Талаптан Ахметжан
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Талаптан Ахметжан - (16 желтоқсан 1961 жыл Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Теректібұлақ ауылы) - жазушы, драматург.
- 1977 жылы Теректібұлақ орта мектебінің 8 сыныбын өте жақсы бітіріп, Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы мектеп-интернатқа ауысады.
- 1979 жылы мектеп-интернатты бітіріп, Өскемен құрылыс-жол институтына оқуға түседі.
- 1985 жылы институты бітіріп, құрылыста мастер
- Шығыс Қазақстан облыстық телерадио комитетінде редактор
- республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі
- Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінде Бас маман
- «Егемен Қазақстан» газетінде бөлім редакторы
- «Парасат» журналында Бас редактордың орынбасары
- Қазақстан жазушылар одағы басқармасы Төрағасының орынбасары
- «Ан Арыс» баспасының Бас редакторы қызметтерін атқарған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9</ref>
Жетістіктері
- Қазақстан шығармашылық жастарының Республикалық «Жігер» фестивалінің (баспасөзде жарияланған әңгімелері үшін, 1988)
- Қазақстан жазушылар одағының Оралхан Бөкей атындағы сыйлығының (жазушы жайлы жазған естеліктері мен сын мақалалары үшін, 1995)
- Қазақстан Жастар одағы сыйлығының («Тұма» атты тырнақалды кітабы үшін, 1996)
- Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының («О дүниенің қонағы» атты кітабы үшін, 2002)
- Халықаралық Валентин Пикуль атындағы сыйлықтың (шығармашылықтағы жетістіктері мен халықаралық әдеби байланысқа сіңірген еңбегі үшін, 2008 ) лауреаты.
Шығармалары
- «Тұма» («Жалын» 1995 ж.)
- «Сұлу мен суретші» («Білім» 1997 ж.)
- «О дүниенің қонағы» («Елорда» 2001 ж.)
- «Ақиқат жолы» («Қазақ-парат» 2003 ж.)
- «Мұң» («Қазақапа-рат» 2003 ж.) прозалық кітаптары,
- Таңдамалы шығармаларының үш томдығы («Жалын» 2006, 2007, 2008 жж.) жарық көрген.
Драмалық шығармалары республикалық театр сахналарында қойылуда.
- «Қараторғай» атты спектаклі он шақты жылдан бері Батыс Қазақстан облыстық театрының сахнасында қойылып келеді.
Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық Жастар мен балалар театрында
- «Екі жүрек»
- «Тазша бала»
- М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында «Сұлу мен суретші»
- Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында «Қараторғай» атты спектакльдері жүріп жатыр.
Республикалық басылымдарда бұл спектакльдер жайлы жылы лебіздер көп жариялайды.
Белсенділігі
- 2005 жылы Түркияның Стамбул қаласында өткен Халықаралық Жазушылар форумына
- 2007 жылы мамыр айында «Диалог-Евразия» платформасы ұйымдастырған Украинаның Киев қаласында өткен Халықаралық конгреске
- қараша айында Мәскеу қаласында өткен Халықаралық Жазушылар конгресіне қатысқан.
Шығармалары орыс, түрік, корей тілдеріне аударылды.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}