Ораз Мақатұлы Рымжанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ораз Мақатұлы Рымжанов (10.8.1946, Алматы - 25.8.2001, сонда) - кинорежиссер, продюсер, кинооператор, коғам кайраткері. Бүкілодақтық кинематография институтын бітіргеннен кейін "Қазақфильм" студиясында режиссер; 1989 жылдан Қазақстан Кинематографияшылар одағының 1-хатшысы, 1994 жылдан "Қазақкино" мемлекеттік кинокомпаниясының төрағасы болды. Бұдан кейін Үлттық продюсерлік орталықтың басшысы қызметін атқарды. 30-дан аса деректі және 10-ға тарта көркем фильмнің режиссері. Оның Семей ядролық полигонының қасіретті зардаптарын ашып көрсететін "Полигон" фильмі кезінде үлкен табысқа кенелді. Рымжанов Қазақстанның Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1990) болды. 1996 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын иеленді. Құрмет орденімен марапатталған.

<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}