Әбдірасул Алдашұлы Жәрменов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым Әбдірасул Алдашұлы Жәрменов (11 қаңтар, 1956 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бабайқорғанда туған) – қазақстандық өнертапқыш ғалым. ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2003). Техника ғылымдарының докторы (1991), профессор (1994).

ҚР Ұлттық Минералдық шикізаттарды кешенді қайта өңдеу орталығының бас директоры
Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты (2001, 2015жж). ҚР Еңбек сіңірген өнертапқышы (2014).

Толығырақ

  • Әкесі -Жәрменов Апдаш (1909-1984), мақта бөлімшесінің бригадирі болып жұмыс істеген. Анасы - Жәрменова Рахима (1916-1992).
  • С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін химия мамандығы бойынша бітірген (1976), оқытушы.
  • Техника ғылымдарының кандидаты (1982), докторы (1991).Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Технологиялық ерітінділерден ауыспалы металлдардың тұздарын алу және тұздарды бөлу тәсілдері мен физикалық-химиялық негіздерін жасау». «Металлургия» мамандығы бойынша профессор (1994 жылдан).
  • 5 монографияның, оның ішінде «Қазақстанның минералдық шикізатын кешенді қайта өңдеу» 10 томдық монографиясының (2003); 350-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 250 ғылыми мақала, 80 өнертабыстың авторы.
  • 1977-1993 жылдары - инженерден ҚазКСР ҒА химия-металлургия институтының жетекшісіне дейінгі қызмет жолын өткерген.
  • 1985-1986 жылдары - ҚарМУ-дың кафедра меңгерушісі.
  • 1993 жылдан - «Қазақстан Республикасында Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК-ның бас директорының орынбасары.
  • 1999 жылдан бері - «Қазақстан Республикасында Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК-ның бас директоры.
  • ҚР ҰҒА ОҚБ төраға орынбасары (1991-1993).
  • Халықаралық минералдық ресурстар академиясының вице-президенті (2005 жылдан). ҚР ҰҒА вице-президенті (2006 жылдан). АҚШ Металлургтар жене материалтанушылар қоғамының (ТМЗ) (1995 жылдан) мүшесі.

Ғылыми атақтары

Марапаттары

Жеке қасиеттері

  • Діни көзқарасы - ұстамды ислам.
  • Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Дж. Вашингтон, М. Ганди.
  • Қазақстанның болашағы турапы болжамы - «Жақын арадағы 3-5 жылдың ішінде эксцестерді болдырмау қажет, сонда біз әлемнің неғұрлым дамыған 50 елінің қатарында боламыз».
  • Хоббиі - құрылыс.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - орыс және қазақ классикалық әдебиеті.

Жеке өмірі

Үйленген. Жұбайы - Жәрменова Зәуре Жоямергенқызы, кәсіпкер. Қыздары - Диана (1981 жылы туған), кәсіпкер, Жәния (1997 жылы туған); ұлдары - Алмас (1986 жылы туған), жетекші инженер. Адияр (1994 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер