Қазақстан Кинематографияшылар Одағы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Кинематографияшылар Одағы– республика кино өнері қайраткерлерінің ерікті шығармашылық бірлестігі 1958 ұйымдастыру комитеті құрылды. 1966 жылы 1-Құрылтай съезінде Қазақстан Кинематографияшылар Одағы болып ұйымдасты. Басшы органы – съезд, атқарушы органы – басқарма. Ұйымдастыру бюросының тұңғыш төрағасы, кейін басқарма төрағасы Ш.К. Айманов (1958 – 1970) болды. Ұйымдастыру бюросы ұлттық-киноматографияның қалыптасуында, отандық және ұлттық кино өнері туындыларын насихаттауда зор рөл атқарды. Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстан кинемотограияшылар одағы КСРО кинематографияшылар одағының құрамдас бөлігі еді, оның жанында Бүкілодақтық кино өнерін насихаттау бюросы болды.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> Қазақстан Кинематографияшылар Одағы жарғысында: көркемдік сапасы жоғары, эстететикалық-тәрбиелік мәні зор, идеялық мазмұнға бай кино өнерінің туындыларын шығаруға ықпал ету, фильм өндірісін ұйымдастыруды жетілдіру, кино өнерінің маман кадрларын дайындау, олардың шығармашылық белсенділігіне жол ашу, т.б. міндеттер белгіленген.

Қазақстан кинемотографияшылар одағы жанында көркем кино, деректі кино, мульфильмдік кино, телевизиялық кино және телефильмдер, кино драматургиялық, кинорежиссерлік, кинотану және кино сыны, киноактерлер, киноәуесқойлар, операторлық шеберлік, фильмдерді аудару, кинотехниктер секциялары бар. Ардагерлер Кеңесі мен шығармашыл жастар кеңесі, осы заманғы техникалық талапқа сай салынған кино үйі жұмыс істеді.

Қазақстан кинемотографияшылар одағының тікелей ұйымдастыруымен Азия, Африка, Латын Америкасы мультипликацияшыларының бірінші халықаралық0 симпозиумы (Алматы, 1976), Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің жас деректі фильм жасаушыларының симпозиумы (Алматы, 1978), ЮНЕСКО-ның Адам және биосфера бағдарламасы аясында “Қоршаған ортаны қорғаудағы киноның рөлі” атты Бірінші және Екінші Халықаралық симпозиумдары (Алматы, 1982, 1985), “Еуразия-98” Халықаралық кинофестивалі (Алматы, 1998), т.б. өтті.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}