Испан тілі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тілдер

Испан тілі немесе КастеййаноИспания, Оңтүстік, Орталық Америка (Гаити, Гайана, Суринам, Кіші Антиль аралдарын қоспағанда) мен Мексиканың, Кубаның (барлығы 19 елдің) әдеби және ресми тілі. Сондай-ақ, испан тілі Перуде (кечуа тілімен қатар), Боливияда (кечуа және аймара тілдерімен қатар), Пуэрто-Рикода (ағылшын тілімен қатар) ресми тіл болып саналады. Үндіеуропа тілдері шоғырының роман тілдері тобына жатады. Испан тілі Испанияның бұрынғы отарлары – Танжерде (Марокко), Филиппин аралдарында (тагил тілімен қатар) қолданылады. Балқан түбегінде және Орта Шығыста көне испан тілі кездеседі. Испан тілі екі диалектілік топқа (солтүстік және оңтүстік) бөлінеді. Латын Америкасы тұрғындары тілінің лексикасы мен сөздерінің айтылуында өзгешелік бар. Испан тілі Пиреней түбегіне 2-Пуни соғысы кезінде (б.з.б. 218 – 201) римдіктердің келуіне байланысты тарады. Испан әдеби тілінің қалыптасуына кастиль диалектісі негіз болғандықтан, ол көп уақыт кастиль тілі деп аталды. Қазіргі испан тілінде 5 дауысты, 18 дауыссыз (16 қатаң, 2 ұяң) дыбыс бар. Зат есім, сын есім есептелмейді. Етістік формалары өте күрделі. Жазуда латын әліпбиін қолданады. Испан тілінде дүние жүзі бойынша 250 млн. адам сөйлейді.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}