Корей тілі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тілдер

Сурет:Hangugeo-Chosono.png
"Хангуко"(한국어) және "Чосоно" (조선어)

Корей тілі (Үлгі:Lang-ko хангуко/чосонмаль) — КХДР мен Корея Республикасының мемлекеттік тілі. 78 миллионға жуық адам сөйлейді. Қытай, Жапония, АҚШ, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан елдерінде таралған.Солтүстік Кореяда "чосонмаль" (조선말) немесе "чосоно"(조선어), ал Оңтүстік Кореяда "хангунмаль/хангуго" (한국말/한국어) немесе "куго" (국어, мемлекеттік тіл) деген атаулары қолданылады.

Тіл шоғыры

Корей тілі туыстық тегі жөнінен ешқандай тілдік топқа қосылмайды. Грамматикалық құрылысы жағынан жалғамалы тіл. Кейбір ғалымдар лексикалық, фонетикалық және морфологиялық, синтаксистік ұқсастығына қарап, Корей тілін Алтай тілдері (түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур тілдері) шоғырына қосып жүр. Корей тілі солтүстік-шығыс, солтүстік-батыс, орталық, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс және чечжудо (аралдың атымен аталған) диалектілеріне бөлінеді. Әдеби тілі орталық диалекті негізінде қалыптасқан.

Грамматикасы

Корей тілінде 40 фонема бар. Екі дауыссыз қатар келмейді. Дауыстылар үндестігі басым. Сөз табы 5 топқа бөлінеді. Етістіктің жақтық, сандық және род категориялары жоқ. КХДР-де корей жазуы, Корея Республикасында аралас қытай-корей жазуы қолданылып жүр.

Сурет:Map of Korean language.png
Корей тілі тарауы
Ұлттық жазуы "хангыль" (한글 - корей жазуы) деп аталады.

Дереккөздер

<references/>Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Корей тілі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}