Баба ата медресесі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғимарат Баба ата медресесіРеспубликалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

Түркістан облысы Созақ ауданы, Бабата ауылының солтүстік бөлігі.

Тарихи деректер

Мұсылмандық жоғары оқу орны болып табылатын Баба ата медресесінің ғимараты XIX ғасырдың соңында тұрғызылған.
Құрылыс бір қабатты және онда дәстүрлі сәулеткерлік XIX ғасыр соңындағы орыс архитектурасының элементтерімен үндескен Қазақстанның оңтүстігіндегі кейінгі діни сәулетшілік өнерінің қызықты үлгісі болып табылады.
Өкінішке орай, Баба атаның бұл құрылыстары бізге үлкен өзгерістермен жетті. Көне көздердің айтуынша, отызыншы жылдары Созақ аудандық комитеті құрылысына кірпіш алу үшін Баба ата кесене-мешітімен қатар XVI–XVII ғасырлар кесененің басым бөлігі және медресенің бірқатар бөлмелері бұзылып алынды. Шамамен қырықтан астам арба күйдірілген кірпіш әкетілген. Жұмысшылар Баба ата мешіт-кесенесі порталының жоғарғы бөлігін бұза бастағанда жергілікті тұрғындар билік орындарына шағымданып, ескерткіштердің одан әрі қиратылуын тоқтатты. Бәрінен бұрын XVI–XVII ғасырлар кесенесі зардап шекті, одан тек бір қабырғасының қаңқасы ғана қалды. Кейіннен медресе мен мешіт жергілікті ұжымшардың қоймасы ретінде пайдаланылды. ХХ ғасырдың екінші жартысында медресенің 11 бөлмесі шаруашылық қажеттіліктер үшін бұзылыпты.
Қазақстан өз тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін ғана ескерткішті алғашқы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді және оларды байырғы діни мақсатта пайдалану қолға алынды, құдайға сенетін адамдардың қаражатына медреседе реставрациялық жұмыстар, Баба ата кешенін туризм мен зиярат орталығына айналдыру үшін ескерткіштер аймағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.<ref>АЛТАЙДАН КАСПИЙГЕ ДЕЙІН. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ,ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ МЕН КӨРНЕКТІ ОРЫНДАРЫНЫҢ АТЛАСЫ. 3 томдық. Алматы. 2011. 3 т.– 476 б., карталар, суреттер ISBN 978-601-280-215-3, ISBN 978-601-280-218-4</ref>

Көріністер

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері