Портал:Музыка

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:150px-3 fiddlers in silhouette.svg.png  
Музыка порталы

Музыка (Үлгі:Lang-el) — белгілі биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға сазды әуенімен әсер ететін, дыбыстық көркем бейнеге негізделген өнер түрі. Өзінің эмоциялық әсері арқылы музыка адамзат тарихында қоғамдық-идеялық, мәдени-тәрбиелік және эстетикалық рөл атқарады. Музыка адам сезімін, ойын, оның ерік-күшін дыбыстық формада суреттейтін қатынас құралы ретінде қызмет етеді.

Сурет:40px-P literature.svg.png
Таңдаулы мақала

Қазақстан музыкасы — Қазақстанның музыка өнері мен музыка индустриясы.

Қазақстан халықтарының бірегей, терең шынайы дәстүрлерінің қалыптасу және дамуы арқылы ұзақ тарихи процестердің нәтижесінде жеткен музыкалық мәдениетінің бай музыкалық мұрасы. Бұл тұжырымдама қазақ халқының музыка өнерін, XVI-XXI ғасырлардағы қазақ және қазақ жерін мекендеген басқа ұлттар композиторларының шығармалары, романстары, шығармашылық еңбектерін біріктіреді.

Қазақ музыкасы ауызекі дәстүрге негізделген суырып салмалық өнермен қатар жеке өнер саласы, тіпті ілім ретінде де қалыптасып келеді. Ертедегі орхон-енисей жазбалары, орта ғасырлардағы Қорқыт, оғыз еліндегі қобыз культі туралы деректер түркі тайпаларының музыкалық мәдениетінен хабар береді. Одан бергі жерде әл-Фараби, Ибн-Сина, Әбдірахман Жәми, Дәруіш Әли, т.б. көптеген шығыс ойшылдарының музыка өнеріне қатысты теориялық еңбектері де болған. Фарабидің «Музыканың ұлы кітабы» күні бүгінге дейін ғылыми мәнін жоймаған, әлі де толық зерттеліп болмаған мұра. Мұның өзі қазақ музыкасының бірде шаманизм, бірде зороастризм, бірде ислам мәдениетінің аясында қалыптасып келгенін аңғартады. XV–XVIII ғасырлардағы жыраулық өнер тудырған эпик дәстүрдің Қазақ музыкасынан алатын орны ерекше. (толығырақ)

Сурет:35px-P treble clef.svg.png
Таңдаулы медиа

Бозторғай туралы балаларға арналған ән:
Сурет:Alouette (song).ogg

Жаңалықтар
Жаңа мақалалар
Уикиүлгілер
Санаттар

<categorytree>Музыка</categorytree> <categorytree>Музыкатану</categorytree> <categorytree>Сазгерлер</categorytree> <categorytree>Күйшілер</categorytree>

Туыстас порталдар
Сурет:35px-P Classic Music.png
Музыкалық жанрлар
35px
Таңдаулы әнші

Қарақат Башанова 2008 жылдың 11 наурызында дүниеге келген. Вокалмен бес жасынан бастап айналысады, фортепиано мен скрипкада ойнайды. 2020 жылы Junior Eurovision ән байқауына қатысты. Ол «Forever» (Мәңгілік) әнін орындап, 152 ұпай жинады және екінші орынға ие болды. Жас орындаушы өз әнін 7 жасында айырылған әкесіне арнаған.

35px
Таңдаулы топ

МузАРТ тобы 2001 жылдың сәуір айында құрамында Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Бесбаев және Мақсат Базарбаев бар трио ретінде құрылған. Топтың алғашқы орындаған әні — Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Қанат Ибраимовтың «Сенің көзің» атты шығармасы. Ансамбльдің орындайтын әндерінің көпшілігі эстрада жанрына жататын шығармалар. Сонымен қатар, репертуарында халық пен ретро әндерді табуға болады.

Сурет:35px-P Guitar.png
Музыкалық аспаптар
35px
Таңдаулы альбом

Construction Time AgainDepeche Mode тобының үшінші студиялық күйтабағы. 1983 жылы 22 тамызда шыққан бұл альбомда топ шығармашылығында елеулі өзгерістер көрініс тапты. Айталық, мұнда Мартин Гор бастаған музыканттар өз өнерінде күнделікті өмірде және өнідіріс орындарында кездесетін дыбыстарды қолдана бастады. Топ әуезінің «қатаюымен» өлеңдер мәтіні де тереңдей түсті.

35px
Таңдаулы ән

My Heart Will Go OnСелин Дион орындайтын ән, Титаник фильмінің басты музыкалық тақырыбы. Сөзін Уилл Дженнингс, музыкасын Джеймс Хорнер жазған. Бұл ән әртүрлі сыйлықтарға, оның ішінде «Оскарға» және төрт «Грэммиге» ие болды.



60px
60px
60px
60px
60px
60px
60px
60px
Үлгі:П Үлгі:П Үлгі:П Үлгі:П Үлгі:П Үлгі:П Үлгі:П Үлгі:П