Қосшағыл

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан ҚосшағылАтырау облысы Жылыой ауданындағы ауыл, мұнай кәсіпшіліктері орталықтарының бірі, Қосшағыл ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы – Құлсары қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 14 км-дей жерде, Құлсары – Қаратон автомобиль жолы бойында орналасқан.

Тарихы

Іргесі 1926 жылы өзімен аттас мұнай кен орнын игеруге байланысты қаланды. 1934 жылы кентке айналды. Осы кезден бастап Қосшағылдың инфрақұрылымы қалыптаса бастады. 1935 жылы Қосшағыл мұнай кәсіпшілігінде 19 ұңғыма жұмыс істеді. 1938–54 жылдары аудан орталығы болды. Кейінгі кезде кен орнында мұнай қорының азаюына байланысты мұнай өндіру көлемі кеміді.

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009<ref name="source122">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Үлгі:Webarchive</ref> 2021<ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>
6125 Үлгі:Құлдырау4067 Үлгі:Құлдырау2721 Үлгі:Құлдырау2462 Үлгі:Өсім2465 Үлгі:Өсім3790 Үлгі:Өсім4061 Үлгі:Құлдырау4049

Кәсіпорындары

Қосшағылда Құлсары мұнай өндіру басқармасының цехы, су және мұнай айдау станциясы, орталық жылу қазандығы, наубайхана, телефон станциясы. Қосшағылдан Қаратон мен Мұнайлы кенттеріне ұзындығы 63 және 46 км су құбыры тартылған.

Әлеуметтік және мәдени нысандары

  • №2 орта мектеп — Бұрынғы М.Ю.Лермонтов мектебі, 1932 ж. бастауыш, 1935 жылы 7 жылдық, 1938 жылы орта мектеп болып үлкейтілді.
  • «Мейірім» бөбекжай бақшасы
  • «Қосшағыл» мәдениет үйі
  • Дәрігерлік амбулатория — 25 келушіге арналған екі қатарлы ғимарат.
  • Дене шынықтыру-сауықтыру кешені

Діни ұйымдар қызметі

  • Қосшағыл ауылдық мешіті — 2023 жылдың қараша айында ашылды. 300 адамға ықшамдалып тұрғызылған мешітте намаз оқу, құран оқу және имам бөлмесі бар. Құлшылық үйі 1998 жылы пайдалануға берілген 70 орындық бұрынғы мешіттің орнына салынған.<ref>Қосшағыл ауылында 300 орындық мешіт ашылды</ref>

Ауыл суреттері

Дәрігерлік амбулатория Қосшағыл ауыл мешіті «Мейірім» бөбекжай бақшасы

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Жылыой ауданы елді мекендері