Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков (26 шілде 1954, Бөрлі, Қарабалық ауданы, Қостанай облысы) — қазақстандық кәсіпкер, мемлекет қайраткері, сценарийші, экономика ғылымдарының кандидаты.

2004—2008, 2016–2018 жылдары Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшысы, 1997—2003 және 2014–2016 жылдары Астана әкімі, Мемлекеттік хатшы (2014) және Қорғаныс министрі (2009–2014) сияқты лауазымдарының иегері.

Биографиясы

Қыпшақ тайпасының Қарабалық руынан шыққан. 1954 жылы шілденің 26-ында Қостанай облысында туған.

Сурет:Dmitry Medvedev with Adilbek Dzhaksybekov.jpg
2009 жылы Ә. Жақсыбековтің Ресей президенті Д. Медведевпен кездесуі

1978 ж. Бүкілодақтық кинематография (Мәскеу қаласы) мемлекеттік университетін тәмамдаған, 1987 ж. Плеханов атындағы халық шаруашылығы институтында «материалдық-техникалық жабдықтаудың ұйымдастырушысы» мамандығы бойынша қайта даярлықтан өткен.

  • Қазақ КСР Мемкино жүйесінде, материалдық-техникалық жабдықтау органдарында жұмыс істеп, кәсіпорындарға басшылық еткен.
  • 1988—1995 жж. көпсалалы «Цесна» корпорациясының басшысы.
  • 1995 ж. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутат болып сайланады.
  • 1996 ж. Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалады.
  • 1997 ж. желтоқсанынан 2003 ж. маусымына дейін Астана қаласының әкімі.
  • 2003 ж. шілдесінен 2004 ж. желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі.
  • 2004 ж. желтоқсанынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы.
  • 2008 ж. қаңтарынан қазанына дейін Қазақстан республикасы президентінің кеңесшісі әрі Нұр Отан халықтық демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары.
  • 2008 ж. қараша айынан Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
  • 2009-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.
  • 2014 жылғы сәуір мен қазан аралығында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.
  • 2014-2016 жылдары – Астана қаласының әкімі. 2015 жылғы маусымнан тамызға дейін әкім қызметімен қатар «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясын басқарды.
  • 2016-2018 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы. Зейнет жасына жетуіне байланысты лауазымынан босатылды.<ref>А.Джаксыбеков возглавил АО «Корпорация «Цесна»</ref>

Қосымша лауазымдары

Кітаптары

  • 2000 — «Зажечь звезду — столицу»
  • 2008 — «Так начиналась Астана. Записки первого акима столицы»

Фильмдері

Марапаттары

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев», III дәрежелі «Барыс» ордендерiмен, басқа да үкіметтік наградалармен марапатталған.

Әскери атағы

Әскери атағы - запастағы полковник.

Сүйіп оқитын әдебиеті

Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи және көркем проза, поэзия (А. Құнанбаев, Ш. Айтматов, Э. Хэмингуэй және басқалары).

Отбасы

Үйленген. Жұбайы - Ләззат Ибрагимқызы Жақсыбекова (1955—2023), экономист. Ұлы - Дәурен Жақсыбек (1978 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref><ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3</ref> Інісі - Серік Жақсыбеков (1956 жылы туған), Сенат депутаты (2014—2020).

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Серік Ахметовтың министрлер кабинеті