Сергей Викторович Лавров
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Сергей Викторович Лавров (21 наурыз 1950 жыл, Мәскеу)<ref name="munzinger">Үлгі:Cite web</ref> — ресейлік саяси қайраткер, дипломат, 2004 жылдан бергі Ресейдің Сыртқы істер министрі.
Лавров — Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, 2022 жылдан бері Ресейдің Украинаға басып кіруіне қатысқаны себебінен АҚШ, Еуропа одағы, Ұлыбритания, Канада, Аустралия, Жапония мен басқа да елдердің жеке санкцияларына ұшырады. Бұрын Лавров Ресейдің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі (1994–2004) және Сыртқы істер министрінің орынбасары (1992–1994) лауазымдарының иесі болатын.
Мазмұны
- 1 Жастық шағы және білімі
- 2 Мансабы
- 3 Сын
- 4 Жеке өмірі
- 5 Санкциялануы
- 6 Марапаттары
- 7 Дереккөздер
Жастық шағы және білімі
Лавров әкесінің ұлты тбилисилік армян<ref>Үлгі:Cite web</ref> және тегі Калантарян болғаны белгілі.<ref name="armedia">Үлгі:Cite web</ref> Анасы, Ногинск тумасы орыс Калерия Борисовна Лаврова,<ref name="armedia" /> КСРО Сыртқы сауда министрлігінде жұмыс істейтін.
Сергей Лавров 1950 жылғы 21 наурызда, Мәскеу қаласында дүниеге келген.<ref name="europarl" />
Сүйікті сабағы физика болғандықтан, ол Ұлттық зерттеу ядролық университетіне, не Мәскеу физика-техникалық институтына түсуді жоспарлады, бірақ Мәскеу халықаралық қатынастар мемлекеттік институтына (МГИМО) түсіп, 1972 жылы сол жердегі оқуын бітірді.<ref name="europarl">Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref>
МГИМО-дағы оқуы кезінде Лавров халықаралық қатынастарды оқыды. Көп ұзамай ол Шри-Ланканың сол кездегі жалғыз ресми тілі болған сингал тілін, сондай-ақ Мальдив аралдарының ресми тілі дивехиді, және ағылшын мен француз тілдерін де үйренді. Университетке қабылданғаннан кейін Лавров басқа студенттермен бірге Останкино мұнарасын салып жатқан студенттік құрылыс бригадасына бір айға жіберілді.<ref>Үлгі:Cite webҮлгі:Wayback</ref>
Жазғы демалыста Лавров сонымен қатар Хакасия, Тыва және Ресейдің Қиыр Шығысында университетінің студенттік құрылыс бригадаларында жұмыс істеді. Әр семестрде Лавров курстастарымен бірге драмалық спектакльдер жүргізді, кейінірек олар университеттің басты сахнасында ұсынылды. Оқуының үшінші жылында Лавров үйленді.<ref name="lenta">Үлгі:Cite web</ref>
Мансабы
Шри-Ланка елшілігіндегі мансабы (1972–1976)
Лавров МГИМО-дағы оқуын 1972 жылы бітірді. МГИМО түлектері оқуын бітіргесін міндетті түрде Сыртқы істер министрлігінің Орталық аппаратында жұмыс істеуі керек деген ереже сол кезде жоқ болған, сондықтан да Лавров Шри-Ланкадағы елшілікте орын бос болғанда сол жерге аға референт болып барды. Сол кезде Кеңес Одағы мен Шри-Ланка арасында тығыз нарықтық және экономикалық ынтымақтастық болды және Кеңес Одағы елде табиғи каучук өндірісін бастады.<ref name="lenta" />
Шри-Ланкадағы КСРО елшілігі Мальдив аралдарымен де қарым-қатынасты сақтады. Шри-Ланкадағы елшілікте небәрі 24 дипломат жұмыс істеді. Лавров елшіліктегі небәрі 24 дипломаттың бірі болды, аудармашы, жеке хатшы және кейін Өзбек КСР басшысы болған Рапық Нышановтың көмекшісі болып жұмыс істеді және елдегі жағдайды талдауға жауапты болды. Шри-Ланка елшілігіндегі қызметі үшін ол атташе дипломатиялық дәрежесіне ие болды.<ref name="lenta" />
КСРО Сыртқы істер министрлігі және БҰҰ (1976–1992)
1976 жылы Лавров Мәскеуге оралды, КСРО халықаралық экономикалық байланыстар секциясының үшінші және екінші хатшысы болып жұмыс істеді. Онда ол аналитикамен айналысты және оның кеңсесі әртүрлі халықаралық ұйымдармен, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымымен жұмыс істеді. 1981 жылы ол Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Кеңес миссиясының аға кеңесшісі болып Нью-Йорк қаласына жіберілді.
1988 жылы Лавров Мәскеуге оралды және КСРО-ның халықаралық экономикалық байланыстар бөлімі бастығының орынбасары болып тағайындалды. 1990–1992 жылдары ол КСРО СІМ Халықаралық ұйымының директоры болып жұмыс істеді.<ref name="lenta" />
КСРО-ның ТМД-ға айналуы (1992–1994)
1991 жылғы қазанда КСРО Сыртқы істер министрлігінен РКФСР СІМ бөлінді, РКФСР Сыртқы істер министрі болып Андрей Козырев тағайындалды. Сол жылғы желтоқсанда ол Ресей Сыртқы істер министрлігі болып өзгертілді.
Сергей Лавров 1992 жылы жаңа құрылған РФ СІМ Халықаралық ұйымдар және Дүние жүзі мәселелері департаментінің директоры болды.<ref name="lenta" /> Ресей президенті Ельцинның 1992 жылғы №568 жарлығымен Лавровқа Ресей Федерациясындағы ең жоғарғы дипломатиялық дәреже, Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі берілді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі (1994–2004)
Лавров өзінің СІМ-дегі қызметін 1994 жылы аяқтап, сол жылғы қыркүйекте БҰҰ-дағы жұмысын жалғастырды, осы жолы Ресейдің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі ретінде.<ref name="lenta" /> Сонымен қатар ол 1995 жылғы желтоқсанда, 1997 жылғы маусымда, 1998 жылғы шілдеде, 1999 жылғы қазанда,<ref>Үлгі:Wayback</ref> 2000 жылғы желтоқсанда, 2002 жылғы сәуірде және 2003 жылғы маусымда<ref>Үлгі:Wayback</ref> БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы болды.
Сыртқы істер министрі (2004–)
2004 жылғы 9 наурызда Сергей Лавров Владимир Путинның бұйрығымен Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.<ref name="europarl" /> Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, 2014 жылғы сәуірден ЮНЕСКО істері жөніндегі Ресей комиссиясының төрағасы, 2010 жылғы қаңтардан Экономикалық даму және интеграция мәселелері жөніндегі Үкімет комиссиясының мүшесі.
2021 жылы ол Мемлекеттік Думаға сайлауға «Біртұтас Ресей» партиялық тізімі федералдық бөлігінің жетекшісі ретінде қатысты. 2021 жылғы 29 қыркүйектегі сайлаудан кейін ол (партиялық тізімдегі басқа лидерлермен бірге, Үлгі:Iw санамағанда<ref>Үлгі:Cite web</ref>) мандатынан бас тартты.
Сирия азаматтық соғысы
Сирия азаматтық соғысының басында құрамында Лавров пен Михаил Фрадков болған Ресейдің делегациясы Сирияға барып, Башар әл-Асад үкіметін қолдайтынын айтып кетті. Бұдан бұрын Ресей БҰҰ-да орын алған Сирияға санкция салу жайлы дауыс беруге вето салған еді.<ref>Үлгі:Wayback</ref>
2013 жылғы қыркүйекте сол кезде АҚШ Мемлекеттік хатшысы болған Джон Керри мен Лавров Асадтың Сириясында сақталған барлық дерлік химиялық қаруды жою туралы серпінді келісімге келді. Келісімге Швейцарияның Женева қаласында өткен үш күрделі келіссөздерден кейін қол жеткізілді.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Көп ұзамай Сирия бұл жоспарды толығымен қабылдады және 2014 жылғы маусымда Сирия үкіметі ұсынған барлық химиялық қару<ref>Үлгі:Cite web</ref> Шығыс Жерорта теңізінде қауіпсіз түрде өртенді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Шетелдік бақылаушылар әл-Асадтың билігін ауторитарлық диктатура<ref name="syria">Үлгі:Cite web</ref> және «әлемдегі ең репрессиялық режімдердің бірі»<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> деп сипаттады және олардың сарбаздарын әскери қылмыс, азап<ref name="syria" /> жасап жүр деп айыптайды.
Ресей–Украина қақтығысы (2014)
Қырым статусы жайлы референдумнан кейін Лавров Украинаның еш блокқа кірмей, ресми тілдері қатарында орыс тілі бар жаңа ата-заңын қабылдауы керек деп санайтынын айтқан.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
30 наурыз күні берген интервьюде Лавров Украинадағы саяси дағдарысты тоқтатуға көзделген, Віктор Янукович, Віталій Кличко, Арсеній Яценюк, Олег Тягнибок пен Польша, Франция мен Германия Сыртқы істер министрлері қол қойған 21 ақпан күнгі келісім жайлы сөйледі. Ол елдегі дағдарысты федерализм шеше алады деп санайтынын, орыс тілінің «де-ресмиленуіне» қарсы болғанын айтқан және «Батыстың» Украин төңкерісі мен Қырым статусы жайлы референдумының бір деңгейде көруін қалайтынын айтып кеткен.
Лавров Ресейдің Украинадағы сепаратистермен байланысы бар екенін мойындаса да, Ресейдің оларды қаржыландыруын жоққа шығарды. Лавров «Ресей сепаратистерді қаржыландырады» деген айыптарды бастаған АҚШ «Украинадағы дағдарысты одан әрі нашарлатқысы келіп тұрғаны» етіп көретінін айтты.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2017 жылы Украинада білім беру заңы қабылданды, ол бойынша елде білім беру тек бір тілде, украин тілінде болады. Ресей Сыртқы істер министрлігі бұл заң «көпұлттық мемлекетте моноэтникалық [бірұлттық] тіл режімін күштеп орнатуға арналған» деп мәлімдеді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Ресейдің Украинаға басып кіруі (2022–)
2022 жылғы қаңтарда Америка Құрама Штаттары Ресейді Украинаға басып кіру мақсатымен елге «жалған жалау операциясын» өткізу үшін диверсанттарды жіберді деп айыптады. Лавров АҚШ-тың бұл мәлімдемесін «жалған ақпарат» деп санады.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Сол жылғы 4 ақпанда Лавров Америка Құрама Штаттарының Ресей Украинада соғыс бастауға сылтау ретінде Украина күштерінің сепаратистер бақылауындағы Донбассқа шабуыл жасағаны туралы жалған видео дайындап жатыр деген айыптауларын «бос сөз» және «жындылық» деп санады.<ref>Үлгі:Cite web</ref> 10 ақпан күні Лавров Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Лиз Трасспен кездесті. Ресейдің әскерилерін Украина шекарасынан кетуін қалаған Трасспен сөйлескенін Лавров «мылқау, саңыраумен сөйлескендей» деп сипаттады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Батыстық дипломаттардың ойынша Лавровтың Ресейдің сыртқы саясатына нақты ықпалы жоқ және ол тек Путиннің үгіт-насихатшысына айналды. Сыртқы саясат сарапшысы Анджела Стент: «Біздің білуімізше, Лавровтың өзі соғыс жайлы оның басталған кезінде ғана білген», – деді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2022 жылғы 25 ақпанда, Ресей Украинаға басып кіруін бастаған күннің ертеңінде, Лавров Путин басып алуды «украиндықтарды қысымнан босату» үшін бұйырды деп мәлімдеді.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Сол күні АҚШ, Ұлыбритания, ЕО және Канада Лавров пен Путинге қарсы санкциялар жариялады.<ref name="sanksya">Үлгі:Cite web</ref> 10 наурыз күні Лавров «Ресей Украинаға шабуыл жасаған жоқ және еш елге шабуылдауды жоспарлап тұрғаны да жоқ» деген.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
1 қыркүйекте министр Транснистриядағы ресейлік әскерилердің қауіпсіздігіне қауіп төнуі мүмкін екенін айтып, Молдова басшылығын Батыстың нұсқауларына «көне салып, тыңдайды» деп айыптап, республикада «русофобия көбеюде» деп мәлімдеді. Сол күні Молдова Сыртқы істер министрі Нику Попеску осы мәлімдемелерге байланысты Ресейдің Молдовадағы уақытша сенімді өкілін министрлікке шақырды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2023 жылғы мамырда Лавров Германияның Украинаны қолдауын олардың «нацистік генетикасымен» байланыстырды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Сол жылғы қыркүйекте Лавров Ресейдің Украинамен келіссөз жүргізуге дайын екенін айтып кетті, бірақ атысты тоқтату жайлы келісім орындалмайтыны айтылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Сын
Жемқорлық айыптары
2021 жылғы 16 қыркүйекте Алексей Навальный Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қорының тергеуін жариялады, онда Сергей Лавров пен Светлана Полякованың байланысы және оның туыстарымен бірге іссапарға ұшатыны және ресейлік кәсіпкер Олег Дерипасканың үйлері мен яхталарын пайдаланатыны айтылған. Тергеу барысында Лавровтың Дерипаскаға түрлі қызметтер көрсететіні де айтылды. Тергеуде айтылғандай, министр олигархқа АҚШ азаматтығын алуға көмектесу үшін америкалық лоббистерге жеке хат жазды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Еврейлер жайлы тұжырымдары
Лавровтың күйеу баласы — Израиль азаматы және бірнеше туысы Израильде туғанына<ref>Үлгі:Cite web</ref> қарамастан оның түрлі антисемиттік сөз айтқаны бар.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite webҮлгі:Wayback</ref><ref>Үлгі:Cite webҮлгі:Wayback</ref><ref>Үлгі:Cite webҮлгі:Wayback</ref>
2022 жылғы 1 мамырда италиялық Mediaset телекомпаниясына берген сұхбатында Украинаны «нацификациялау» туралы айыптаулар президент Володимир Зеленськийдың еврей екендігіне қаншалықты сәйкес келеді деген сұраққа Лавров былай деді: «Мен қателесуім мүмкін, бірақ Гитлерде де еврей қаны болды... Дана еврей халқы айтуынша, ең жалынды антисемиттер, әдетте, еврейлер.».<ref>Үлгі:Cite webҮлгі:Wayback</ref>
18 қаңтарда 2022 жылға арналған қорытынды баспасөз мәслихатында ол АҚШ пен Еуропаны орыс мәселесін түпкілікті шешуге тырысып жатыр деп айыптады және Адольф Гитлердің еврей мәселесімен салыстырды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Ақ үй Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникациялар үйлестірушісі Джон Кирби ресейлік шенеуніктің сөздерін абсурд деп атады,<ref>Үлгі:Cite web</ref> Еуропалық еврей конгресі оларды Холокостты бұрмалау деп санады және Лавровтың кешірім сұрауын талап етті.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Жеке өмірі
Сергей Лавров 1971 жылдан бері Мария Лавроваға үйленген, бір қызы және екі немересі бар.<ref name="starhit">Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> Әкесі Біріккен Ұлттар Ұйымында жұмыс істеп жүргенде АҚШ пен Лондонда тұрған олардың қызы Екатерина Сергеевна Лаврова — Колумбия университетінің түлегі. 2014 жылға дейін Нью-Йоркте болған және ұзақ уақыт Ресейден тыс жерде болғандықтан ол орыс тілін жетік білмейді.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Ол ресейлік бизнесмен Үлгі:Iw үйленген.<ref name="starhit" />
Лавров 2000 жылдардың басынан бері Светлана Поляковамен қарым-қатынаста деген болжамдар бар.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref name="kovaleva">Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> Полякованың қызы, Полина Ковалева, 21 жасында Лондонның Кенсингтон атты элиталық ауданында £4.4 миллионға тұрғын үй сатып алған еді.<ref name="kovaleva" /> 2022 жылғы 25 наурызда Ұлыбритания үкіметі оған Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты кеңейтілген санкциялар бағдарламасының бөлігі ретінде санкциялады.<ref name="kovaleva" />
Лавров орыс, ағылшын, мальдив, француз және сингала тілдерін еркін меңгерген.<ref>Үлгі:Cite webҮлгі:Wayback</ref>
Санкциялануы
Лавров 2022 жылғы Ресейдің Украинаға басып кіруіне қатысқаны үшін Еуропа Одағы, Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Жапония және Аустралияда жеке санкцияларға ұшырады.<ref name="sanksya" /><ref>Үлгі:Cite web</ref>
2022 жылғы наурызда Ұлыбритания Лавровтың өгей қызы Полина Ковалеваға санкция салды<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> және сол сәуірінде Канада Лавровтың әйелі Мария мен қызы Екатерина Винокурованы санкциялады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Лавровқа 2011 жылы Норвегиядағы Тромсө университеті Баренц теңізінің норвегиялық және ресейлік секторы арасындағы теңіз шекарасын бөлу туралы бейбіт келіссөздердегі рөлі үшін құрметті докторлық дәрежесін алды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> 2022 жылы оның Украинаға басып кіруіне және соған байланысты халықаралық құқықты бұзуына байланысты ғылыми дәрежесі күшін жоғалтты. Лавров Норвегияда құрметті докторлық дәрежесін жоғалтқан жалғыз адам.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref>
Марапаттары
Ресейлік марапаттары
- Ресейдің Еңбек Ері (2020);<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 1-дәрежелі Отан алдындағы қызметі үшін ордені (2015),<ref>Үлгі:Cite web</ref> 2-дәрежелі (2010),<ref>Үлгі:Cite web</ref> 3-дәрежелі (2005)<ref>Үлгі:Cite web</ref> және 4-дәрежелі (1998);<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2-дәрежелі Столыпин П.А. ордені (2020);<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Құрмет ордені (1996);<ref>Үлгі:Cite webҮлгі:Wayback</ref>
- Ресей Федерациясы Президентінің Құрмет грамотасы (2010).<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Ресей Федерациясы Президентінің алғысы (2006,Үлгі:Дереккөзі келтірілмеген 2005,<ref>Үлгі:Cite web</ref> 2000,<ref>Үлгі:Cite web</ref> 1994<ref>Үлгі:Cite web</ref>)
Шетелдік марапаттары
- Мали ұлттық ордені (Мали, 2023)<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Федерация ордені (Біріккен Араб Әмірліктері, 2021)<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Жұлдызды «Құрмет» орденінің командоры (Мажарстан, 2021)<ref>A köztársasági elnök 282/2021. (VI. 2.) KE határozata. In.: Magyar Közlöny. 2021. évi, 101. sz., 4331. o. Үлгі:Wayback</ref>
- Достық ордені (Өзбекстан, 2020)<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 1-дәрежелі Барыс ордені (Қазақстан, 2020)<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- III Макариос орденінің үлкен кресті (Кипр, 2020)<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Әулие Агата ордені (Сан-Марино, 2019)<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалі (Қазақстан, 2019)<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Мойындалмаған мемлекеттерден марапаттары
- 1-дәрежелі «Құрмет және Даңқ» ордені (Абхазия, 2023)<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Халықаралық ұйымдардан марапаттары
- 1-дәрежелі Еуразиялық Одақты құруға сіңірген еңбегі үшін медалі (Еуразиялық экономикалық одақ, 2015)
Конфессиялық марапаттары
- 1-дәрежелі Әулие апостолдар Пётр мен Павел ордені (Антиохия православ шіркеуі, 2015)<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 1-дәрежелі Әулие Сергий Радонежский ордені (Орыс православ шіркеуі, 2015)
- 1-дәрежелі Мәскеу Әулие ханзадасы Даниил ордені (Орыс православ шіркеуі, 2010)<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2-дәрежелі Мәскеу Әулие ханзадасы Даниил ордені (Орыс православ шіркеуі)
Құрметті атақтары
- Гватемаланың құрметті азаматы (2010)<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Манагуаның құрметті азаматы (Никарагуа, 2010)<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Ресей дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері (2004)<ref>Үлгі:Cite web</ref>