Асар газ-мұнай кен орны

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мұнай кен орны Асар газ-мұнай кен орныМаңғыстау облысы Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 55 км жердегі кен орны.

Тарихы

1969 жылы ашылған.

Кен орнынан 1973 жылдан мұнай мен газ өндіріледі.

Иеленушілері

Үлгі:Flagicon Маңғыстаумұнайгаз (Үлгі:Flagicon Mangistau Investments B.V. (51% Үлгі:FlagiconҚазмұнайгаз/49% Үлгі:FlagiconCNPC))

Геологиялық құрылымы

Асар газ-мұнай кен орны солтүстік-батыс бағытта созылған, тектоникалық бұзылыс арқылы оқшауланған асимметриялық брахиантиклинальдық иілімді алып жатыр. Көлбеу жазықтықтағы өлшемдері 7 ×2,5 км. Юра шөгінділерінде орналасқан өнімді қабаттары құмтас пен алевролиттен тұрады.

Жатыс сипаты

Орта юра жүйесінің қимасында 9 өнімді қабат бар, оларда 16 кен шоғыры анықталған. Олар жарылымдармен, сұйық және газ өткізбейтін қабаттармен оқшауланған. Коллекторлардың кеуектілігі 18 – 21%, өткізгіштігі 0,009–0,046 мкм2, тиімді қалыңдығы 2,5-36 м. Бастапқы қабат қысымы 15,99-22,9 МПа, температурасы 70-90°С, ұңғыманың тәуліктік мұнай өнімділігі 4-04 м3.

Құрамы

Мұнайдың меншікті салмағы 0,857-0,905 г/см3, шайырлылығы 12,6-23,9%, парафин 18,8-22,6%, күкірті аз. Газдың құрамындағы метан 75 – 80%, ауыр көмірсутектер 11-20%, азот 4,24-8,08%, көмірқышқыл газ 0,17%.<ref> АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер