Сәкен Қордабайұлы Майғазиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Музыкант Сәкен Қордабайұлы Майғазиаев (1975 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында туған) — қазақстандық әнші, МузАРТ ансамбльінің солисті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). "ДАРЫН" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.

Өмірбаяны

Сәкен алты ұл мен төрт қызды дүниеге әкелген Қордабай Майғазыұлы мен Ұлтай Мырзамбекқызы отбасында тоғызыншы болып туған. 1993 ж. Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада – цирк колледжіне түсіп, «соқпалы аспаптар және эстрада әншісі» бөлімі бойынша К. Бектаев пен Л. Кесоглудан сабақ алды. 1997ж. Т. Жүргенов атындағы «Өнер» академиясының «эстрада әншісі» бөлімі бойынша Л. Тулешовадан білім алды.

2001 ж. бастап МузАРТ тобының мүшесі болып тағайындалды.<ref>«Өнеге» журналы, сәуір, 2011</ref> 2012 ж. бері - Ж. Елебеков атындағы Эстрада және цирк колледжінде ұстаз.

Шығармашылығы

Әнші 2009 ж. Екі жұлдыз жобасында актриса Әйгерім Жаңылбаевамен бірге қатысып, бағдарламаның келесі маусымында жүргізуші қызметін атқарған. 2014 ж. Хабар арнасындағы "Жаңа күн" ақпараттық-сазды бағдарламасының жүргізушісі. Сонымен қатар «Әйгөлек» балалар байқауында жас таланттарға қолдау көрсетіп, сахнада олармен бірге дуэт дайындауға ат салысып жүрген жұлдыздардың бірі.

Жеке өмірі

Үйленген, 1 ұлы және 2 қызы бар. Жұбайының есімі – Динара, ұлы - Әділет 1998 жылы, қыздары - Райана 2013 жылы, Мәриям 2016 жылы дүниеге келген.

Марапаттары

  • 1996 ж. Тараз қаласында өткен Ш. Қалдаяқов атындағы Халықаралық фестивальдің дипломанты.
  • 1997 ж. Республикалық Жас қанат байқауының «Алтын домбыра» иегері.
  • 1998 ж. Алматы – 98 фестивалінің 1–ші орын иегері
  • 1998 ж. "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.<ref>via-muzart.kz</ref>
  • 2010 ж. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері.
  • 2010 ж. Шымкенттегі жұлдыздар аллеясындағы жеке жұлдызы.
  • 2012 ж. «Д.Қонаевқа – 100 жыл» медалі
  • 2013 ж. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
  • 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалімен марапатталды.

Дискография

  • 2012 ж. - CD "Бал әнім", Қазақстан.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер