күні бүгінге дейін сақталған. <ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энцикопедиясы</ref><ref>Байпаков К.М., Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья (6 — начало 13 в.), А.-А., 1986; Байпаков К.М., Шарденова З.Ж., Об архитектурном памятнике Баба-Ата в Южном Казахстане, Шымкент, 1995. </ref><ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref><ref> Отырар. Энциклопедия. – Алматы.«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2 </ref>
Тұтастай алғанда Баба ата қалашығы сәулетті фортификациялық құрылыс – қорған болды. Онда қорғаныс үшін барлығы жасалған: мықты дуалдар мен биіктігі жеті метрден асатын мұнаралар, бұрыштарында тұтас мұнаралары бар қамал мен су толтырылатын ор. Археологтар қамал маңынан тапқан наубайхана, су жинайтын жүйе, құдықтар да ұзақ уақыттық қорғанысқа дайындалған. Баба ата қалашығы деректерде аталатын Ысқақ баб резиденциясы – Қарғалық қала-қамалының қалдығы болуы әбден мүмкін.
Көне қала өмірінің соңғы кезеңі XIII–XV ғасырларға жатады. Бұл кезеңде шахристанға қосымша ғимараттар салу, қамалдағы ғимаратты жөндеу және қайта өзгерту жұмыстарынан басқа ешқандай жаңа құрылыс салынған жоқ. Қалашық аумағында XVII–XIX ғасырларда үш архитектуралық ескерткіші орналасқан.
1893 жылы қиратылған ортағасырлық құрылыс орнына Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне (XIV ғ. соңы) ұқсатылған Баба ата мешіт-кесенесі тұрғызылды. Жаңа Баба ата мешіт-кесенесін салу ісін XIX ғасыр аяғындағы аймаққа танымал діни қайраткер Аппақ ишан ұйымдастырды. Ғимаратты Түркістан шеберлері тұрғызды.<ref>АЛТАЙДАН КАСПИЙГЕ ДЕЙІН. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ,ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ МЕН КӨРНЕКТІ ОРЫНДАРЫНЫҢ АТЛАСЫ. 3 томдық. Алматы. 2011. 3 т.– 476 б., карталар, суреттер ISBN 978-601-280-215-3, ISBN 978-601-280-218-4</ref>
Көріністері
- Баба ата қалашығы. VIII–IX ғғ. жататын қала-бекіністің графикалық жаңғыртпасы.jpg
Баба ата қалашығының екінші құрылыс белдеуінен табылған VIII–IX ғасырларға жататын қала-бекіністің графикалық жаңғыртпасы.
- Баба ата қалашығы. Ғибадатхананың жоғарғы бөлігі. 1950-ші жылғы фотосурет.jpg
Баба ата қалашығының төменгі құрылыс белдеуіндегі біздің заманымыздың VII–VIII ғасырларға жататын ислам дәуіріне дейінгі ғибадаттық ғимараттың жоғарғы бөлігі. 1950-ші жылдардың соңындағы фотосурет.
- Баба ата қалашығы. Орталық бөлігі. 1893 жылғы фотосурет.jpg
Кешеннің орталық бөлігі. Солдан оңға қарай: Баба ата мешіт-кесенесі (1893 жыл), медресе (ХІХ ғасырдың соңы) және қалашық (VII–XV ғасырлар). Оңтүстік көрінісі.
- Баба ата қалашығы. Бұрыш мұнараның қалдықтары.jpg
Қалашықтағы бұрыш мұнараның қалдықтары.
Дереккөздер
Үлгі:Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері