Дулат Көпбарұлы Әлиев
Дулат Көпбарұлы Әлиев (5.01.1948 жыл, Жамбыл облысы Байзақ ауданы Ақжар ауылы) — кескіндемеші.
"Отырардың күйреуі" (1980), "Қысқы кеш" (1982), "Отандастар" (1983), "Серуендеу" (1984), "Әңгіме" (1988), "Құпия кешкі ас" (1990), "Қыз бен тоты құс" (1993), т.б. картиналары көпке танымал. Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығын алған (1989).
Өмірбаяны
И.Е. Репин атындағы Ленинград кескіндеме, мүсін, сәулет институтының станок графикасы факультетін бітірген (1977), график-станокшы.
Көркемөнер бейнелеу түрлері — кескіндеме, графика. Жұмыстары Чехия, Франция, Түркия, Италия, Германия, Лихтенштейннің жеке коллекцияларда және басқа жерлерде сақталуда, Қазақстанның жеке галереяларында көрсетілген.
Жастар, республикалық, бүкілодақтық Киевтегі (1987), Ташкенттегі (1988), Алматыдағы (1982, 1989, 1993, 1996, 1998, 2003), Гамбургтегі, Софиядағы, Париждегі жеке көрмелерге қатысқан.
1977 жылдан - Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемөнер училищесінің оқытушысы.
1991-1994 жылдары - Республикалық көркемөнер колледжінің оқытушысы.
ҚР Мемлекеттік сыйлығы жөніндегі комиссиясының мүшесі. KCPO (1979-1991), ҚР (1992 жылдан) Суретшілер одағының мүшесі.
Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың (1989), Абай атындағы кітап графикасы саласындағы сыйлықтың (1990), Қазақстан меценаттар клубыныңтәуелсіз «Тарлан» сыйлығының (2003) лауреаты.
Отбасы
Әкесі — Әлиев Көпбар Әліұлы, партия қызметкері болған. Анасы — Әлиева Шәкен Қауқақызы, үй шаруасымен айналысады. Үйленген. Жұбайы - Әлиева Талиға Талғатқызы. Ұлы — Думан; қызы — Далида.<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
- 5 қаңтарда туғандар
- 1948 жылы туғандар
- Байзақ ауданында туғандар
- Қазақстан суретшілері
- КСРО суретшілері
- Репин атындағы институт түлектері
- Алматы сәндік және қолданбалы өнер колледжі оқытушылары
- КСРО суретшілер одағы мүшелері
- Қазақстан суретшілер одағы мүшелері
- Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері
- Абай атындағы кітап графикасы саласындағы сыйлықтың иегерлері
- Тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының иегерлері
- Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегерлері