Қазақстанның ашық кітапханасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Сайт

Қазақстанның ашық кітапханасы (Kitap.kz) - WikiBilim қорының интернеттегі қазақ тіліндегі контентті дамыту мақсатына арналған жобасы. Жоба қазақ әдебиеті мен қазақстандық ғалымдардың, өнер мен сан-саладағы шығармашылық жәдігерлерді авторлық құқықтарды сақтай отырып бір жерге жинақтап, насихаттауды мақсат ететін онлайн кітапхана.

Кітапхана Creative Commons лицензияларының негізінде қызмет ететін Қазақстандағы тұңғыш интернет-ресурс <ref>«Қазақстанның ашық кітапханасы» жобасы. Жоба туралы</ref>.

Күн сайын сайтқа 2000-ға жуық адам кіреді. Кітапхана қорында 4000 мыңнан астам шығарма, 200-ден аса автор, 100-ге жуық аудиокітаптар мен аудиоматериалдар жинақталған. Кітапхананың ажырамас бөлігі ретінде "Қазақ тілінің әмбебап сөздігі" қызмет етеді.

Тарихы

2012 жылдың 17 қыркүйек күні WikiBilim қоғамдық қоры "Интернеттегі қазақтілді мазмұнды дамыту және насихаттау" атты семинар тренингісін өткізу барысында Қазақстанның ашық кітапханасы жобасын таныстырды. Жобаға қатысу авторлар үшін де, оқырмандар үшін де тегін. «Қазақстанның ашық кітапханасында» жинақталған материалдардың негізін «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген туындылар құрайды. «Қазақстанның ашық кітапханасына» елімізге, қала берді әлемге танымал өмірден өткен тұлғаларымыздың қоғамдық игілік санатына енген шығармаларымен қатар қазіргі ақын-жазушыларымыздың да шығармалары Creative Commons еркін лицензиялары негізінде авторлық құқықтары сақталып енгізілуде.<ref>Қазақстанда онлайн кітапхана пайда болды</ref>.

«Қазақстанның ашық кітапханасы» тек қазақ әдебиеті шығармаларымен ғана шектелмек емес, осы кезеңге дейін қазақ тіліне аударылған шетел әдебиетінің де көрнекті шығармаларын қамтыған және ғылыми-зерттеу, танымдық, публицистикалық материалдар да орналастырылу үстінде. Сондай-ақ «Қазақстанның ашық кітапханасы» қорын мектеп бағдарламасындағы «Қазақ әдебиеті» пәнінде оқытылатын 175 автордың 1500-ден аса шығармасының аудиохрестоматиясы толықтыруда. Бұл арқылы кез келген тұтынушы мектеп бағдарламасында қамтылған күні бүгінгі кезге дейінгі тұтас бір әдеби әлемге еніп, туындылардың аудионұсқасын тыңдауға мүмкіндік алады.

Мақсаты

Жобаның мақсаты – халқымыздың асыл қазынасы саналған мұрағаттарды, көненің көзіндей болған өнер жауһарларын, ұлттығымызды паш етерліктей құндылықтарымызды көпшілікке таныту, ертеңгі күні елдігімізге сын болдырмай, келешек ұрпаққа саф күйінде жеткізіп, өскелең ұрпақтың бойына дарытып, қазақ әлемімен етене жақын болуына дәнекер болу, екіншіден, ұлттығымызды әспеттеп, елдігіміздің айбынын асыра, қазақ руханиятын толықтыруға салмақты үлес қосып, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларымен етене жақын танысқысы келетін кез келген адамды кез келген жерде аса көп қиындыққа кезіктірмей қажетті ақпаратпен қамтамасыз етіп, көпшіліктің сұранысын өз дәрежесінде қанағаттандыру.

Құрылымы

Авторлармен жұмыс

Пікірлер

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>