Розабал кесенесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Rozabal.JPG
Розабал кесенесі. Маңдайшасында – "Ziarati Hazrati Youza Asouph and Syed Nasir-u-Din" ("Бұл Хазреті Йуза Асаф пен Сайед Насир-у-диннің зираты") деп жазылған.

Розабал немесе Рауза бал, Роза-бал (кашмирше: रोज़ाबल немесе रौज़ाबल (деванагари), Үлгі:Lang-ur) Кашмир штатының орталығы Сринагар қаласының Ханияр ауданында орналасқан киелі кесене. Жергілікті халықтың естелігінде бұл кесене «Пайғамбардың зираты» деген атауға ие.<ref>Разъяснительная газета «Вариант развития», № 3-4, май 2000 г. Статья: «Еще одна могила» – стр. 10</ref> Бұл кесенеде дана Йузу Асаф (немесе Юз Асаф) пен мұсылмандық әулие Мир Сайед Насируддин жерленген.

Ғимараты

Кесене - төрт бұрышты аласа ғимарат етіліп салынған, айналасы темір шарбақпен қоршалған. Кесененің қазіргі ғимараты көне дәуірде тастан салынған ғимараттың үстіне тұрғызылған жаңа ғимарат. Жаңа ғимарат кірпіш пен ағаштардан тұрғызылған. Ғимараттың ішіне ғимараттың шығыс жағына жапсарлас салынған құрылыс арқылы оңтүстік жақтан кіреді. Маңдайшасында - «Бұл Хазреті Йузу Асаф пен Сайед Насир-у-диннің зираты» деген жазуы бар. Ғимараттың солтүстік және оңтүстік жақтарында үш терезеден, батыс жағында бес терезе, шығыс жағында төрт терезесі бар. Барлық терезелердің жақтаулары ағаштан жасалып, сыртынан тормен көмкерілген. Ғимараттың ішінде ортанғы бөлігінде ағаштан жасалған тікбұрышты сағана орналасқан, ал оның ішінде ағаш табыт бар.<ref>"В поисках исторического Иисуса". автор Фида Хасснайн. Гл.: Гробница Йузу Асафа</ref> Сағананың ішінде Йузу Асафтың табан іздерін көрсететін тасқа қашалған жәдігер сақталған. Бұл белгі Йузу Асафтың табанында жарақаттар болғанын анық көрсетеді, өйткені табан іздерінде терең жарақаттың зақымдары көрсетілген. Зерттеуші ғалым Фида Хасснайнның айтуы бойынша, бұл белгі крестке (айқышқа) керілген адамның шегеленген аяқтарының зақымдары болса керек.<ref>"В поисках исторического Иисуса". автор Фида Хасснайн. Гл.: Рельефное изображение стоп Иисуса Христа</ref> Йузу Асафтың қабірі, ағаш табыттың астынғы қабатында ғимараттың жер асты бөлігінде, яһудилық дәстүрге сай шығыстан батысқа бағытталып жерленген.<ref>Иисус жил в Индии. omkara.ru</ref> Кесене бұрыннан бері жергілікті халықпен қастерленіп қорғалып келеді, қазіргі уақытта бұл кесене сүннеттік-мұсылмандардан тұратын кеңестін қамқорлығында.<ref>Three Testaments: Torah, Gospel, and Quran edited by Brian Arthur Brown 2012, ISBN 1442214929 Rowman & Littlefield page 196</ref>

Кесенеде жерленген екі әулие

Йузу Асаф (Юз Асаф)

Үлгі:External media 19-шы ғасырдың аяғында алғашқылардың бірі болып мәлімдеме жасаған, Исламдық Ахмадия жамағатының негізін құрған Мырза Ғұләм Ахмедтің айтуы бойынша, бұл зират негізінде исраил халқына келген Иса пайғамбардың (ғ.с.) сүйегі жатқан жер болып табылады. Бұндай пікірді ол өзінің «Масих Хиндустан Мэйн» («Иса Үндістанда») атты кітабында біршама ғылыми, тарихи және діни кітаптардан деректер келтіріп қуаттайды.<ref>Jesus in India: Jesus' Deliverance from the Cross & Journey to India. By Hazrat Mirza Ghulam Ahmad. Islam International, 2003.</ref> Бүгіндері бұл пікірді оның ізбасарларынан бөлек көптеген тәуелсіз ғалымдар, саяхатшы-зерттеушілер де қоштайды.<ref>Осы пікірді қолдайтын кейбір зерттеушілер:

</ref> Мырза Ғұләм Ахмедтің түсіндірмесі бойынша, Иса Мәсіх (ғ.с.) палестина жерінде крестке (айқышқа) керілгенімен, оның жаны крестте қиылып кетпеген.<ref>"Иса Мәсіх айқышта өлді ме?" Ақ Мұнара арнасы. youtube.com</ref> Есінен талған Иса (ғ.с.) кресттен тірі күйінде түсіріліп, денесі мазар іспетті жасалған үнгірге қойылған, сосын Иса бірер күннен кейін есіне келіп, сыртқа сау күйінде шыққан. Кресттегі оқиғадан кейін ол Исраилдің жоғалған тайпаларын іздеп табу үшін, шығысқа қарай бет алды.<ref>Jesus in Kashmir. A London Mosque Publication. alislam.org</ref> Тарихқа үнілетін болсақ, біздің дәуірден 5-6 ғасыр бұрын асириялықтардың шабуылдарынан көне Исраил патшалығы (немесе яһудилердің Солтүстік Патшалығы) тасталқан болған, ал оның халқы қазіргі Ауғанстан, Пәкістан және Солтүстік Үндістан жаққа жер аударылған. Жер аударылған тайпалар (рулар) көне исраилдің 12 руының 10 руын құраған екен. Қалған екі ру оңтүстік Яһудия патшалығында өмір сүрген, олар да кейінірек бабылдықтардың шапқыншылығына ұшырап, жерлерінен қудаланған. Алайда Парсы патшасы Кирдің заманында бабылдықтар құлдыққа әкеткен екі ру Палестина жеріне қайтып оралғанымен, бұрын жоғалған 10 ру сол күйі отандарына қайтып оралмаған. Сол уақыттан бері олар яһудилердің аңыз әдебиеттерінде «Исраилдің жоғалған он тайпасы», «Исраил үйінің құрдым болған қойлары» деген атауға ие болып келді.<ref name="jew-observer.com">Пуштуны – потерянное колено Израиля? «Еврейский Обозреватель» Александр Майстровой. Номер: 01/229 қаңтар 2012</ref> Иса Мәсіх (ғ.с.) исраилдің жоғалған тайпаларын тауып, оларға да өзінің ізгі хабарын жеткізу үшін осы сапарға аттанған. Кашмир жерінде Иса пайғамбар (ғ.с.) «Йузу» (Йусу) есімімен белгілі болған, ал «Асаф» сөзі - «(руларды) жинаушы, бақташы» деген мағынаны білдіреді.<ref>"В поисках исторического Иисуса". автор Фида Хасснайн. Гл.: Имена Иисуса</ref> Қасиетті Құран мен Киелі Інжіл бойынша, Иса Мәсіхтің (ғ.с.) пайғамбарлық міндеті тек исраил халқына арналған.<ref>Құран Кәрім:

  • "(Алла) оны (Исаны) Исраил ұрпақтарына елші қылады...". [Әле-Имран сүресі 3:49];
  • "Сол уақытта Мәриям ұлы Иса айтты: “Әй Исраил ұрпақтары! Шын мәнінде мен, сендерге Алланың Елшісімін, алдымдағы Тәуратты растаушы... [Сафф сүресі 61:6]</ref>

<ref>Киелі Інжіл:

Мир Сайед Насируддин

Һижра бойынша 871 жылы Йузу Асафтың қасына, шиғалардың 8-ші имамы Мұса-Разаның ұрпағы сопы әулие Мир Сайед Насируддин жерленген.<ref>Bothe Op.cit. "In the year 871 A.H. Syed Nasir-ud-Din, a descendent of Imam Musa—Raza was also buried besides the grave of Yuz— Asaph."</ref> Кейбір деректерде ол осы киелі кесененің бұрынғы қараушысы болған делінеді.

Кесененің қазіргі жағдайы

Бертінге дейін, кесенеге Йузу Асафтың ұрпақтары қамқор болып келді. Қазіргі уақытта кесене сүннеттік-мұсылмандардан тұратын кеңестін қамқорлығында. Таяуда қайтыс болған Сахибзада Башарат Сәлим көп жылдар бойы кесененің қараушысы болған. Оның айтуы бойынша, ол Йузу Асафтың тікелей ұрпағы болған және Йузу Асафты ол Иса Мәсіхтің өзі деп білген.<ref>James Polster: Mystery of the Martyr’s Tomb. Yahoo! News, мамыр 15, 2006</ref> 2006 жылы Би-би-си арнасы Йузу Асафтың тарихы жайында «Иса қайтыс болған ба?» деген деректі фильм шығарды.<ref>Jesus In India / Did Jesus Die - BBC - 4 Documentary</ref> 2010 жылы діни толқулардың салдарынан Кашмир штатының үкіметі кесенені жаба тұруды ұйғарған.<ref>В Индии закрыт доступ к храму, где по одной из версий похоронен Христос. gazeta.ru</ref>

Дереккөздер

<references/>