Ойл сервис компани ЖШС

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Ойл сервис компани» ЖШС – «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының сервистік қызмет көрсететін кәсіпорны. 2001 жылдың наурыз айында үш мекеменің – «Бұрғышы», «Шегендеу», «Ұңғымаларды күрделі жөндеу және химияландыру» мекемелерінің қосылуы негізінде құрылды. Әрқайсысының ұзақ жылдық тарихы бар бұл ұжымдар Маңғыстау түбегінің мұнай кен орындарын ашып, игеруде өз үлестерін қосты. Атап айтқанда, Жетібай, Асар, Шығыс Жетібай, Оңтүстік Жетібай, Қаражанбас, Қаламқас, Құмкөл, т.б. кен орындары осы ұжымдардың күшімен қазылып игерілді. Серіктестік Қаламқас пен Жетібай кен орындарындағы жұмыстарды «Жетібай Сервис» және «Қаламқас Сервис» екі өндірістік басқармасы арқылы атқарады. Әр басқармада ұңғымаларды күрделі жөндеу, жер асты жөндеу, бұрғылау, технологиялық көлік автотізбектері, мұнай өндіру процестерін технологиялық химияландыру цехы, орталық өндірістік қамту базасы жұмыс істейді.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ойл сервис компани ЖШС|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}