Қадыр Баспақұлы Тайшықов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Жазушы

Қадыр Баспақүлы Тайшықов (1900, Павлодар облысы Баянауыл ауданы - 1937) - жазушы, аудармашы. Ташкент Орта Азия мемлекеттік университетін бітірген (1928). 1928 - 32 жылы "Еңбекші қазақ", 1932 - 33 жылы "Оңтүстік Қазақстан" газеттерінде, 1933 - 37 жылы Қазақтың мемлекеттік баспасында редактор қызметін атқарды. 1925 жылы әңгімелері мен фельетондары "Мөлтең", "Бұйрас", "Қабсыңқа" деген бүркеншік аттармен жарияланды. "Күлмеске не" (1935) сатиралық жинағы, "Оңшы Қалжан" (1937) повестері, тағыда басқа шығармалары жарық көрген. "Таскын" атты күй, "Партизан жыры", "Полк әні", "Комсомол әні", тағыда басқа ән мәтіндерінің авторы. Орыс жазушылары Н.В. Гогольдің "Өлі жандар", Д.А. Фурмановтың "Чапаев" атты романдарын, А.П. Чеховтың, М.Е. Кольцовтың, М.М. Зощенконың, тағыда басқа бірқатар әңгімелерін қазақ тіліне аударған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}