Сезімдер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сезімдер — адамның айқын білінген заттық сипаты бар және біршама орнықтылығымен ерекшеленетін эмоциялық күйіну-сүйінулерінің айрықша түрі. Қалыптасқан нақты жағдайлардағы заттардың субъективтік маңызын бейнелейтін жағдаяттық эмоциялар мен аффектілерден өзгеше, сезімдер тұрақты мотивациялық маңызы бар құбылыстарды саралайды. Тұлғаға оның қажетсінулеріне сай келетін заттарды ашып және оларды қанағаттандыру жөніндегі қарекетке ынталандырып, сезімдер бұл қажетсінулердің болуының нақты — субъективтік нысаны болып табылады. Сезімдердің қалыптасуы — адамның тұлға болып дамуының қажетті шарты. Мінез-құлқының түрткі-себептерін, мұраттарын, нормаларын білудің бір өзі адамның оларды басшылыққа алу үшін жеткіліксіз. Орнықты сезімдер заты болғаннан кейін ғана бұл білімдер қарекетке нақты түрткі болады. Адам сезімдерінің қоғамдық шарты қоғамның дамуы барысында өзгеріп отырады. Онтогенезде сезімдер жағдаяттық эмоциялардан гөрі кейін пайда болады; олар отбасының, мектептің, өнердің және өзге қоғамдық институттардың тәрбиелік әсерінің ықпалымен индивидтік сананың дамуына орай қалыптасады. Эмоциялық тәжірибені қорыту нәтижесі ретінде пайда болып қалыптасқан сезімдер адамның эмоциялық саласының жетекші түзілімдеріне айналады да, өз кезегінде жағдаяттық эмоциялардың динамикасы мен мазмұнын анықтай бастайды. Мысалы, жақын адамына деген сүйіспеншілік сезімінен жағдайға байланысты ол үшін алаңдау, айырылып қалса қайғыру, жүздескенде қуану, сүйген адамы сенімді ақтамаса ыза болғанда дамуы мүмкін. Мұндай жағдаяттық эмоциялар қалыптасқан жағдайларға қатысты сезімнің мазмұнын нақтылайды да, белгілі бір әрекетке ынталандырып, сезімнен өрбіген қарекеттің дамуына септеседі. Кейде сезімдер мен оларға ілеспе эмоциялар олардың объектілеріне қайшылықты қатынас тудыруы мүмкін. Тұлғаның қалыптасу процесіне сезімдер иерархиялық жүйеде ұйымдасады; онда бір сезімдер жетекші орында, басқалары әлеуеттегі, жүзеге аспайтын беталыстар болып қала береді. Үстем сезімдердің мазмұны тұлғаның бағыттылығының ең маңызды сипаттамаларының бірін анықтайды. Сезімдерді топтастырудың ең көп тараған бір түрінде олардың жекелеген түрлері өздері көретін қарекет салалары бойынша сараланған. Адамның әлеуметтік болмысқа эмоциялық қатынасының бүкіл байлығы қамтылған биік сезімдер айрықша топ құрайды. Адамгершілік сезімдер саласына адамның әлеуметтік мекемелерге, мемлекетке, басқа адамдарға, өзіне-өзінің көзқарасын айқыңдайтынның бәрі жатады. Танымдық қарекет адамда танымдық немесе ақыл-ойлық сезімдерін туғызады. Олардың пәні білім алу процесінің өзі, сондай-ақ оның нәтижесі болады; ақыл-ой сезімдерінің шыңы адамның ақиқатқа деген жалпылама сүйіспеншілік сезімі болып шығады. Биік сезімдердің арасында қарекетпен байланысты: еңбекпен, оқумен, спортпен байланысты практикалық сезімдер маңызды орын алады. Пәндік мазмұнның жалпыламалық дәрежесі бойынша сезімдер нақты (мысалы, балаға, өнер туындысына қатысты сезімдер), жалпылама (жалпы алғанда балаларға, музыкаға деген сезімдер) және абстрактілі (әділеттік сезімі) болып бөлінеді.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}