Болат Қабдылхамитұлы Нұрғәлиев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Болат Қабдылхамитұлы Нұрғәлиев (25 шілде 1951, Ақмола облысы) — қазақстандық дипломат, АҚШ-тағы (1996—2000), Оңтүстік Кореядағы (2000—2003), Жапониядағы елші (2003—2006) және Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы (2007—2009).
Өмірбаяны
1951 жылы 25 шілдеде Благодатное ауылы, Ерейментау ауданы, Ақмола облысында (қазіргі Олжабай батыр ауылы) дүниеге келді.
Білімі
1972 жылы Целиноград педагогикалық институтын “ағылшын тілі мұғалімі” мамандығы бойынша және 1975 жылы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Қызыл Ту институтын тәмамдады.
Мансабы
- 1972—1973 — Целиноград педагогикалық институтының оқытушысы;
- 1973—1981 — КСРО Қорғаныс министрлігінде қызмет;
- 1981—1985 — КСРО-ның Пәкістандағы Елшілігінің үшінші хатшысы, атташесі;
- 1985—1990 — КСРО Сыртқы істер министрлігінің екінші, бірінші хатшысы;
- 1990—1992 — Үндістандағы КСРО Елшілігінің бірінші хатшысы, Кеңес Одағының шет елдермен достық және мәдени байланыс қоғамдары өкілінің орынбасары;
- 1992—1994 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық қауіпсіздік және қару-жарақты бақылау басқармасының кеңесшісі, бастығы;
- 1994—1996 — Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары;
- 1996—2000 — Қазақстанның АҚШ, Канада және Мексикадағы елшісі;
- 2000—2003 — Қазақстанның Корея Республикасындағы елшісі;
- 2003—2006 — Қазақстанның Жапониядағы елшісі;
- 2007—2009 — Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы;
- 2010—2012 — ЕҚЫҰ Төрағасының жанжалдар жөніндегі арнайы өкілі:
- 2012—2014 — Қазақстанның Кипрдағы елшісі;
- 2014 — “Қазақстандық дипломаттар бірлестігі” РҚБ мүшесі.
Жеке өмірі
Үйленген, әйелі Алма Шұғайқызы Нұрғәлиева (1955 туған). Балалары қызы Алмагүл (1978 туған) мен ұлы Ерден (1988 туған) Нұрғәлиевтер.