Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Symbol of the Kazakh Ministry of Defense.svg
Қазақстанның Қарулы күштерінің белгісі

ҚР Президентінің 1992 ж. 7 мамырдағы Жарлығымен<ref>"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қорғаныс комитетін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі етіп қайта құру туралы" ҚР Президентінің 1992 ж. 7 мамырдағы № 738 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 1992, № 18, 279-бап).</ref> ҚР Мемлекеттік қорғаныс комитетінің қайта құрылуының нәтижесінде құрылды.<ref>1992-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҰ "Эдельвейс", 2004. 655-659 б.</ref> ҚР Үкіметінің 2001 ж. 16 тамыздағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 16 тамыздағы № 1074 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 29, 376-бап).</ref> министрлік туралы жаңа ереже бекітілді. Ережеге сәйкес министрлік қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің Бас штабы арқылы ҚР Қарулы Күштеріне басшылықты жүзеге асырған орталық атқарушы орган болып табылды. Бас штаб ҚР Қарулы Күштерін жедел-стратегиялық басқаруды жүзеге асыратын министрліктің құрылымындағы әскери басқару органы болып табылды. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болды: мемлекеттің әскери саясаты мен ҚР әскери доктринасының мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу; ҚР әскери бюджетінің жобасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу; ҚР әскери-техникалық және әскери-экономикалық саясатын жүргізуде Ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасын, әскери доктринасын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; әскери-саяси жағдайға баға беруге, ҚР қауіпсіздігіне төнетін ықтимал қатердің сипаты мен дәрежесін айқындауға қатысу; Қарулы Күштерде мемлекеттік құпияларды қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету; мемлекеттің егемендігін және аумақтық тұтастығын қорғауға Қарулы Күштердің жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын үнемі қолдау мен қамтамасыз ету, қарулы шабуылды болдырмау және ҚР-на қарсы агрессияға қарулы тойтарыс беру үшін қажетті жағдайлар жасау; Қарулы Күштер туралы ҚР Конституциясының нормалары мен ҚР нормативтік-құқықтық кесімдерін іске асыруды қамтамасыз ету; Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектерінің және арнайы әскерлердің жедел мақсаты мен міндеттерін айқындау, оларды ҚР басқа әскерлерімен және әскери құралымдарымен, сондай-ақ халықаралық шарттар негізінде басқа мемлекеттердің қарулы күштерімен өзара іс-қимылда қолдану; ҚР Президентінің шешімімен Қарулы Күштерге адам, көлік және материалдық-техникалық ресурстарды жұмылдыруды жүргізу; Қарулы Күштерде идеологиялық және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; экономиканы жұмылдыру даярлығын ұйымдастыру және ұйымдардың белгіленген жұмылдыру тапсырмасын орындау даярлығын бақылауға қатысу; ғылыми-техникалық және арнаулы зерттеулер мен Қарулы Күштердің мұқтажы үшін әскери кадрларды даярлауды дамыту бағыттарын айқындау; әскери іс-әрекетті жүргізуге байланысты қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету; Қарулы Күштердің қару-жараққа, әскери-техника мен басқа да материалдық жабдықтарға сұранымын, олармен Қарулы Күштерді жұмылдыра өрістетудің жоспарын қамтамасыз ету, қару-жарақтың, әскери техника мен басқа да материалдық жабдықтардың жедел және стратегиялық қорларын жинақтау мен орналастыруды айқындау; әскери қызметшілердің, азаматтық қызметкерлердің қауіпсіздігі мен өмірін және денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 14 маусымдағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері қолбасшысының басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 14 маусымдағы № 649 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 17, 191-бап.)</ref> министрліктің " ҚР Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басқармасы " құрылды. ҚР Президентінің 2003 ж. 7 мамырдағы Жарлығымен<ref>"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қүрылымын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2003 ж. 7 мамырдағы № 1085 Жарлығы</ref> ҚР Қарулы Күштерінің құрылымы бекітілді: 1) Қарулы Күштерге басшылық жасаудың жоғары әскери-саяси органы — соғыс кезінде Қарулы Күштердің бүкіл қызметіне жалпы басшылық жасауды және Штабтар бастықтарының комитеті арқылы оларды басқаруды жүзеге асыратын Жоғарғы Бас қолбасшылық (Жоғарғы Бас қолбасшылық Ставкасы); 2) әскери басқару органдары: стратегиялық — Қорғаныс министрлігі (орталық атқарушы орган) және Штабтар бастықтарының комитеті (ведомство); жедел-стратегиялық — Қарулы Күштер түрлерінің құрамына кіретін бас қолбасшылардың, Қарулы Күштер әскер тектерінің қолбасшылары мен Қарулы Күштер Тылы бастығының басқармалары; жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, тактикалық, жергілікті; 3) Қарулы Күштер түрлері: өңірлік қолбасшылық, әуе қорғанысы күштері; әскери-теңіз күштері; 4) Қарулы Күштер әскер тектері: Аэроұтқыр әскерлер; ракета әскерлері мен артиллерия; 5) Арнаулы әскерлер; 6) Қарулы Күштер тылы; 7) әскери- оқу орындары мен әскери-ғылыми мекемелер. ҚР Үкіметінің 2003 ж. 6 тамыздағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2003 ж. 6 тамыздағы № 785 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2003, № 31, 317-бап).</ref> министрліктің Штаб бастықтарының комитеті және ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері құрылды. Министрліктің мынадай мемлекеттік мекемелері құрылды: ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысының басқармасы; ҚР Қарулы Күштерінің ракета әскерлері мен артиллерия қолбасшысының басқармасы; ҚР Қарулы Күштерінің тыл қолбасшысы басқармасы; ҚР Қарулы Күштерінің Өңірлік әскер қолбасшысының басқармасы ҚР Қарулы Күштерінің Өңірлік әскер бас қолбасшысының басқармасы болып қайта аталды, № 21140 әскери бөлім КР Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы болып қайта аталды. Министрліктің бірқатар мемлекеттік мекемелері қайта аталды. Министрлік туралы ережеге өзгерту енгізілді, атап айтқанда ҚР Қарулы Күштерінің Бас штабы туралы жолдар алынып тасталынды. ҚР Президентінің 2004 ж. 10 қарашадағы Жарлығымен <ref>"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қүрылымын жетілдірудің кейбір мәселелері туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 10 қарашадағы № 1472 Жарлығы</ref> ҚР Қарулы Күштерінің құрылымына бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 12 қарашадағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қүрылымын жетілдірудің кейбір мәселелері туралы" ҚР Президентінің Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 12 қарашадағы № 1189 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 45, 565-бап).</ref> министрліктің ҚР Қарулы Күштерінің Өңірлік әскер бас қолбасшысының басқармасы таратылып, ҚР Қарулы Күштерінің әскери даярлық бас басқармасы құрылды. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 2 ақпандағы қаулысымен <ref>"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2005 ж. 2 ақпандағы № 84 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2005, № 5, 42-бап).</ref> ҚР Қарулы Күштерінің арнайы әскерлері мен Тылы штат санының бекітілген лимиті шегінде ҚР Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік мекемелері құрылды: әскери полиция жасағы (ҚР Қорғаныс министрлігінің күзеті), әскери полиция жасағы (ҚР Қорғаныс министрлігіиің объектілерінің күзеті), әскери полиция бөлімдері және гарнизондардың анықтау және іздестіру бөлімшелері, әскери полиция мамандарын даярлау орталығы, зат қоймасы. <ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Қазақстан Республикасының министрліктері Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}