Санжар Оразұлы Жандосов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жандосов Санжар Оразұлы (29.1.1930, Алматы қаласы - 12.8.1992, сонда) - қоғам және мемлекеттік қайраткері, ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты (1967), Қазақстанның еңбек сіңірген экономисті. 1947 ж. Өзбекстандағы Қоқан мұнай техникумын, 1963 ж. ҚазМУдің экономика факультетін, 1967 ж. СОКП ОК жаныңдағы Қоғамдық ҒА-н бітірген.

Әкесі О.Жандосов сталиндік репрессияға ұшырағандықтан ол 7 жасыңда отбасымен Өскемен, Ташкент, Қоқан қаласына (1937-47) жер аударылған. 1947-57 ж. Гурьев (Атырау) облысындағы Қосшағын, Құлсары мұнай өндіру көсіпшіліктерінде жұмыс істеген. "Халық жауы" деген жаламен жазықсыз жазаланған өкесі ақталған соң Санжар Алматыға оралып, Қазақ КСР жоспарлау комитетінде (1957-58), Алматы қ-лық партия комитетінде (1959-63; 1969-71), Алматы облыс партия комитетінде (1963-64), республика теле-радиохабарлары комитетінде, Қазақстан КП ОК-нде (1967-69; 1975-79) әр түрлі жауапты қызмет атқарған. 1971-75 ж. Қазақ КСР мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы экономика ҒЗИ-ның директоры, 1979-83 ж. Республикалық білім беру қызметкерлері көсіподақ комитетінің төрағасы, 1986-90 ж. Қазақ КСР Еңбек және олеум, мәселелер жөніндегі мемлекеттік к-т төрағасы. 1990-92 ж. Қазақстанның "Интертренинг" ұйымын басқарып, Шаруа қожалығы қауымдастығының төрағасы, сондай-ақ Қазақстан кәсіпкерлері конгресінің тұңғыш президенті болды. Жандосов қоғамдық тұрмыстың қай саласында еңбек етсе де косіби біліктілік пен тежірибеліктің, азаматтық табандылық пен алғырлықтың үлгісін көрсете білді. Ол тарихи шындық пен саяси-әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру бейресми мақсатында құрылған "Әділет" ("Справедливость") тарихи-ағартушылық қоғамын басқарып, "Алматы қаласының еңбек потенциалының тиімділігі үшін" атты хальгқ университетін ұйымдастырды. 2 мәрте "құрмет белгісі" және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. 40-қа жуық ғылыми еңбегі жарияланған.<ref>Санжар Джандосов: Воспоминания, документы, очерки, стихи (сост. Илыра Джандосова-Джансугирова), ауылы, 2000</ref><ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Санжар Оразұлы Жандосов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}