Далида Дулатқызы Әлиева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Далида Дулатқызы Әлиева 1982 жылы 15 қазанда Алматы қаласында туған. Қазақ.

Республикалық көркемсурет колледжін (2001) «Станокты кескіндеме» мамандығы бойынша; Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын (2005); Т.Қ. Жүргеноватындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының магистратурасын (2007) «Станокты кескіндеме» мамандығы бойынша бітірген.

Көскіндеменің барлық жанрында жұмыс істейді. «Аналық», «Оқу жылдары» (триптих), «Премьера» және т.б. жұмыстардың авторы.

Қазақ, орыс, ағылшын (сөздікпен) және чех (сөздікпен) тілдерін біледі.

2007 жылдың шілдесінен - еркін суретші.

«Triumf zivota» (Прага қаласы, Чех Республикасы, 2008), «Алма- Ата» арт-орталығындағы «Алматы күнтізбесі» (2009), Көркемсурөт көрмелер мен аукциондар дирекциясындағы «Шаршы» шығармашылық бірлестіктің республикалық көрмесі (2009), ҚР Президентінің қорындағы «Таланттарға ғасырлар бағынады» шығармашылық жастар фестивалі (2009), «Бейне» арт-студияның «KnHOtrip» (2009), Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайындағы «Өнер дағдарысқа қарсы. Инвентарлау» ҚР Суретшілер форумының (2009),

Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайындағы Тәуелсіздік күніне арналған III Қалалық жас суретшілердің көрме-конкурсы («Қысқы күн» жұмысы үшін «Кескіндеме» номинациясында 2-ші орын) (2009), «Алматы» арт-орталығындағы «Таяу әлем» (2010), Көркемсурет көрмелер мен аукциондар Дирекциясындағы «Жас өнер» (2010), ҚР Тұңғыш Прөзиденті қорындағы «ІІІаршы» бірлестігінің үшінші республикалық «Қазақстанның арт-арнасы.

Ертеңгі күнге болжам» (2010) көрмелерінің қатысушысы. ҚР Суретшілер одағының мүшесі (2010 жылдан).

Хоббиі - кітап оқу, шетел тілдерін үйрену, кино.

Тұрмыс құрмаған.

<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub