Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі"
(→) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
11:38, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі (16 сәуір 1974 жыл, Түлкібас ауданы, Түркістан облысы) — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, 2023 жылдан бастап Сенат депутаты. 2022–2023 жылдары Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрі болды.
Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының-ның академигі (2020)<ref>Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі ҚР ҰҒА академигі болып сайландыҮлгі:Deadlink</ref> Аманат партиясы Саяси кеңес бюросының мүшесі.<ref>Дархан Қыдырәлі Nur Otan партиясы Саяси кеңесі бюросының құрамына сайланды</ref> II-сыныпты Төтенше және өкілетті уәкіл дипломатиялық рангі берілді.<ref>Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліге ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі берілдіҮлгі:Deadlink</ref>
Мазмұны
Өмірбаяны
Дархан Қыдырәлі 1974 жылы 16 сәуірде Түркістан облысы қарасты Түлкібас ауданында дүниеге келген.
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де (1991-1992 ж) және Түркияның Мармара (1992-1996), Докуз Эйлүл (1996-1997), Эгей (1997-1998), Ыстамбұл (1998-2001) университеттерінде білім алған.
- 1998 жылы Эгей унивреситетінде «Мұстафа Шоқайдың өмірі, қызметі және дүниетанымы» тақырыбында диссертация қорғады.
- 2001 жылы Ыстамбұл университетінде "Түркістанда жәдитшілік қозғалысы және оның Түркиямен байланысы" докторлық диссертация қорғап, "философия докторы" ғылыми дәрежесін иеленген.
- 2010 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-да "Біртұтас Түркістан идеясы" тақырыбында докторлық диссертация қорғап, тарих ғылымдарының докторы атанған.
- Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Қырғызстандағы Ош университетінің құрметті профессоры. Халықаралық Ш. Айтматов академиясының академигі. Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Құрметті докторы (2016 ж), Моңғолия Ұлттық ғылым академиясының Құрметті докторы (2017). Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Құрметті академигі<ref>https://twesco.org/post/885 Үлгі:Webarchive</ref> (2022).
Еңбек жолы
- 2001-2005 ж. - Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде аға ғылыми қызметкер, ғалым-хатшы, кафедра меңгерушісі, аппарат жетекшісі, жетекші ғылыми қызметкер.
- 2005-2006 ж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде доцент, аға ғылыми қызметкер.
- 2006-2007 ж. Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығында директордың орынбасары.
- 2007-2008 ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Министрдің кеңесшісі.
- 2008-2009 ж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде сарапшы, сектор меңгерушісі ретінде қызмет атқарған.
- 2009-2012 жылдар арасында Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары болған.
- 2012 -2014 жылдары Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
- 2014 жылдан бастап Халықаралық түркі академиясының президенті.
- 2015 жылғы 29 маусымнан Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялар одағы Хатшылығының басшысы қызметін қоса атқарады және аталған одақтың ұйымдастырушысы.
- 2015 жылы ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде "Қорқыт мұрасы және Түркі әлемі" атты халықаралық мәдени шараны<ref>http://e-history.kz/kz/project/view/3?type=publications&material_id=1103/ Үлгі:Webarchive</ref>, 2016 жылы Нью-Йорк қаласындағы Біріккен Ұлттар ұйымының штаб-пәтерінде "2030 Жоспары үшін Жібек жолы бойындағы жаңа синергия" атты халықаралық симпозиумды<ref>https://baq.kz/kk/news/terezemiz_ten/buu-da-simpozium-otti-82502/ Үлгі:Webarchive</ref>, және 2018 жылы "Рухани жаңғыру және мәдени мұра: қадымнан келешекке түркі тілі" халықаралық мәдени шараларын ұйымдастырды.
- 2016 жылдың шілдесінен «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы қызметіне тағпйындалды.
- 2018 жылдың қыркүйегінде Халықаралық түркі академиясы президенті лауазымына екінші мерізімге тағайындалды.
- 2022 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.
- 2023 жылдың 26 қыркүйек күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Респусбликасының сенаторы ретінде тағайындады.
Қоғамдық қызметі
- Ұлттық құрылтай мүшесі
- Мұсылман ақсақалдар кеңесі - Орталық Азия Бюросының бас үйлестірушісі
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығын беру жөнiндегi комиссия мүшесі
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы
- Қазақстан жазушылар одағының басқарма мүшесі
- Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Өкілетті кеңесінің мүшесі
- Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшесі
Ғылыми еңбектері
- «Мұстафа Шоқай». Анкара, (2001).
- «Тараз тарихы». Тараз, (2005).
- «Түрік халықтары әдебиеті тарихы», (ұжымдық жинақ) Түркістан, (2005).
- «Тарпаңды таңдап міндім тағалап». Тараз, (2005)
- «Жүрегіне қаламын сүйеген». Астана, (2007)
- «Мұстафа Шоқай», Астана, «Фолиант» баспасы, 2007 («Нартұлға» сериясы).
- «Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. Ұлық Түркістан». Астана, (2008).
- «Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. Тұтас Түркістан идеясы». Астана, (2008).
- «Ұлық Түркістан», Астана, (2008)
- «Атымды адам қойған соң...» Астана, (2008)
- «Жерұйық». Астана, (2009).
- «Әлемдік тұлға». Астана, (2010).
- «Мұстафа». Астана, (2012).
- «Мәңгі тас», Алматы, «Ғылым» баспасы, (2015)
- «Ұлы дала тарихы», Астана, «Ғылым» баспасы, (2018)
- «Ортақ түрік тарихы» (8 сынып), Баку, Нұр-Сұлтан, (2019)
- «Мұстафа». Астана, (2024)
- «Тамыр». Алматы, (2024)
- «Абыздар аманаты». Алматы, (2024)
- «Нүкте философиясы». Астана, (2024)
- «Ташқа жазылған тарых». (2024)
Марапаттары
Үлгі:Col-begin Үлгі:Col-1-of-3
Мемлекеттік наградалар
- Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2008 ж.).
- «Парасат» ордені (2018) <ref>https://www.lenta.inform.kz/ru/akordada-tanymal-tulgalarga-memlekettik-nagradalar-tapsyryldy_a3477903/ Үлгі:Webarchive</ref>
- ҚР Президентінің алғыс хаты (2010 ж.)
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл (2011 ж.)
- Астана қаласының 20 жылдық мерекелік медалі (2018)
- Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы (2019)
- Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығы (2020)
- «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі (2020)
- Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты (2024)
- III дәрежелі «Барыс» ордені (2024)
Халықаралық
- Түркі дүниесінің "Қызыл алма" сыйлығының иегері (2015 ж.)
- "Түркі әлеміне қызмет" сыйлығымен марапатталды (2015 ж.)
- "Жаңа Түркия" Стратегиялық зерттеулер орталығы тағайындаған "Түркі тарихы және мәдениетіне қызмет" Алтын медалін алған (2015 ж.)
- ТМД Парламентаралық ассамблея кеңесінің «Баспасөз және ақпаратты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісі (2016 ж.)
- Халықаралық «Жібек жолы» стратегиялық зерттеу орталығы мен "Жібек жолы" журналы тарапынан тағайындалған халықаралық «Жыл адамы» марапатының иегері (2017 ж.)
- Венгрияның «Офицерлік крест» орденімен марапатталды (2017).<ref>http://twesco.org/ru/news/glava_akademii_nagrazhden_ordenom_vengrii/ Үлгі:Webarchive</ref>
- Әзербайжанның «Достлуг» орденімен марапатталды (2018).<ref>http://www.inform.kz/ru/prezident-azerbaydzhana-nagradil-darhana-kydyrali-ordenom-dostlug_a3106911/ Үлгі:Webarchive</ref>
- Моңғолияның «Алтын жұлдыз» орденімен марапатталды (2021)<ref>https://kaznews.mn/darkhan-kydyrali/ Үлгі:Webarchive</ref>
- Қырғызстанның «Даңқ» медалімен марапатталды (2022) <ref>https://twesco.org/post/1055 Үлгі:Webarchive</ref>
- Қырғызстанның «Достық» мемлекеттік наградасымен марапатталды (2024)
Басқа марапаттар
- Түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлықпен марапатталған (2014 ж.).
- «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалі (2015 ж.).
- «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды (2017)
- «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл» (2017)
- Түлкібас ауданының құрметті азаматы (2018)
- Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бiрлiк» алтын медалi (2019) <ref>https://www.inform.kz/kz/elordada-kazakstan-halky-assambleyasynyn-kogamdyk-zhane-memlekettik-nagradalarymen-marapattau-rasimi-otti_a3594165</ref>
- Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2022)
Отбасы
Үйленген. Төрт ұл, бір қызы бар.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
- Facebook-тағы жеке парақшасы
- TWITTER-дегі жеке парақшасы