МузАРТ

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Музыкалық топ МузАРТҚазақстандық вокалды-аспапты ансамбль. «МузАРТ» – көне түркі тілінен шыққан, «УЗ» – сал, сері, тағы сол сияқты ер азаматқа тән қасиеттерді, ал «АРТ» - биік, шың, тау деген мағынаны білдіреді.

Топ алғаш құрылғанда құрамында үш әнші өнер көрсетсе, қазіргі уақытта ВИА сегіз мүшеден тұрады: Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілев, Ғалымжан Артықбаев, Ерлан Құлахметов, Бексұлтан Арман, Ерік Жасақбаев. Сонымен қатар, топтың құрамында Мақсат Базарбаев және Болат Жолдасовтар өнер көрсетті. Топ құрылғалы бері топтың арт-директоры қызметін Ерлан Жүнісбай, музыкалық продюсері қызметін Бексұлтан Арман атқарып келеді.

Топтың тарихы

Сурет:Muzart ансамблі.jpg
МузАРТ ансамблі

МузАРТ тобы 2001 жылдың сәуір айында құрамында Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Бесбаев және Мақсат Базарбаев бар трио ретінде құрылған. Топтың алғашқы орындаған әні – Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Қанат Ибраимовтың «Сенің көзің» атты шығармасы. Бұл әнді олар алғаш рет Алтынбек Қоразбаевтің концертіне алып шығады. Содан бері МузАРТ елге таныла бастайды.

Шығармашылығы

«МузАРТ» вокалды-аспапты ансамблінің орындайтын әндерінің көпшілігі эстрада жанрына жататын шығармалар. Сонымен қатар, ансамбль репертуарынан халық әндері мен ретро әндерді де табуға болады. 2011 жылға дейінгі он жылдық тарихында 46 ән жазған. Олардың қатарында «Өз елім», «Шынарым», «Шашбаулым», «Қазақтай ел қайда», «Сағындым Алматымды», «Үшқоңыр», «Анаға сәлем», «Қайран көңіл» атты әндері бар.

4 альбомы жарық көрген:

  • «Сенің көзің» (2003)
  • «Әттең-ай» (2005)
  • «Есіңе ал» (2007) <ref name=Appliances/>
  • «Рахмет саған туған ел» (2014)

Жеке альбомдары

Мейрамбек Бесбаев

  • «Ән-термелер»
  • «Аяулыма»

Сәкен Майғазиев

  • «Бал әнім» (2012)

Кенжебек Жанәбілев

  • «Сағыныш, тамшылары»

Жетістіктері

«МузАРТ» тобының әншілері Сәкен Қордабайұлы Майғазиев, Мейрамбек Әбіләшімұлы Бесбаев және Кенжебек Тұрсынбайұлы Жанәбіловтер «Дарын» жастар сыйлығының иегерлері болып, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері атанды. Алтын Самұрық «Ұлттық үздік әнші жүлдесі» жобасының он үздігінің қатарына енгені үшін марапатталды.<ref name=Appliances/> 2013 жылы қыркүйекте MUZZONE телеарнасынын ЕМА премиясында МузАРТ тобы "Үздік ұжым" номинациясын жеңіп алды.

Топ мүшелері

  • Сәкен Майғазиев - 1975 жылы 1 қаңтарда Түркістан облысы, Созақ ауданында туған. 1997 жылы үйленген, әйелінің аты - Динара, ұлының аты - Әділет 1998 жылы дүниеге келген, қызы - Раяна 2014 жылы дүниеге келген, қызы - Мариам (2016).
  • Мейрамбек Бесбаев - 1976 жылы 8 қарашада Жамбыл облысы, Меркі ауданында туған. Үйленген. Жарының есімі - Мархабат, қызы - Кәусар, ұлы - Әбухайыр (2015).
  • Кенжебек Жанәбілов - 1982 жылы 14 шілдеде Түркістан облысы, Созақ ауданында туған. 2005 жылы топ құрамындағы Мақсат Базарбаевтің орнына келген. Бір ұл, екі қыздың әкесі.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер