Ысқақ Баб

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ысқақ баб, Исхақ ат-Түрік (т.-ө.ж.б.) - «Насабнама» нұсқаларындағы деректерге қарағанда, Қожа Ахмет Иасауидің он үшінші атасы; Түркістан жеріне алғаш ислам дінінің мубаййдийа ағымын әкелушілердің бірі. «Насабнама» нұсқаларындағы шежірелерге қарағанда, Ысқақ баб Мұхаммед ибн ал-Ханафия әулетінен шыққан. Бірақ ан-Наубахтидің «Шиалар» кітабы мен ибн ан-Надимнің (X ғ.) «ал-Фихрист» атты кітабындағы деректерге қарағанда, ол Али ибн Абу Талибтің әйелі, пайғамбарымыздың қызы Фатимадан туған ұлы әл-Хүсайын эулетінен шыққан. VIII ғ-дың бірінші жартысында Хорасанда болған шиалар көтерілісін бастаушы Иахийа ибн Зайдтың ұлы. Ысқақ баб туралы Мхұаммед ибн әл-Ханафия әулетінен шыққан деген аңыз бен шежіренің пайда болуы Ысқақ бабтың ұстанған қайсанийамубаййдийа ағымына байланысты. Өйткені қайсанийлер деп алғашында Мүхаммед ибн әл-Ханафия имаматын жақтаушыларды айтқан. Ысқақ бабтың өзі де рухани жағынан өзін Мүхаммед ибн әл-Ханафия ұрпағымын деп есептеген.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref><ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref><ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub